Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


 Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

40. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. 
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. 
Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа 
мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың 
негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде 
сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың 
өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси 
позициясын қорғауды қамтиды. 
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің 
саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси 
құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. 
Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан 
Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің 
сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол 
дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның 
жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының 
толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісімне қосылуы, СШҚ 
– 1 Шартына, Лисобон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау 
туралы шартқа неуі оның халықаралық беделін ны – ғайтып, егемендін, 
қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ 
– пен «Дмократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО – ның 
«бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, 


 
АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы 
державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті. 
Республиканың тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте 
ЮНЕСКО – мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс 
жасап отыр. Оның айғағы – ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген 
елдерде ЮНЕСКО – ның демеуімен аталып өтуі. 
Елімізді қазір дүние жүзінің 150 мемлекеті таныды, олардын 105 – імен 
дипломатиялық қатынастар орнатылады. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, 
Алматыда 40 елшілік пен мисся, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 
өкілдігі жұмыс істейді. 
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі 
мен территориялық тұтастығын қамтамсыз ететін, мемлекетіміздің 
дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды 
жүзеге асыруға оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық 
институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен 
бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. 
Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге 
тікелей шығу мүмкіндігінің тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей 
шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жорлдарынан қашықта орналасуымыз. 
Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды 
қиындата түседі және сыртқы саясатты құрүға да әсерін тигізуде. Сондықтан 
көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара 
қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас 
жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын 
орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. 
Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті 
мен қақпасы ретінде қарағанда. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де 
тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н.Ә: Назарбаев пен Б.Н. 
Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Достық , 
ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. 
Сыртқы саясаттың экономикаға байланысы Республиканың 
сыртқы 
саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде 
республикада 200- ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге 
ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне 
өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға — 22 %, Германияға — 13,6 
% , Ұлыбританияға — 11,6 % , Шверцарияға – 11 % , Нидерландыға- 4,7 
% , Австрияға – 2,5 % , келеді. Елімізде 2000- нан астам кәсіпорындар 
тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүние жүзіне белгілі “Шеврон”, 


 
“Эльф Акитан”, “Бритши Гэз”, “Мобил”, “Токсако”, “Амоко”, “Алджип” 
мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет