Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет27/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
біріктіріп , негізін түзетін , ретикулинді дәнекер тіні болып табылады . Ретикулинді дәнекер тіні 
гемопоэтикалық жасушалармен лимфоциттерге арнайы микроқоршаулар түзіп , бұл мүшелердің 
стромасын да құрайды . Қан жасушалары түзілетін мүшелердің құрамындағы иммунды қорғаныс 
қызметін атқаратын жасушалар фагоцитоздық әдіспен , қан мен лимфаны бөгде заттардан және 
тіршілігін жойған қан жасушаларының өзінен де тазалап отырады .
СҮЙЕКТІҢ ҚЫЗЫЛ КЕМІГІ: Қан жасушаларын түзетін орталық мүше сүйектің кемігі . Қанның 
өзінің орнын өзі толтырып отыратын бағаналы жасушалары мен миелоидты , лимфоидты 
жасушалар тобы осы сүйек қызыл кемігінде қоныстанған.
Дамуы . Адам ұрығының 2 - айында бұғана , ал 3 - айында жалпақ жауырын , жамбас , қабырға , 
төс сүйектерінің кемігі , 4 - айлық нәрестеде түтікше сүйектерінің кемігі дами бастайды . Ұрықтың 
11 - аптасында остеобласттық сүйек кемігі пайда болып , остеогенді қызмет атқарады . Бұл кезенде 
пайда болған сүйек кемігінде алғашқы қанның бағаналы жасушалар жиынтығы пайда болады . 
Ұрықтың 12-14 аптасында алғашқы қан тамырларының айналасында гемопоэтикалық , ал 20-28 
алтасындағы адам ұрығының түтікше сүйектерінің қуысында остеокластар пайда болып , сүйек 
перделерін резорбциялау нәтижесінде сүйек кемігінің эпифизге қарай өсуі де байқалады . Осыдан 
бастап сүйек кемігі қан жасушалары түзілетін мүше болып саналады . Сүйек кемігінде ең алдымен 
эритроидты топты түзетін аралықтар біліне бастайды . Адам ұрығының 36 - аптасында түтікше 
сүйектердің диафизіндегі кемігінде май жасушалары мен қан жасушаларының даму ошақтары 
пайда болады . Ересек адамдардың сүйектерінің құрамынан қызыл және сары миын ажыратады . 
Сүйектің кызыл кемігі ( тedulla osseum rubra ) бұл – сүйек миының қан жасайтын бөлігі . Ересек 
адамның сүйектерінің құрамында бұл жалпы дене салмағының 5 % құрайды . Сүйек кемігі қызыл 
түсті , қоймалжың , шынышаға оңай жағылып , жағынды жасалатын құрылым . Сүйек кемігінің 
құрамында қанның бағаналы жасушалары , гемопоэтикалық эритроидты , гранулоциттер мен 
мегакариоциттер қатарлы және В- , Т - лимфоциттердің ізашарлары орналасады . Осыларға 
микроқоршау болып табылатын – сүйек кемігінің негізін түзетін ретикулинді дәнекер тіні . Соңғы 
кезде бұл микроқоршау құрамына остеогенді жасушалармен қоса май ( адипоциттерді ) , 
адвентициальді , эндотелий жасушалары мен макрофагтарды да жатқызуға болады .
Ретикулярлы жасушалары-механикалық , секреторлы қызмет атқаратын өсінділері бар , негізгі 
затты синтездейтін ( преколлаген , глюкозаминогликандарды , белоктарды ) , қан жасушаларына 
негізгі қоршау бола отырып , гемопоэтикалық жасушаларына өсу факторын бөледі . 
Остеогендік жасушалары – остеобласттар сүйек тінінде тіректік қызмет атқарып , сүйек 
эндостiнiң ( қабының ) негізін түзеді . Бұл жасушалар да өсу факторларын бөледі . Қан 
жасушаларының ең кеп кобейетін жері осы эндост Эндост маңында қанның бағаналы 
жасушаларының мөлшері сүйек куысының ортаңғы бөлігіне қарағанда 3 - есе көбірек болып 
келеді .
Адипоциттер - сүйек кемігінің құрамында үнемі болып тұратын жасушалар . Адвентициальді 
жасушалардың 50 %, көбінесе синусоидты капиллярлардың сыртын қоршайды . Гемопоэтиндердің 
әсерінен , бұлар жиырылып қан жасушаларының қан ағымына өтуіне жағдай туғызады ( 
миграциясына ) .
Эндотелиоцит (тамырдың ішкі қуысын жабады) жасушасы - IV типті коллагенді, гемопоэтикалық 
факторларды синтездейді. Антигенді қасиеті бар фибронектин ақуызын бөледі, субстратқа және 
жасушалардың бір-біріне жабысуын қамтамасыз ететін; 
Макрофагтар - интерлейкин, простогландин, интерферонды бөледі, өсінділері арқылы синус 
қабырғасына өтіп, қаннан темір қосылысты ұстап қалып (гемоглобиннің геминді бөлік құрамына 
кіреді) жетіліп жатқан эритроциттерге береді. Бұзылған, толық жетілмеген жасушалар мен жасуша 
қалдықтарын қалдықтарын фагоцитоздайды. 
Гемопоэтикалық компонент: гемопоэз жасушалары: бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары 
(морфологиялық тұрғыдан ажыратылмайтын), әр түрлі даму сатысындағы бласттар, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет