Физика тарихы


Тарихи мазмұнды есептердің жауаптары



Pdf көрінісі
бет65/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Тарихи мазмұнды есептердің жауаптары 
 
1 есептің жауабы. 
Аристотельдің бұл қарсылығы дұрыс. Егер де үстелді айнала жүретін 
болсақ, онда төбе фонында шамның орны өзгереді. Сондықтан егер Жер Күнді 
айнала қозғалатын болса, аспандағы жұлдыздардың орны өзгереді. Олар жыл 
бойында аспан фонында шеңбер немесе эллипс сызуы керек. Аристотельдің 
заманыда жұлдыздардың мұндай қозғалысы байқалмаған; ол тек XIX ғасырда 
байқалды. 
2-есептің жауабы 
Тихо Браге мен Птолемей денелер Жермен бірге қозғалатынын есепке 
алмаған, олар денелер қозғалыссыз өз алдына ілініп тұрады, ал Жер олардың 
астында қозғалады деп ойлаған. Денелер Жермен бірге қозғала жер бетіндегі 
нүктедегі жылдамдықтай жылдамдыққа ие болады, сондықтан дене құлағанда 
дәл осы нүкетеге түседі. Ал перипатетиктермен Тихо Браге батысқа қарай 
құлайды деп ойлаған.
3-есептің жауабы 
Жоқ. Қарама-қайшылық тек бақылау мәндерінде ғана. Мұндай әлем 
жүйесінде барлық планеталар әрқашан бір бағытта ғана қозғалар еді. Сыртқы 
планеталардың ирек тәріздес және шегінген (попятные) қозғалыстары 
байқалмас еді. 
4 - есептің жауабы 
Егер шар жерге түскенде өзін лақтырған адамнан асып кетуі мүмкін. Ол 
қарам-қарсы жаққа да қозғала алады, егер оған сәйкесінше айналыс қозғалысын 
берсе. 
5 - есептің жауабы 
Егер боссыздықта денелер шексіз жылдамдықпен қозғалатын болса, онда 
ауа екі пластиналар арасындағы кеңістікті лезде толтырар еді де, төмеңгі 
пластина үстіңгі пластинаның соңынан бірден көтеріле алмас еді. 
6 - есептің жауабы 
Қазіргі заманғы күштің анықтамасында дененің абсолют күйі туралы сөз 
жоқ. Эйлердің анықтамасында күштің дене деформациясына себепкер 
болатыныны туралы да айтылмайды. 
7 - есептің жауабы 
Эйлердікі дұрыс. Денелер өзара гравитациялық өріс арқылы әсерлеседі.


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет