8. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық
қатынас
саласымен
байланыстылар:
бейбітшілікті
сақтау
мәселесі,
әлсіз
дамыған
мемлекеттердің
экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық
терроризммен
күрес.
Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты:
аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды
мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты:
экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және
дамографиялық.
39. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері.
Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік,
құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың
негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық
жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи
ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері:халық; мемлекет;
мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік
емес ұйымдар.
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары:
әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста
көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы;
қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің
артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың
шынайылығы арасындағы қарама –
қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп
геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты
құруы.
Халықаралық құқық пен мемлекеттердің келісімдеріне сәйкес осы жүйеде
халықаралық құқық субъектілігі (құқықтар мен міндеттер) бар субъектілер
халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Халықаралық қатынастардың ең маңызды құрамдас бөлігі мемлекетаралық
қатынастар, сәйкесінше мемлекеттер олардың субъектілері ретінде.
Халықаралық қатынастардың субъектілері –
өздерінің
практикалық
әрекеттері арқылы бүкіл адамзат тағдырына қатысты мәселелерді шешетін
әлеуметтік қауымдастықтар. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде
қарастырылады:
-ұлттық мемлекеттер
-халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес (үкіметтік емес) ұйымдар;
-трансұлттық корпорациялар;
-діни бірлестіктер;
-қоғамдық-саяси қозғалыстар.
Олардың субъектілері арасындағы халықаралық қатынастар екіжақты немесе
көпжақты негізде құрылады, жаһандық немесе аймақтық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: