Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
ағымына бірден өтіп отырады . Сонымен , қан түзу процесіндегі тимустың алатын орны ерекше . 
Тимус Т - лимфоциттерді түзуге , тимозин гормонын бөлуге және лимфоциттердің селекциясына 
да қатысады . Маманданған Т - лимфоциттер тимустан шеткі мүшелерге өтеді де ( лимфа түйініне 
, көкбауырға ) , мұнда пісіп жетіліп , антиген реактивті киллерге , хелперге және супрессорларға 
айналады . Көптеген лимфоциттер маманданған соң қан ағымына өтіп , арнайы циторецепторлары 
бар деңгейге де жетеді . Ал маманданбаған лимфоциттер ( рецепторсыз жасушалар ) немесе т 
лимфоциттері тимустың өзінде тіршілігін жояды . Тимус кыртысындағы жасушалары мен қан 
тамырлар арасында гемато тимустық ( барьер ) сүзгі бар . Бұл сүзгi кыртысты заттағы 
лимфоциттерді антигеннен сактайды . Гемато - тимустық сүзгі құрамына гемокапиллярдың 
эндотелиі мен базальді мембранасы , перикалиллярлы кеңістіктегі лимфоциттер мен 
макрофагтары және эпителиоретикулярлы жасушалар , бұлар бекінген базальді мембрана жатады . 
Бұл сүзгінің өткізгіштік қасиеті ерекше , егер сүзгіден антиген өтіп кетсе , онда оның 
концентрациясы төмендегені ( қалыпты жағдайда өткізбейді ) .
Боз заты - гистологиялық препаратта ақшыл түсті , себебі қыртысты затымен салыстырғанда , 
мұнда лимфоциттері аз болады . Бұл лимфоциттер - Т - лимфоциттердің рециркуляциялаучы пулі ( 
көптеген жасушалардың жиынтығы ) . Бұлар – венулалары мен лимфа тамырлары арқылы қан 
ағымына өтіп және одан қайта шыға алатын жасушалар . Тимустың боз затында митоздың 
жолымен бөлінетін жасушалар саны кыртысты затқа қарағанда 15 - есе аз болады . 
Тимустың негізін құрайтын өсіндісі эпителиоциттердің ультрамикроскопиялық құрылыс 
ерекшелігіне -цитоплазмада көптеген вакуолдар мен сыртқы бетінде микробүрлері бар , 
жасушалық торлары ( эндоплазмалы торлар ) жатады . Боз заттың орта бөлігінде қабатталған 
эпителиальді денешіктер орналасады . Бұларды Гассаль денешіктері дейді . Қыртысты заттағы қан 
капиллярлары базальді мембрана мен капиллярдың сыртқы кеңістігіндегі ( перикапиллярлардағы ) 
эпителиальдық жасушалармен қоршалған . Тіндік сүйықтықпен толы бұл кеңістікте лимфоциттер 
мен макрофагтар кездеседі . Қыртысты затындағы қан капиллярлары біртіндеп венулаларға 
айналады . Тимуста лимфа жүйесі де жақсы дамыған . Лимфа капиллярлары қан тамырлардың 
бойымен өтіп бөлік аралық тамырларға айналады .
ТИМУСТЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІГІ Тимустың дамуы адамның ерте балалық 
шағында ең жоғарғы деңгейге жетеді де 3 жастан 20 жасқа дейін бездің салмағының қалыптасуы 
жүреді . Бұдан кейінірек тимус безінің инволюциясы лимфоциттердің , әсіресе , бездің кыртысты 
затында азаюына , май тінінің дамуына және без жасушаларының құрамында липидті 
қосындылардың пайда болуымен ерекшеленеді . Кейде тимустың жасқа байланысты инволюциясы 
байқалмайды . Бұл әдетте бүйрек үсті безінің қыртысты затындағы гормон глюкокортикоидтардың 
жетіспеушілігімен қоса жүреді . Мұндай адамдар жұқпалы ауруларға өте бейім келеді. Әсіресе 
бұларда қатерлі ісік аурулары шығуы мүмкін . Уақытша , әрі жылдам немесе акцидентальді 
инволюция мүшелерге әр түрлі аса күшті тітіркендіргіштердің әсер етуіне байланысты туады . 
Стресс реакциялары кезінде Т - лимфоциттердің қанға өтуі мен бездің қыртысты затында 
лимфоциттердің жаппай өлуі байқалады . Осыдан бездің қыртысты және милы аймақтарының 
шекарасы байқалмай да кетеді . Лимфоциттердің тіршілігін жоюдың себебінің бірі , бәлкім Т 
лимфоциттерінің селекциясының көрінісі болар . Ағзада бүйрек үсті безінің қыртысындағы 
гормондарының мөлшері көбейсе , концентрлі қабатталған эпителиальды - ретикулоциттерден 
құралған Гассаль денешігі цитоплазмасында ірі вакуольдары мен кератин , фибрилляры 
құрылымдары болады . Мұндай қабатталған денешіктердің саны көбейіп , олардың көлемі 
адамның жасына байланысты ұлғаяды . Тимустың бөліктерінде макрофагтар да жеткілікті . 
Васкуляризациясы . Тимусқа келген артерия біртіндеп бөлік аралық және бөпiкiшiлiк 
артериолаларға ( капиллярларға ) тармақталады . Артериялардың соңғы бөліктері гемато - 
тимустық сүзгілермен қоршалады да , капиллярларға айналады . Бұлар біртіндеп барып капсула 
асты веналарға ұласып , тимус бөліктерінен шығады . Біртіндеп , бөлік аралық , одан жалпы 
тимустан шығатын венаға айналады . Тимустың қызметтеріне қанға биологиялық белсенді заттар 
бөлу мен , қандағы қанттың мөлшерін төмендететін инсулин тәрізді , қандағы кальций 
концентрациясын төмендететін кальцитонин тәрізді факторлар мен өсу гормондарын бөлу жатады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет