Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t , B a h a r 2 0 1 8 / 2 2 : 2 1 5 - 2 2 3
қалыптастыра алған жоқ. Үшіншіден, Түркия, Германия және басқа Еуропа
елдерінде қазақ диаспоралық әдебиеті жоққа тән. Өйткені бұл мемлекеттерде
қазақ тілінде оқып, сауаттанғандар аз. Сондықтан бұл мемлекеттерде қазақ
тіліндегі шығармалардың жазылуы да, жазылған көркем туындыларды оқи
алатын аудитория да жоқ. Ғылыми жобаға негіз етіп Қытай, Моңғолия
қазақтарының шығармашылығын алудың басты және негізгі себептері де осыдан.
Ғылыми жоба аясында «Қазақ диаспоралық әдебиеті», «Қытайдағы қазақ
әдебиеті», «Қытайдағы қазақтардың жаңа дәуір әдебиеті», «Моңғолия қазақ
әдебиеті» сияқты әдеби зерттеулермен қатар, Ақыт Үлімжіұлы, Асқар
Татанайұлы,
Қажығұмар
Шабданұлы,
Амангелді
Жүсіпұлы,
Мұрат
Пұшатайұлы т.б. ақын-жазушылардың шығармаларына талдау жасалына
отырып, диаспоралық әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері ашылған.
Диаспора термині алғаш рет гректің «таралу», шашырай орналасу деген
сөзінің мағынасында б.з.д. VI ғасырда Палестинадан бөлініп қалған ежелгі
еврейлерге байланысты қолданылғандығы белгілі. Диаспора кең мағынада
алғанда негізгі атажұртынан бөлініп, туған этникалық ортасынан жырылып
қалған этнографиялық топ. Ресей ғалымдары диаспора мен миграция
мәртебесін де бөле қарастырып жүр. Тишков: «Диаспора – саяси ықпалдың
әсерінен қоныс аударушылар болса, миграцияда – әлеуметтік жағдай басым»,-
дейді [7.42]. Ал А.Зеленин: «Ресейден 1917 жылға дейінгі қоныс аударғандар
мигранттар болса, 1917 жылдан кейін қоныс аударғандар эмигранттар. Бұлар ХХ
ғасыр басындағы орыс диаспорасын қалыптастырды»,-деген пікір білдіреді [8.30].
Қазақ диаспорасының пайда болуына, қалыптасуына әртүрлі саяси
экономикалық жағдайлар ықпал етті. Әріге бармай-ақ ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы 1907-1911 жылдардағы «Столыпин саясаты», 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтеріліс, 1931-1932 жылғы жаппай ашаршылық, 1937 жылғы қуғын-
сүргін науқаны, Ұлы Отан соғысы шетелге кеткен қазақтың санын көбейте түсті.
Қазақ диаспорасы шетелдердің жалпы абсолюттік саны жағынан алсақ (1.5 млн.)
бұрынғы Кеңес халықтары ішінде, орыстар мен украиндардан кейінгі үшінші
орында, ал проценттік өлшемі жағынан келсек, (15%) онда тағы да армяндар мен
латыштардан кейінгі үшінші орында. Солардың көбі, дәлірек айтсақ,
жартысынан
астамы әр
түрлі
қиыншылық,
асыра
сілтеушілік
пен
бұрмалаушылықтың салдарынан кезінде атамекенін тастап кетуге мәжбүр
болған саяси босқындардың тұқымы» [9.4].
Әрине, қазақ диаспорасының қалыптасуы, қоныс аударуы туралы түрлі
пікірлер бар. Егер қазақ диаспорасының қалыптасуын қазақтардың шетелдерге
жаппай қоныс аударуы немесе шекара бөлінісімен байланыстыратын болсақ, бір
ғасырдан астам уақыт деп айтуымызға болады. Осы деректермен негіздей
отырып, диаспоралық әдебиеттің қалыптасуын да осы өлшеммен белгілеуімізге
болар еді. Ал кезеңдерге бөлер болсақ 1940-1970 жылдардағы жаңа әдебиеттің
Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы , Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і
| 22 1
қалыптасу кезеңі және 1970 жылдардан қазірге дейінгі кезең деп шартты
қарастыруымызға болады.
Диаспоралық әдебиеттің басты ерекшеліктері деп төмендегі мәселелерді
айтар едік:
Бірінші, шетелде дамыған қазақ әдебиеті мен Қазақстандағы әдебиеттің
арасында айырмашылықтардың болуы заңды. Қазақстандағы қазақ әдебиеті –
орыс әдебиетінің, орыс тілі арқылы әлем әдебиетінің озық үлгілерінің дәстүрін
бойына сіңіре отырып дамыды. Соның нәтижесінде әлемдік классикалық
әдебиеттің биік талаптарына жауап бере алатындай кәсіби әдебиет қалыптасты.
Ал диаспоралық әдебиет халық әдебиетінен нәр алды. Сондықтан да оның
бойында ұлттық сипат, бояу барынша қанық болды. Бұл қасиет әсіресе, көркем
ойлау мен әдеби тілде анық көрінді.
Екінші, ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін шетелдердегі қазақ әдебиетінде
поэзия жанры ерекше дамыды. Оның ішінде, арнау, толғау, ауыз әдебиетіне
негізделген қоштасу т.б. жанрлар алға шықты.
Шетелдердегі қазақтардың өмірі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениеті
мен әдебиетін зерттеп жүрген қазақ ғалымдары осы уақытқа дейін шетелдердегі
қандастарымызды тек диаспора ұғымы аясында қарастырып келеді. Шын
мәнінде, біздің ғылым үшін де шетелдік қазақтарды қоныс аудару тарихына,
оның себептеріне байланысты диаспора, ирридент және эмигрант деп
қарастырудың өзектілігі жоғары. Осындай жағдайда біз шетелдердегі қазақ
әдебиеті мен қазақ эмигранттарының әдебиетін бөле-жара қарастыруымызға
мүмкіндігіміз болады.
