3.Оқиға, сынақ, айқын, кездейсоқ және мүмкін емес оқиғалар. Ықтималдықтар теориясында оқиға немесе жағдай деп орындалуы немесе
орындалмауы туралы айтуға болатын барлық құбылыстарды айтамыз.
Ықтималдықтар теориясында қандай да бір оқиғаның орындалуын немесе
орындалмауын бақылау үшін қойылған тәжірибе сынақ деп аталады.
Егер берілген жағдайда оқиға міндетті түрде орындалатын болса, онда
ондай оқиғаны айқын оқиға деп атаймыз, ал оқиға міндетті түрде
орындалмайтын болса – мүмкін емес оқиға деп атаймыз.
Егер сынақ кезінде оқиға орындалуы да, орындалмауы да мүмкін болса,
ондай оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады. Мысалы, монетаны лақтырғанда
екі жағы да түсуі мүмкін. Демек бұл кездейсоқ оқиға.
4.Сәйкес емес және тең ықтималдықты оқиғалар. А және В
оқиғаларының қосындысы А немесе В оқиғасының пайда болуынан тұратын
оқиға болып табылады. Мысалы, жәшікте қызыл, жасыл және ақ шарлар
болса, онда жәшіктен шар алғанда оның түрлі-түсті болуы (қызыл немесе
жасыл) мына оқиғалардың қосындысы: 1) қызыл шардың пайда болуы; 2)
жасыл шардың пайда болуы. А және В оқиғаларының қосындысы А+В
болады.
А және В оқиғаларының көбейтіндісі А және В оқиғаларының бірдей
орындалу оқиғасы болып табылады. Мысалы, монета екі рет лақтырылғанда
бірінші аверс жағынан одан кейін екінші реверс жағының түсуі екі оқиғаның
көбейтіндісі: 1)1-лақтырғанда аверс түсуі; 2)2-лақтырғанда – реверс. А және
В оқиғасының көбейтіндісі А·В деп белгіленеді.
оқиғаларының бірі сынақ кезінде міндетті түрде
орындалса, онда бұл оқиғалар дара мүмкін оқиғалар деп аталады. Осы
барлық дара мүмкін оқиғалардың қосындысы айқын оқиға болып табылады.
Егер
оқиғаларының бірі орындалғанда, басқалары
орындалмайтын болса, онда ондай оқиғалар сәйкес емес оқиғалар деп
аталады. Барлық сәйкес емес оқиғалардың көбейтіндісі мүмкін емес оқиға
болады.
Егер сынақ кезінде екі кездейсоқ оқиғаның бірінің көбірек орындалуын
күтуге ешқандай негіз жоқ болса, онда бұл оқиғалар тең мүмкіндікті немесе
25
тең ықтималдықты оқиғалар деп аталады. Мысалы, монетаны лақтырғанда
аверс немесе реверс жағының түсуітең ықтималды.