Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет23/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
бүйрек денешегінің капиллярлар шумағында, ішек бүрлерінде, қоңыр май тінінде 
кездеседі.Капиллярлардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: 
1. Ішкі қабаты-эндотелий. 
2. Ортаңғы қабаты – базальды мембрана мен оның екіге ажыраған жерінде 
орналасқан перициттерден тұрады. 
3. Сыртқы қабат - адвентициальды жасушалардан және аморфты затта орналасқан жіңішке 
коллаген талшықтарынан құралады.
Венулалардың үш түрін ажыратады :посткапиллярлық, жинақтаушы және бұлшық етті. 
Посткапиллярлық венулалар құрылысы бойынша капиллярлардың веноздық бөлігіне ұқсас, бірақ 
қабырғасында капиллярларға қарағанда перициттер көбірек болады. Жинақтаушы венулаларда 
жекелеген жазық бұлшық ет жасушалары пайда болады және сыртқы қабықшасы жақсы дамыған. 
Бұлшық етті ортаңғы қабықшасында жазық бұлшық ет жасушалары бір-екі қабат болып 
орналасады және сыртқы қабықшасы жақсы дамыған.
Артериолалар ең ұсақ бұлшық етті артериялар. Олар бір жағынан артериялармен байланысса, 
екінші жағы біртіндеп капиллярларға жалғасады. Артериолалардың қабырғасы да үш қабықшадан 
тұрады, бірақ артерияларға қарағанда жұқа болып келеді. Ішкі қабықшасы базальды мембранада 
орналасқан эндотелиоциттерден және жұқа эндотелий асты қабаты мен ішкі эластикалық 
мембранадан тұрады. Ортаңғы қабықша айналмалы бағытта орналасқан жазық бұлшық ет 
жасушаларының екі қабатынан тұрады. Прекапиллярлық артериолаларда жазық бұлшық ет 
жасушалары жеке-жеке орналасады. Артериолаларда эндотелийдің базальды мембранасы мен ішкі 
эластикалық мембранада үзілген аймақтары байқалады. Ол арқылы эндотелиоциттер мен жазық 
бұлшық ет жасушалары өз ара тығыз байланысады. Мұндай байланыстар ақпараттың тікелей 
эндотелиоциттерден жазық бұлшық ет жасушаларына өтуіне ықпалын тигізеді. Мысалы, бүйрек 
үсті безі қанға адреналин бөліп шығарғанда, эндотелий жазық бұлшық ет жасушаларының 
жиырылуына әсер ететін фактор бөледі. Бұлшық ет жасушаларының арасында аз мөлшерде 
эластикалық талшықтар орналасады. Сыртқы эластикалық мембрана болмайды. Сыртқы қабықша 
борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. 
21. Гемокапиллярлар. Құрылысы. Капиллярлардың жіктелуі, құрылысы. Капиллярлардың ағзалық 
ерекшеліктері.
Капиллярлар
диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. 
Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. 
Ең жіңішке диаметрі 4,5 - ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде , өкпеде , ал одан 
кейірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады .
Қан жасайтын мүшелерде , ішкі секреция бездерінде , бауырда диаметрі 20-30 мкм болатын 
капиллярлар кездеседі. Мұндай капиллярлар синусоидты деп аталады . Көптеген жағдайларда 
капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б) және шумақтар да түзеді 
(бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі . Жалпы капиллярлардың 
қабырғасында өте жұқа үш қабаты бар . Ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелий , 
ортаңғы қабаты перициттер ( бұл да базальді мембранаға енгізілген ) , ал сыртқы қабаты аморфты 
затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады .
Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты , бірнеше топқа бөлінеді:
1. 
феестрлi түрі
– ( бүйректегі капиллярларының шумақтары , эндокринді бездерде ) эндотелийдің 
цитоплазмасында жұқарған жерлері болса ,
2. 
синусоидты капиллярлар немесе саңылаулы капиллярлар 
, бұлардың қабырғасында тесік , 
саңылаулары болады (бауырда , көкбауырда).
3. Ең көп кездесетін 
соматикалық капиллярлар
. Бұлардың қабырғасы тұтас эндотелийден базальді 
мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады.
Капиллярлардың эндотелиі, базальді мембранасы күрделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 
30-35 нм . Капиллярлардың қуысы әр түрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларда 
өзгеруі - капиллярлардағы қанның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың катиллярға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет