Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
§3 Температура шкалалары 
 
1.Термометрлік шама.Температураның нақты сан мәндерін анықтау 
үшін температуралық шкала тағайындалуы қажет. Температуралық шкалада 
әрбір температура белгілі мәнге сәйкес болуы керек, демек, температура мен 
оның сан мәні бір-біріне бірмәнді сәйкес болуы керек. Температуралық 
шкала кез келген термоскоп көмегімен тағайындалуы мүмкін. Белгілі бір 
тәртіппен градуирленген термоскоп температура өлшеуге арналған аспапқа – 
термометрге айналады. Термометрлерге қойылатын негізгі талаптар – 
сезімталдық, өлшеу дәлдігі және өлшеулердің дәл қайталануы болып 
табылады. Термометрдің температурасы өлшенетін денемен жылулық тепе-
теңдікке өту шапшаңдығы да өте маңызды қасиет болып табылады. 
Барлық термометрлердің негізгі бөлігі, температурасы өлшенетін денемен 
жанастырылатын термометрлік дене болып табылады. Температура 
индикаторы болып табылатын физикалық шама – термометрлік шама деп 
аталады. Мысалы, сұйықтық термометрлерде термометрлік дене қызметін 
резервуардағы сұйық атқарады (мысалы, сынап, спирт, т.б.), ал термометрлік 
шама ретінде сол сұйықтың көлемі қарастырылады. Кедергілік 
термометрлерде металл сымдар немесе жартылай өткізгіш термометрлік дене 
қызметін атқарса, термометрлік шама – олардың электрлік кедергісі болып 
табылады. Терможұптық термометрлерде терможұп термометрлік дене, ал 
термометрлік шама – электрқозғаушы күші (ТермоЭҚК). 
2. Температуралық шкаланы жасау. Кез келген термометрді алып оның 
термометрлік шамасын а – деп белгілейік. Қыздырғанда а шамасы 
монотонды өзгеретін болсын. Егер температураның өзгеруіне қарай а 
шамасы монотонды өзгермесе, онда а шамасы мен температура Т арасында 
өзара сәйкестік бірмәнді болмайды. Т – температурамен а-шамасының 
арасында мынандай функционалдық байланыс болуы қажет: 

Қандай да бір температуралық шкала таңдап алмай -функциясының 
түрін айқындау мүмкін емес. функциясын барынша қарапайым етіп 



таңдағанда, мысалы сызықты біртекті функция ретінде, температуралық 
шкаланың қолданылуы оңайлайды. функциясын мына түрдегі функция 
ретінде қарастырайық: 
А тұрақтысын еркін таңдауға болады. Осы тұрақтыны таңдау арқылы 
температураның бірлігін – градусты анықтаймыз. Шын мәнінде қандай да бір 
температуралық нүктеге белгілі бір температураны телу арқылы немесе екі 
температуралық нүкте арасындағы айырма температураға белгілі бір мән 
беріп А тұрақтысын есептеу арқылы анықтауға болады. Мұндай 
температуралық нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. 1954 жылға дейін 
температуралық шкала екі реперлік нүтелер арқылы жасалды. Олардың бірі – 
судың қайнауының қалыпты нүктесі ( 
қ
) болса, екіншісі – мұздың қалыпты 
балқу нүктесі ( 
б
) болған. Осы екі нүктенің айырмасы 
қ
б
100º-қа тең. 
Енді А тұрақтысын мына формула бойынша есептеуге болады: 
мұндағы а
қ
, а
б 
– сәйкес реперлік нүктелердегі термометрлік шаманың 
мәндері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет