Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет13/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
25 
болса талай Жәнібек, Керейлердің басын домалата алам. Демек, шешім қандай 
болуға тиісті? Екі жақ менен бірдей жауап күтуде ғой». 
Әбілқайырдың іркіп отырған ойын кенет сықырлай ашылған есік үні бұзып 
кетті. Хан төмен түсіп кеткен басын көтеріп есік жаққа қарады. Жақында қайтыс 
болған Шах-Будақ сұлтаннан туған жеті жасар немересі Мұхамед-Шайбани екен. 
Атасы хан, нағашысы бүкіл Алтын ханның бас батыры Домбалық батыр 
болғандықтан, Әбілқайырдың бұл немересі өз балаларынан да анағұрлым ерке, 
тентек. Және хан да оны ерекше жақсы көретін. Бала есік алдында тұрған 
пасбандарға 
1
, үй іші толған бек, сұлтан, әмір, хакім, батырларға қарамастан үйге 
кірген бетімен өзгелерді баса-көктей алтын тақтың жанына бір-ақ жетті. Атасы 
Әбілқайырға еркелей: 
— Тарланкөк тым асау екен, бие сауымдай мезгіл шаптым. Бірақ мені түсіріп 
кете алмады, — деді мақтана, — бәрібір мен оны үйретіп аламын! 
— Кезің келгенде бұл дозақтың отына сен де күйерсің, әзірге ойнай бер. Бара ғой. 
— Қайдағы дозақ? — Бала атасына еркелей қарады. — Мен хан болғанда ол 
дозақты жұмаққа айналдырам. Көр де тұр? 
Хан күлімсіреді де қойды. Кенет оның көзі есікке таяу тұрған Керейдің он жеті 
жасар баласы Бұрындыққа түсіп кетті! Жүрегі дір ете қалды. Ананың бет 
құбылысында жеті жасар Мұхамед-Шайбаниға деген аязданған қар тәрізді бір 
алуан өшпендік ызғары байқалады. Шүңет көздері шоқтай қадалып тұр. 
Елуге таяған Әбілқайырдың тікелей хан тағына отырар мұрагері ең тұңғышы 
марқұм Шах-Будақ сұлтан болатын. Одан кейінгі кезек екінші баласы Шайх-
Хайдар мен осы Мұхамед-Шайбанидікі... Ақылды хан жау садағының оғы, өзі 
өлгеннен кейін, Шайх-Хайдар мен осы жеті жасар немересіне кезенетінін бірден 
ұқты. Хан тағына ие болудан туатын ұлы таластан әлі түсінігі жоқ жеті жасар 
немересін қорғағысы келгендей Әбілқайыр кенет Мұхамед-Шайбаниды аялай 
бауырына қысты. «Расымен-ақ біреу осы нәрестеге де қол көтерер ме екен? Кімнің 
бұл шаңырағын қиратып, түндігін тіліп еді?» — деді ол ішінен. Бірақ хан дәл бұл 
сәтте өзінің Махмед-Қожаның баласына істегенін есіне түсірмеді. Бәсе, үш жасар 
нәресте Махмед-Қожаның ұлы Әбілқайыр ханның несін бүлдіріп еді? Қай 
шырағына көлеңке болып еді! 
Бірін-бірі қасқырша талаған, тек жеңгендері ғана өмір сүретін қатал заман. 
Әбілқайырдың кенет немересін бауырына неге қысқанын бір-ақ адам ғана түсінді. 
Ол — Жәнібек сұлтан еді. «Дұрыс ойлап отырсың, хан ием, — деді ол ішінен, — 
сенің ошағыңды маздататын ақырғы тобылғың осы Мұхамед-Шайбани немерең 
болар. Жеті жасар баладай емес тым ересек, ақылды... Егер осы немерең
қыршынынан қиылса, сенің де отыңның мәңгі сөнгені». 
Демек, бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы Әбілқайыр хан өлгенде, он 
жетіде қалған Мұхамед-Шайбани мен он екі жасар інісі Махмұт-Сұлтанның ерлік 
әрекеттері арқасында Әбілқайыр ошағының көпке дейін сөнбейтінін дәл осы сәтте 
Жәнібек сұлтан білмеді. Ал қазір ол Әбілқайыр ханның жеті жасар жанғалы 
тұрған шамшырағы жайында тек көмескі қобалжу ойда ғана болды. 
Хан әп-сәтте бойын жинап алды. 
— Бар, қалқам, Тарланкөкті жіберген болсаң, басқа асауды үйрет, — деді. 
1
П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
26 
Енді шешім өзінен өзі келді. «Хан ақылы — қарамағындағы елді айқастырмай 
ұстауда ғой. Айқаса қалған күнде де, хан бұл арада төреші болуы керек! Арғын, 
Қыпшақ бірін-бірі өзі өлімге қисын. Мен тек солардың жоюшысы болайын». 
— Біздің атамыздың замандасы, Үйсін Майқы бидің кезінен келе жатқан «өлім 
жазасын шешетін халықтың өзі» деген дәстүр бар емес пе еді. Бұл дәстүрді әлемді 
билеген ұлы Шыңғысханның өзі де бұзған жоқ. Мен қалай бұзам? Арғын, Қыпшақ 
игі жақсылары мәжіліс құрып, батыр Саян тағдырын өздерің шешіңдер. 
Өздеріңнің ұйғаруларың хан үкімі болсын, — деді іші қатпар-қатпар Әбілқайыр, 
кенет асасымен жерді бір ұрып. 
Хан сөзі — бұзуға жатпайтын шешім. Жайшылықта бұйда бермес екі жақ 
бірдей басын иді. 
— Құп, хан ием, сөйлесіп көрелік. 
Міне, осы дау Арғын, Қыпшақ арасында үш күн сөз болған. Талай ділмарлар, 
сөзуарлар суырылып шықты, талай қызыл өңеш, бұлбұл тілдер сайрады, бірақ еш 
шешімге келе алмаған. Ашу, ыза, кек қуысқа ұйлыққан қар секілді оңай жібімеген. 
Бұл долы талас кейде сойыл күшімен шешілуге де таяп қалған. Бірақ екі жақтың 
күші бірдей түскендіктен, жағаны босқа жыртуды екі ру мықтылары мақұл 
таппаған. Ақырында Майқы би мен Ұлы хан Шыңғыстың тастап кеткен дәстүрін 
бұзып, бұл таласты ханның өзі шешсін деп тарасқан. Хан не айтса екі жағы бірдей 
соған көнбек болған. 
Ал бұл дауға шешім таба алмай, Әбілқайыр іштей алай-түлей. Арғын мен 
Қыпшақтың қазіргі таласы, ұйқы-тұйқы жұлысып жатқан арлан төбеттердің 
айқасына ұқсайды. Дәл қазір бұларды айыру екіталай. Не болса да қолындағы 
темір сүңгіні біреуіне жіберуі керек. Алысып-жұлысып жатқан қос арланның 
қайсысын қалайды? Арғынға деп сілтегенің Қыпшаққа тиіп жүрсе қайтесің? 
Қыпшаққа тиюі өзіне тиюімен бірдей. Хан саясаты кейде жазғытұрымғы желдей. 
Беталысы ел райына, хан Ордасының арманына қарай өзгеріп тұрады. Ал бүгінгі 
таңда Қыпшақ пен Әбілқайыр ханның алар демі бір төбеден соғып тұр. 
Кенет хан бұл дауды екі ру арасындағы саясатпен емес, әділетіне қарай 
шешпек болды. «әділетті шешсең — импрам риза болады. Ал импрам ризалығы — 
дәл бүгін Қобыланды мен Ақжол бидің мүддесінен жоғары». Бұны отыз жыл 
хандық құрған тіршілігінде Әбілқайыр хан соңғы кезде жақсы ұға бастаған. 
Ол ең алдымен оқиғаның қалай болғанын тұтқын жігіттің өзінен сұрауды жөн 
көрді. Тақ жанында тұрған күміс қоңырауды алып ақырын қақты. Таза күмістен 
сыңғырлай шыққан сұлу үн құлағына еркелей жетіп, қобалжыған көңілін сәл 
орнықтырғандай болды. Үйге ашаң жүзінде қан жоқ, сөл жоқ, ұзын бойлы арықтау 
келген дәйекші Оспан-Қожа кірді. Ол ләм-мим демей екі қолын кеудесіне ұстап, 
басын төмен түсіріп, әмір күтіп, қозғалмай тұра қалды. 
— Тұтқын жігітті алып келсін. 
— Қай тұтқын жігітті, хан ием? 
«Бәсе, қай тұтқын жігітті? — Әбілқайыр мырс етіп күлді — Чинга Тұра 
1
қаласынан алғашқы хан тағына мінген күннен бастап, сонау Батудың әскерінің бас 
қосқан жері — Кеңгірдегі Орда Базарды өзінің астанасы етіп, артынан Бұқар, 
Самарқант, Сығанақтарды алып, оларға өзінің ұрпақтарын не әйелдерінің 
жақындарын хакім ғып отырғызғанша қаншама адамды тұтқын етпеді? Нелер 
1
Ч и н г а Т ұ р а — қазіргі Тюмень қаласы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет