Нуржігіт Алтынбеков тироциттердің көлемі ұлғаяды , цитоплазмалық торлары көбейіп , өте ірі түйіршіктері пайда
болады
Ацидофильді эндокриноциттер , базофильділерге қарағанда көлемі кішілеу , гипофиздің алдыңғы
бөлігі аденоциттерінің 30-35 % құрайды . Цитоплазмасында қышқыл бояулармен боялатын тығыз
белокты түйіршіктері болады . Ацидофильді эндокриноциттер екіге бөлінеді :
Соматотропты эндокриноцитeр бөлетін гормоны соматотропин , сүйек тінінің өсуін реттейді .
Соматотропоциттердің түйіршіктерінің d = 350 -450 нм , бұл өсу процессіне қатысты гормон
болып саналады . Екіншісі манмотропты эндокриноциттер . не пролактиноциттер бөлетін гормоны
пролактин , бұл сүт безінің секрециясының биосинтезін тездетеді . Бала туылганнан кейінгі
мерзімде анасында сүт безі тез дами бастайды да , сүттің бөлінуін реттейді .
Хромофильді эндокриноциттердің тағы бір түріне кортикотропты эндокриноциттер жатады . Олар
типофиздің алдыңғы бөлігінің ортасында орналасқан белокты гормон синтездейтін
аденокортикотропты ( АКТГ ) эндокриноциттер .
Хромофобты - эндокриноциттері гипофиздің алдыңғы бөлігінің аденоциттерінің 60 % құрайтын ,
қызметі әр түрлі кезеңде болатын , түйіршіктері білінбейтін эндокриноциттер . Бұлардың
арасында жұлдыз тәрізді ұсақ түрлері де кездеседі . Кейде олар топталып дөңгелек фолликула
пішіндес денелер де құрайды .
Орта бөлігі – аденогипофизге жанаса орналасқан эпителиоциттерден тұратын , жіңішке тізбек .
Бездің бұл бөлігінде меланотропин мен липотропин гормондарын синтездейтін эндокриноциттері
бар . Ағзада бұл гормондар майдын және пигменттің алмасуына қатысады .
Аденогипофиздің туберальді - безді мимен , оны гипоталамус аймағы – мен жалғастырады ,
құрамында эпителий жасушаларының тізбегі бар бөлігі .
Аденогипофизбен гипоталамус аралығындағы қан тамырлардың гормондар түзудегі маңызы .
Гипофизге қанды әкелетін артериясы гипоталамустай шығып тарамдалынып , қақпадағы
біріншілік қатиллярлар шумағын құрайды , олар гипоталамустың нейросекреторлық
жасушаларының аксондарын қоршайды да , одан әрі қарай қақпа веналарына айналады , содан соң
қақпадағы синусоидты екіншілік капиллярлар шумағына айналып барып , аденоциттерді
қоршайды . Бұдан безден қанды алып шығатын венаға айналады , одан жылжыған қан мен
гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары қанға шығып ( бөлініn ) , гипофизді шеткі ішкі
секреция бездерімен байланыстырады .
Гипофиздің соңғы бөлігі немесе нейрогипофиз көбінесе эпендимоциттер деп аталатын
жасушалардан қалыптасқан өсінділі питуициттер . Бұлардың жіңішке өсінділері қай
капиллярларының базальді мембраналарында аяқталады . Гипофиздің бұл бөлігі гипоталамустав
бөлінген вазопрессин мен окситоцин гормондарын алады . Осыған байланысты гипоталамустан
келген нейросекреторлық нейрондардың аксондарының ұшындағы Херринг денешіктері қан
капиллярымен түйісіп , аксо - вазальді синапс түзеді . Бұл денешіктердің құрамында аталған
гормондары бар “ жинағышi денешіктер ” деп аталатын жуандалған бөліктері болады .
Питуициттер гормон бөлмейді , тек дайын гормондарды Гипоталамустан алып , шеткі бездермен
байланысады .
34. Эпифиз. Даму көздері, құрылысы, жасушалыққұрамы.
Эпифиз ( epiphisis cerebri ) немесе томпақ дене ( corpus pineale ) деп аталатын без . Бұл без
ағзадағы циклді немесе кезектесіп ( ритмикалық ) келіп отыратын құбылыстарды реттеп тұратын
орталық эндокринді мүше ( без ) . Мұндай құбылыстарға жататын овариальді - менструальді цикл ,
күн мен түннің ауысуындағы ( жарық пен қараңғы ) циркадты кезендегі гормондардың түзілуі мен
бөліну эпифиздің қызметіне тәуелді . Эпифиз адам ұрығының 5-6 аптасында аралық мидағы ІІІ -
қарыншаның жоғарғы бөлігінен пайда болған ( эпендимадан дамыған ) ,