Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет55/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
Паренхимасы ацинустардан, шығару түтіктерден, Лангерганс аралшықтарынан түзілген. Әрі бір 
бөлшегі экзокринді және эндокринді бөлімдерінен тұрады. Олардың өзарақатынасы 97:3.
Ұйқыбездің экзокринді бөлігі бөлікшелерде ұйқыбез ацинустары, ендірме, бөлікшеішілік, 
бөлікшеаралық, сондай-ақ жалпы ұйқыбез өзегімен ұсынылған. Экзокринді бөлімінің құрылым-
қызметтілік бірлігіне ацинус жатады. Ол 8-12 экзокринді панкреатоциттерден және 
центроацинозды жасушалардан тұрады. Панкретоциттердің пішіні конусқа ұқсаған, оның төбесі 
тарылған, ал негізі жалпақ болып келеді. Негізі базалды мембрананың үстінде орналасады. 
Базалды бөлігінің плазмолеммасы қатпарларды түзеді, ал апикалды бөлігінде микробүрілер 
болады. Экзокринді пакреатоциттің құрылысы полярлы болып келеді: жасушаның кенейген 
базалды бөлігі негізгі бояғыштармен боялады және гомогенді деп аталады, жасушаның апикалды 
бөлігі қышқыл бояғыштармен боялады және зимогенді аймақ деп аталады.
Панкретоциттердің гомогенді аймағында ұйқыбез сөлінің ферменттерін өндіретін грЭТ жақсы 
дамыған. Рибосомалардың көп болуы осы аймақтың базофилиясын қамтамасыз етеді. Зимогенді 
аймақта ірі секреторлы түіршектер болады (d -80нм). Түйршектердің құрамында ферменттер 
белсендіемес яғни зимоген түрінде болады. Ядро үсті аймағында Гольджи кешені орналасады. 
Экзокринді жас-р секреторлы процесті цикл бойынша қамтамасыз етеді. Бастапқы заттарды сіңіру
секреттің синтезі, оның жинақталуы, бөлініуі орташа алғанда 1,5-2 сағ алады. Экзокринді 
пакреатоциттерден бөлінген секрет центроацинозды түтікке өтеді, оның қабырғасы аласа текшелі 
эпителийден тұрады.
Центроацинарлы жасушасының пішіні жалпақ болып келеді, ядросы сопақша жұқа ақшылт 
цитоплазмамен қоршалып тұрады. Кейбір авторлар оларды камбиалды элементтер ретінде 
қарастырады.
Экзокринді бөлігінің шығару түтіктері келесі ретімен орналасады: ендірме түтік →ацинусаралық 
түтік→бөлікшеішілік түтік→бөлікшеаралық түтік→жалпы шығару түтігі. Ендірме түтігінің жас-
ры асқазаннан 12елі ішекке өтетін тұз қышқылын бейтараптындыратын бикарбонаттарды бөледі. 
Ацинусаралық және бөлікшеішілік түтіктер текшелі эпителиймен жабылған, бөлікшеаралық 
түтікте және жалпы тұтігінде –цилиндрі эпителий болады (бағаналы, бокалтүрлі, эндокринді 
жаср.болады құрамында). Эпителий астындағы БТДТ қабатында майда шырышты бездер 
орналасады. Ферменттердің белсендетіліуі 12елі ішектің құысында ғана жүреді. Осы және шығару 
түтіктердің эпителийі бөлетін шырыш ұйқыбез паренхимасын зақымданудан қорғайды. Алайда 
патология кезінде, сондай-ақ ұйқыбез экзокринді бөлігінің қатты стимуляциясында ( алкогольдің 
тұсында майлы тағамның көп қабылдауы және т.б..) бездің ішінде ферменттердің белсенділігінің 
пайда болуына себеп болады. Бұл ұйқыбездің паренхимасының бұзылуына алып келеді ( 
панкреонекроз).
Ұйқыбездің эндокринді бөлігі ұйқыбез аралшықтарымен, немесе Лангерганс аралшықтарымен 
ұсынылған. Аралышықтар ацинустардың аралығында орналасады. Олардың пішіндері 
дөнгеленген, немесе сопақша болып келеді. Басымды бөлігі бездің құйрық бөлігінде болады. 
Олардың жалпы саны 1-нан 2 млн –ға дейін және одан да көп кездеседі. Аралшықтар эндокринді 
жасушалардан –инсулоциттерден және фенестрлі капиллярлардан құрылған, аралышық 
жасушалар мен қан капиллярлар аралығында перикапиллярлы кеністіктер болады. Эндокринді 
жасушасының көлемдері экзокринді жасушалармен салыстырғанда майда болып келеді. Олардың 
цитоплазмасы жақсы дамыған нәруызды синтездейтін аппарат ы мен секреторлы түйіршектер мен 
ерекшеленеді. 
Эндокринді жасушалардың ішінде келесі негізгі түрлерін ажыратады:
В-жасушалар, аралышықтың барлық жас-ың 72-75% құрайды, оның ортасында орналасады, 
инсулин гормоның синтездейді. Инсулин организмнің перифериялық тіндерінде глюкозаның 
сіңірілуіне жағдай жасайды. Бауырда инсулин глюкозадан гликогеннің синтезін ынталандырады. 
Инсулин жетіспеген кезде қант диабеті ауруы дамиды, бұл ауыру организмнің жүре-қантамырлар 
жүйесі функциялары бұзылуы мен ере жіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет