Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет11/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
21 
жолдарына күні бұрын сырнай, керней тартқан жүздеген, қыпшақша киінген 
сәнді-салтанатты нөкерлерін шығарып Бағдат, Мысыр, Мекке, Каир 
шаһарларының көшелерін басына көтерді. Қыпшақтың бай, манаптары өздерінің 
жас кезінде бабалары мінген пәуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеуді 
шығарды. 
Мамлюктер тіпті шариғатты былай қойып, сот ісін де Дәшті Қыпшақ 
жобасымен жүргізуге тырысты. 
Бұның бәрін істеген қара құлдардан шыққан батыр, әскер қолбасшылары. 
Осыдан кейін қара қазаққа, құлдарға ерік беруге бола ма? Жоқ, болмайды. 
Әбілқайыр тағы қабағын қарс жапты. «Қыпшақ жерінен сатылып барған құл 
Бейбарыс Құлағуды жеңді. Жоқ, қара халықпен ойнауға болмайды». Оның есіне 
енді Ақсақ Темір көреген түсті. Әбілқайырдың бойы суынып кетті. «Алтын 
Орданың түбіне жалғыз ғана орыс патшалары жетті ме? Хан Мамай жеңілген бір 
мың үш жүз сексенінші жылғы Куликов қырғынынан кейін Тоқтамыс пен Едіге 
Мәскеу түбіне қайтадан сан барған жоқ па еді? Рас, басы біріге бастаған орыс 
князьдары да ай қарап отырмаған-ды, тозуға айналған Алтын Орданы, түбі, күл-
талқанын шығаратыны ақиқат еді ғой... Күл-талқаны шыға да бастаған еді-ау. 
Жұт жеті ағайынды, айыр ағашпен сегіз. Жауынан сан опық жеген көне Дәшті 
Қыпшақтың күншығысына сонау алабұртқан заманда тағы бір қабылан көрінді. 
Бұл Маңғыт руынан таралатын Барластан шыққан Ақсақ Темір еді ғой. 
Сойқанның бір басы сонан өрбіді емес пе. Құжынаған лашкерін құмырс- 
қадай қаптатып, қанды ауыз қабылан Алтын Орданы қаппақ болды. Ол бір мың 
үш жүз тоқсан екінші жылғы, Алаша ханның әмет пен Самет деген балаларын 
жолай өлтіретін аттанысында-ақ Алтын Орданың босағасын бірден сол- 
қылдатып кеткен жоқ па еді. Ал бір мың үш жүз тоқсан бесінші жылғы 
аттанысында Бату мен Берке Еділ өзенінің сағасына салған Алтын Орданың 
астанасы ғажайып сұлу Сарай шаһарын Кавказ жағынан, Дағыстан қойнауынан 
келіп басып алды ғой. Осы шабуыл біздің бірлігіміздің де біржолата түбіне 
жеткен-ді. Орыстардан Мамай күйреді. Темірланнан Тоқтамыс жеңілді. Осы екі 
жеңілу Алтын Орданы біржолата күйретті. Жоқ-жоқ, төре тұқымдарына 
жатпайтын батыр, билердің соңында импрамы бар. Қиын-қыстақта бұл тобыр заты 
Шыңғыс тұқымынан шыққан хандарды емес, өз көсемдерін қолдап кетеді. Мұны 
да ойлау керек. Өз тобыры соңынан ермесе Ақсақ Темір бүкіл Мауреннахрды 
өзіне бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін Үндістанның 
астанасы Дели мен Түркияның кіндік қаласы Анкараны ала алар ма еді? Осының 
бәрі импрамымен құрған әскерін өзіне ерте білуінен. Жоқ-жоқ, соңында елі бар 
қолбасшы, билердің қашан да болса қолдарында күші бар. Олармен санаспас- 
қа болмады. Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек. 
Бұл таластан қазір басым ауырып, балтырым сыздап жатқан жоқ қой. Мүлт кетсең 
— дұрыс жолдан адасқаның... Мұндай істе қашан да болса күдік пен үміт қатар 
тұрады. 
Әбілқайыр шешетін тағдыр расында да қиын тағдыр еді. Қазақ даласына 
Шыңғыс ұрпағының үстемдігі жүргенменен де, айыпты жанды өлім жазасына
кесу үнемі ежелгі ел дәстүрі бойынша халықтың өз билігінде қалған. Айыпты
жанның күнәсін, әбестігін ақыл таразысына салып, жазықты мен айыптаушылар 
жағынан жиналған би, ақсақалдар мәжілісі аталы сөзге тоқтап, өзінің үкімін 
айтатын. Хан тек осы үкімді өз жендеттері арқылы іске асыратын. Бұл жолы олай 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
22 
болмай шықты. Арғын, Қыпшақ би-ақсақалдары бір келісімге келе алмады. 
Сондықтан да бұл дауды хан шешсін деп ұйғарды. Күнәкар деп табылған 
Арғынның жиені Саян батырды Қыпшақ жағы өлім жазасына бұйырды. Жас 
батырды күнәсіз деп тапқан Арғынның игі жақсылары оны ақтады. Екі жақ бірдей 
тоқтайтын би шықпады. Дау аяғы қанды сойылды жанжалға айнала жаздап әзер 
басылды. 
Расында бұл дауда хан тағына қауіп тудырардай астар бар-ды. Бату ханнан 
кейін, 1361 жылы Шыңғыс ұрпағы Болат Темір хан Еділ бұлғарларын екінші рет 
шапты. Бұлғар мемлекетін жермен жексен етті. Осы жерге он бесінші ғасырдың 
басында Әбілқайыр өлтірген Жұмадүк ханның әкесі Ұлығ Мұхамбет кеп Қазан 
қаласын салды. Өзін хан атады. Он сан Ноғайлының ең ақырғы Ұлы биі Алтын 
Ордадан мүлдем қуылып, Орда тағдыры Жошы ұрпақтарының қолына біржолата 
көшкен соң осы Қазан хандығының қол астына Орманбет бидің ұрпақтарының 
біразы келіп қосылған-ды. Және Алтын Ордаға деген қастығын тоқтатпаған-ды. 
Затымыз бір ел-жұртпыз деп кешегі үстемдігін зар еткен кей билері астыртын 
қазақ руларына кісі салып, Әбілқайырдан бөлін деп демігуде еді. Ал кей жау 
жүрек батыр ұлдары, қастарына саяқ жинап кейде хан тұқымының мыңдаған 
жылқысын барымталап әкететін. 
Осындай бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Әбілқайыр, Қазан 
ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын 
мен бақан бойлы, шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. Бұл атақты 
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған 
«жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан айрылған», Торғай мен 
Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан жеріндегі 
Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының 
бірі. 
Ол тыныш, ертелі-кеш күлкіні ермек етіп, қаннен-қаперсіз жатқан Ноғайлы 
ауылдарының күлін көкке ұшырып, бар малын алдына салып айдап, мүсінді деген 
қыз-келіншектерін олжа етіп, жақында ғана жорықтан қайтқан. 
Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған Қобыланды батырдың бұл 
жеңісін бүкіл Әбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып 
қайтқандай, үш күн тойлаған. Той тарқар алдында, әкелінген қыз-келіншекті 
олжаға бөліп беру үшін, хан осы жорықта қай батырдың қандай асыра ерлік 
көрсеткенін сұраған. 
Асат, әсет 
1
айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған ала көбеңденуге таяу 
кіші бесін әлеті. Орда толы ала таяқты ақсақалдар, ат-жарақты батыр, сұлтандар... 
Қобыланды батыр алақандай көзінің қиығымен ханға қарап, ерлік көрсеткен кеуде 
соғар батырлардың атын атап келіп, кенет сәл кідірген. Аз уақыт үн-түнсіз тына 
қалып құлағына дейін жететін білектей қара мұртының ұшын шиыршықтай түсіп: 
— Өзге батырларға олжа сұрасам, Арғынның жүз жігітін бастап барған жас 
бөрі, Қотандай абыз қарттың жиені Саян батырға өлім жазасын талап етемін, хан 
ием, — деген. 
Ордада отырған жұрт дір ете қалған. 
Саянның нағашысы ханның оң жағында отырған маймене, асқан күш иесі, әрі 
шешен, әрі әнші, екі иығына екі адам мінгендей, төртпақ келген қара сұр Қотан 
1
Асат, әсет — июнь, июль айлары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет