195
Таңдамалы әңгімелер
су тасушы: «Неге?», – деп сұрапты. Шелек: «Өйткені
менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз тол-
тырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп,
өзіме
жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме
іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге
тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз»,–
дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те
жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен
жағындағы гүлдерін бір байқашы», – депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше
жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған,
иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі
гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты.
Сонда су тасушы: «Көрдің бе? –
деп сұрапты, – бұл
сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз
жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, –
деп сөзін
жалғастырыпты,
– Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал
сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда
оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі
гүлдерден апарып, қожайынды таңғалдыра, дастарха-
нын жайнатып келдім.
Егер сен тесік болмағаныңда
қожайынымыздың үйінде бұндай әдемілік болмас еді»,
– деп түсіндірген екен.
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің
де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алай-
да кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес.
Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажет үлгі ала
білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына
кім кепіл?!