Эмиграциялық әдебиет – өзге ортада жасалған шығармашылық. Бұл әдебиет
өз Отандарынан сыртқары кеңістікте туып, қалыптасты да, олардың өздеріне тән
туу, қалыптасу, даму үрдістері орнықты. Осыған байланысты «эмиграциялық
әдебиеттің» өзіндік ерекшелігі айқындалады [10.6]. Қазақ әдебиеті Кеңестік
кезеңнен бастап орыс әдебиетімен тікелей байланыста дамыды. Осыған
байланысты әдебиеттану ғылымы да көп жағдайда орыс әдебиеттану ғылымына
негізделді. Әдеби үдеріс, жаңашылдық, әдеби әдіс-тәсілдер мен әдеби ағым-
бағыттар, әдеби сын мәселесінде де біз көбіне орыс әдебиеттану ғылым назарға
алдық. Бұл үрдіс қазірдің өзінде бар. Өйткені ғасырдан астам уақыт бойы бірге
дамып, әдеби байланыс әбден орныққан орыс әдебиеті мен ғылымынан бірден
алшақтау мүмкін емес.
Қазақ эмигранттық әдебиеті туралы айту үшін тағы да орыс әдебиеті
тарихында эмигранттық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуы, зерттелуі туралы
айтпай кете алмаймыз. Орыс әдебиетінің эмиграциялық кеңінің пайда болуы
1910 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында орыс эмиграциясының бірінші
толқыны пайда болған кезбен байланысты. Екінші кезеңі 1941-1945 жылдар мен
22 2 |
Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t , B a h a r 2 0 1 8 / 2 2 : 2 1 5 - 2 2 3
соғыстан кейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезеңі 1960-1980 жылдар арасында
пайда болды. «Әрине, орыс эмиграцияның тарихы терең – ХХ ғасырға дейін
князь Курбскийден бастап Герцен мен Бакунинге дейінгі аралықта орыс
эмиграциялық әдебиетінің көптеген өкілдері болды. Н.В.Гоголь, И.С.Тургенев,
Ф.М.Достоевскийлер шетелдерде эмиграцияда жүріп орыс әдебиетінің алтын
қазыналарын өмірге әкелді» [11.11].
Эмигранттық әдебиетке байланысты орыс ғалымдарының пікірлері де әр
түрлі. Мысалы, Г.Струве: бұл жалпы орыс әдебиеті арнасының уақытша
оқшауланған бір саласы. Кезі келгенде ол ортақ арнаға барып құяды» [12.22],
кейбір зерттеушілер орыс эмигранттық әдебиетін «орыс әдебиетінің шетелдік
кезеңі» деп те атап жүр [13.5].
Ал Т.Скрябина: «Отанынан, бастарына қандай жағдай туса да тірек болатын
жақындарынан айрылғанымен, Ресейден қуылған орыс эмигранттары
шығармашылық
еркіндік
алды.
Эмигранттық
әдебиет
атмоферасы
жазушыларды саяси басқа да есептіліктен құтқарып, көптеген шығармашылық
еркін ізденістерге жеткізді» дейді [14].
Эмиграция – әлемдік тарихта ерекше мәні бар құбылыс. Эмиграцияның бізге
мәлім үш сипаты бар: төңкерісшіл, саяси, жұмысшы эмиграция. Төңкерісшіл өз
елінде төңкеріс жасауға мүмкіндік болмаған соң, оны сыртта жүріп жүзеге
асыруды көздеп, шетелге шығып кеткендер. Саяси эмиграция бұл өз
Отанындағы мемлекет ұстанған жүйемен ымыраға келе алмағаны үшін шет
жерге қуғындалғандар. Жұмысшы эмиграциясы әр түрлі кәсіп іздеп шетелдерге
кеткендер [15.339]. егер осы анықтаманы негізге алар болсақ, туу, қалыптасу
себептері диаспораның қалыптасуымен ұқсас болғанымен, эмиграция азшылық,
жекелік сипатта көрінеді. Олар өздерінің келген елдерінде үлкен топ, қауым
болып кете алмайды.
Қазақ эмигранттарының тарихы да ХХ ғасырдың басындағы тарихи
жағдайлармен байланысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы
ақпан, қазан революциялары, 1928-1932 жылғы ашаршылықтар және 1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары. Ендеше, эмигранттық әдебиет тарихын
да осы кезеңдермен байланыстырамыз.
Эмигранттық әдебиет басқа ортада туып, жасалғандықтан оған тән ең
бірінші қасиет «сағыныш». Қазақ эмиграциялық әдебиетінде бұл поэзия
түрінде көрінді. Екінші, эмигранттық әдебиетке тән жанр ретінде естелік
жанрын айтуымызға болады. Бұған мысал Мұстафа Шоқайдың және оның
жары Мария Шоқайдың күрес жолындағы естеліктері.
Халифа Алтай мен Хасен Оралтайдың шет елге ауған қазақтардың басынан
өткізген қиын тағдыры туралы естеліктері де өзінің тарихи құндылығымен
маңызды.
Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы , Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і
| 22 3
Қорыта айтқанда, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған басты
міндеттердің бірі – қазақ эмигранттық әдебиетін зерттеу. Эмигранттық
әдебиеттің жанрлық, поэтикалық, тарихи ерекшеліктері әлі де зерттеу мен
зерделеуді қажет ететін өзекті ғылыми мәселе кендігі анық.
Достарыңызбен бөлісу: |