Нуржігіт Алтынбеков А-жасушалар− 20- 20 %, аралшықтың шетінде В жасушаларды қоршап орналасады, глюкагон
гормоның өндіреді– инсулиннің антогонисті (контринсулярлы гормон), бауырда гликогеннің
ыдырауын ынтыландырады, сонымен қандағы глюкоза мөлшерін жоғарылатып отырады, бұнымен
ол организм тіндерін энергияға бай заттармен қамтамасыз етеді. Организмде глюкоза жетіспеген
кезде, мысалы ,нерв жүйенің функциясы бұзылады. Инсулин және глюкагон организмде қандағы
глюкозаның мөлшерін реттеп, физиологиялық концентрациясын сүйемелдеп тұрады.
D –жасушалар − 5-10 %, аралшықтың шетінде орналасады, соматостатин гормоның синтездейді,
ол В- и А-инсулоциттердің және экзокринді жасушалардың функцияларын тежейді.
D1 –жасушалар (0,5-1 %) вазоинтестиналды пептидті - ВИП- гормоның өндіреді, ВИП артериалды
қан қысымын төмендетеді және ұйқыбез сөлінің синтезін ынталандырады. Ұйқыбез
бөлікшелерінде экзокринді және эндокринді жасушалардан басқа құрылысы аралас болып келген
–инсулоацинозды жас-р (ацино-аралшықтық жас-р ) кездеседі. Бұл жасушаларда бір уақытта ірі
зимогенді және майда эндокринді түйіршектер болады. Кейбір авторлар инсулоацинозды
жасушаларды ациноциттер инсулоциттерге айналу барысындағы аралық сатысы деп қарастырады.
РР-жасушалар (2-5 %), аралшықтың шетінде орналасады, ұйқыбез полипептидің бөледі,ол асқазан
және ұйқыбез сөлінің бөлінуін ынталандырады.
49. Бауыр. Морфо-функциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы мен шығу көздері. Бауырдың
қан айналымының ерекшелігі. Бауыр бөлікшесі құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Порталды
бөлікше және бауыр ацинусы туралы түсінік. Бөлікшеішілік гемокапиллярлардың
гистофункциялық сипаттамасы. Гепатоциттер, олардың құрылысы мен қызметтері. Бауырдың
регенерациясы.
Бауыр– адам денесінде көлемі бойынша екінші орын алып тұрады (ең ірі ағза тері болып келеді)
және асқорыту жолының аса ірі безі, салмағы шамамен 1 -1,5 кг.
Бауырдың функциялары.
1)Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды. Бауырдың тамырлар
жүйесі көп мөлшерде қанды жинақтауға қабылетті.
2) Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестерин де бар, көмірсулар, минералды
заттар және т.б.) алмасуына қатысады.
3)Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін
тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік зат-ды және тағы басқа ксенобиотіктерді
бейтараптындырады..
4) Тосқауыл -қорғаныштық функция (құрамына дезинтоксикациялық функция да кіреді). Қанмен
енген микроорганизмдерді, олардың токсиндерін, обыр жас-ды және тағы басқа биологиялық
факторларды бұзады. Бұл функцияны бауыр макрофагтары ( Купфер жас-ры), Pit- жас-ры,
лейкоциттер, сондай-ақ секреторлы антиденелер атқарады. Бауырдың осы функциясы организмнің
басқа тосқауларынан (теріден, шырышты қабықшалардан, лимфа түйіндерден) қанға өтіп кеткен
инфекционды және биологиялық факторларға қарсы туруына аса манызды.
5) Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді.
6) Секреторлы функция –өтті бөледі. Өт майлардың ыдырауына қатысады, олардың ішекте
сіңіруіне жағдай жасайды, асқазан, ішек, өтқабының бұлшықетін ынталандырады, жіңішке ішек
шырышты қабықшасының қанмен қамтамасыз етілуін реттейді.
7)Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады..