Elevjan SERIMOV
“Мукаддимат” тілін ХУ ғасырдың туындысы, қыпшақ тілі негізінде жа-
зылған, авторы белгісіз “Китаб аттуһфа-уз закийа фил-луғат-ит түркийа” (“Түркі
тілі туралы жазылған ерекше сыйлық”) жазба еакерткішімен де салыстыра-
салғастыра қараған жөн. Өйткені бұл ескерткіштің лексикасын зерттеген ғалым
Т.Арыновтың көрсетуі бойынша: “Аттуһфаның” лексикалық тұлғасы басқа ешбір
тілге дәл қазақ тіліндей өзгеріссіз сақталмаған”
35, 165-169
.
Ғалымның бұл
шығарманы көне қазақ тілінде жазылған ескерткіш деп қарауға негіз бар деуі
сондықтан. Яғни бұл туынды, шындығында, қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілін
тікелей байланыстырып жатқан көпір іспетті аралық еңбек. Енді “
Мукаддиматтағы” қыпшақ, қазақ тіліне жақындатарлық айғақтар келтірейік:
“Аттуһфа” беті “Мукаддимат” беті қазіргі қазақшасы
айа 30 б ауч 97 б алақан
айгыр 13 а айғыр 97 а айғыр
айран 31 б айран 364 а
айран
акша 52 б йармақ 126 а ақша, бақыр
ару 36 б аруғ 355 а арық
балапан 22 а джөзе 210 а балапан, шөже
барақ 30 б ит 136 а ит
барша 81 б барча 98 б барша
бауур 30 б бағыр 152 б бауыр
бөрі 16 а бөрі 134 а бөрі
борік 23 а пөрүк 233 б бөрік
жомарт 30 б жаванмардлық 203 б жуанмәрттік
йалбарды 9 б йалбарды 100 а жалбарынды
йанбасты 13 б йанбашы 330 б
жамбасы
йапырақ 14 б йапрақ 125 б жапырақ
йырық 48 б йыруқ 321 а жырық
киік 38 б кейік, киік 172 а, 363 а киік
кауун 7 б қавун 207 б қауын
қоншы 11 б қошны 301 а қоңсы, көрші
мамық 29 а мамуқ 218 б мамық
ійне 4 б ігне 205 а ине
Қорыта келгенде айтпағымыз – “Мукаддимат”
пен қазіргі қазақ тілінің
сонау алыстан барып қосылса да өзара тарихи байланысын ашып көрсету
мақсатында әр кезеңдегі жазылып қалынған тілдік материалдарды бір-бірімен
нақты салыстырып, оның туыстас тілдерден қаншалықты жақын,
алысын
анықтауға мүмкіндік алдық. Осы салыстырулар негізінде байқағанымыз,
ескерткіш тілінің сол тұста жазылған ескерткіштермен салыстырғанда
қыпшақтық ерекшелігі барлығы, көп дені тілдік қорымызда кездесетін сөздер
екендігі. Сондай-ақ өзінен бұрын жазылған Махмуд Қашқаридің “Диуани луғат
ит-түрк”, өзінен кейін жазылған “Аттуһфа”, “Кодекс куманикуспен” шендестіре
қарап шықтық, ондағы сөздер “Мукаддиматпен қабысып жатқанын көрдік.