Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге
қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған
адамдардың
ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының
мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі
біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда
бола бастаған. Бірақ саяси партиялар
бірден көпшілік, бұқаралық партия бола
калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында
келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси партия қызметтері – саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі
– қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау
жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу.
Саяси
партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды
жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру
арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне
айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді
қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына
байланысты саяси
партияларды 4 түрге бөледі:
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен
сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді
қатынасуын
талап етеді;
2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің
сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға
дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды
белгілі бір саяси жолды
ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды
мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі
функциялары:
- әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау,
пысықтау және институционализациялау;
- осы
мүдделерді қоғамның барлық
деңгейінде және билік
институттары шеңберінде білдіру, көрсету;
- мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі
байланыстарды орнату;
- басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде
қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;
- халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге
қатысуға тарту;
- партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси
элитаға рекруттеу;
- заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу.
Партия қоғамдық құрылысты, билікті ұйымдастыруды және бүкіл
мемлекет өмірін жетілдіру бойынша нақты бағдарламаны ұсынатын
саяси топ
ретінде көрінеді. Мұндай мақсаттардың негізіне әдетте идеялық ұстанымдар
түрінде көрініс табатын әлеуметтік топтардың мүдделері қойылады. Партия
идеологиясы – партия мүшелері оны шынайылыққа айналдыруға ұмтылатын
рухани қүндылықтар мен бағдарламалық ережелерді білдіреді. Әдетте
партиялар өздерінің қызмет бағыттары мен
ішкі ұйымдасуын айқындайтын
негізгі құжаттарды – бағдарлама мен жарғыны қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: