Нуржігіт Алтынбеков б ) Түйіршікті эндоплазмалы торда полипептидтер синтезі , ат Гольджи комплексінде
ферменттердің көмегімен тиропероксидаза синтезі өтеді де , коллонд пайда болады .
Гормон бөлу – немесе тироглобулиниiң резорбциясы арқылы пиноцитоз жолымен (
лизосомалардың қатысуымен , оның ішінде протеаза ) тироксин мен трийодтиронин ( бір , екі үш
атомды йодты тиронин ) гормондары пайда болып , базальді мембрана арқылы сорылып қан мен
лимфа капиллярларына бөлінеді . Тиронин гормоны қалқанша безінің қызметін реттеп ,
тироциттердің бүрлері арқылы тироглобулиннің сорылуын күшейтіп , цитоплазмадағы активті
гормондардың бөлінуіне де қатысады .
Тироциттер йодтың нонын қаннан сорады да атомарлы йодқа айналдырып , йод - тирозин,
йодтиронин гормондарын қанға бөледі . Бұл гормондар ағзада йодтың алмасуына қатысады .
Бездін кальцитониноциттері тироциттерге қарағанда ірілеу , дөңгелек пішінді болып келеді .
ерекшелігі : бұлар қаннан йодты сормай - ақ , нейроаминдер бөлу арқылы ( норадреналин мен
серотонин ) белокты гормондарды синтездейді . Бұл гормондарға кальцитонин мен соматостатин
жатады . Бездегі кальцитониноциттер топтасып фолликулдар арасында орналасады . Бұларды K -
жасушалары деп те атайды.
Васкуляризациясы . Қалқанша бездің паренхимасы қан тамырларымен өте тығыз қамтылған .
Осыған байланысты без қызметінің белсенділігін білуге болады .
Иннервациясы . Безге көптеген симпатикалық және парасимпатикалық нерв өрімдері келіп ,
қызметін ( гормон бөлу деңгейін ) реттейді . Парасимпатикалық нерв талшықтары тиропиттердің
гормональді қызметін тежейді , ал симпатикалық үдетеді .
Тироциттердің регенерациялық қабілеті өте жоғары . Интрафолли кулярлы және
экстрафолликулярлы регенерациялық жолымен жаңа фолликулдары пайда болады .
36. Қалқансерік бездер. Құрылысы және жасушалық құрамы. Минералды заттардың алмасуын
реттеудегі маңызы.
Қалқансерік бездің артқы бетінде орналасқан және одан капсуламен бөлінген. Функционалды
маңызы кальций метаболизміне қатысып, қанға паратирин гормонын бөлу.
1. Паратирин - гормоны тирокальцитониннің антогонисі ( қарсыласы ) , қандагы кальцийдің
деңгейін кебейтеді . Бұл екі жолмен жүзеге асады ?
• Остеокласттардың белсенділігін күшейтіп , сүйектің минералды компонентін бұзады , осыдан
кальций қанға өтеді.
• Ішекте Д витамин түзілу белсенділігін арттырады , ал бұл болса кальцийдің канға сорылуына
септестігін тигізеді .
2. Биогенді аминдерді синтездейді .
3. Кальцитонинді өндіреді .
Дамуы – ұрықтың III-IV жұп жұтқыншақ пен ішек қалташығының эпителийінен дамиды.
Құрылысы: Қалқанша маңы бездері паренхиматозды мүше . Эндокриноциттері немесе
паратироциттері : басты ( базофильді ) және оксифильді болып бөлінеді . сыртынан дәнекертіндік
капсуламен қапталған.
Негізгі паратироциттер – ең көп, цитоплазмасы базафильді боялған, рибосомалары көп. Ашық
(құрамында гликоген қосындылары бар) және күңгірт түрлері болады.
Оксифильді паратироциттер – (ескірген паратироциттер) көлемі ірі, саны аздау, цитоплазмасыда
оксифильді түйіршіктері және митохондриялары бар.