Нуржігіт Алтынбеков Қуық асты безі. Простата бұлшық еті –безді мүше. Ол зәр шығару түтігінің жлғарғы бөлігінде
орналасады. Простата бұлшық еті –безді мүше. Ол зәр шығару түтігінің жлғарғы бөлігінде
орналасады. Эбриональдық дамудың аптасында зәр шығару түтігінің эпителиінен мезинхимаға
қарай өскен 5-6 сщзындылар түрінде панда болады. Жатырша мен ұрық шашушы өзек арасында
орналасыды. Сыртынын жұқа жұқа дәнекер тіндік капсуламен қапталған. Оның паренхимасы
шырышты бездерден тұрады. Бездер үш топқа болінеді: орталық, шеткері, аралық. Орталық
топшырышты қабықшаның құрамында зәр шығару түтігін қорша орналасқан ұсақ бездерден
тұрады. Аралық сақина тәрізді орналасады. Шеткері топ меншікті простаталық бездерден тұрады.
Атқаратын қызметі өте көп. Сперманы сұйылтуға қатысады, эндокриндік және экзокриндік қызмет
атқарады. Проитата тестостеронға тәуелді.
61. Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс безінің генеративті және эндокриндік қызметі.
Құрылысы және қызметі. Овогенез. Сары дене. Атрезиялық фолликулдар, ақ дене.
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ
Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы,
жатыр, қынап, сыртқы жыныс мүшелері) жатады. Аналық безі- жүп мүше. Бұл без аналық жыныс
жасушаларын қалыптастырумен қоса эндокриндік (жыныс гормондарын синтездеп) қызметтерді
де атқарады.
Дамуы. Эмбриогеиездің 7-8 аптасының соңына қарай бездің бастамасы біліне бастайды. Аналық
бездін кұрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады.
Ұрықтың б-аптасының басына қарай бездің мезопефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы
аяқшасынын қалыптасуы басталады. 6-8 апталық ұрықта аналық бездің қыртысты заты біліне
бастаса, ал боз заты бұдан кейінірек дамиды. Эмбрногенездің 3-4 айында бездің алғашқы
жасушалары немесе овогонийлердің жылдам кәбеюінің нөтижесінде жыныс жасушаларының
(гонодоциттерінің) мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды. Нөрестелік дамудың 3- ші айынан сон
овогонийлердің тең жартысын мейоздын үздіксіз фазасында орналасқан (лептотена сатысы)
біріншілік овоциттерге жіктеледі. Нәрестенің дүниеге келу сөтіне қарай овогонийлердің саны
кемиді де, ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді. Нәрестенің дүннеге
келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400 мыңдай болады, мұны біріншілік
овоциттер дейді. Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің өрі қарай дамуы жалғаса
береді. Аналық бездердің эндокриндік кызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады,
Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин (ФСГ) гормонының өсерінен аналық жыныс
жасушаларының шапшаң, әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.
Генеративті қызмет. овогенез
Овогенездің сперматогенезден біраз айырмашылықтары немесе ерекшеліктері бар. Мысалы,
бірінші сатысы - овогоннйлердің көбею кезеңі - құрсақ ішіндегі нәрестенің даму кезеңінде
басталады. Екінші сатысы - ёсу кезеңі туғаннан кейінгі даму барысындағы аналық безде өтеді де,
мұнда алғашқы фолликулдардын І-ші реттік овоцитке айналуы байқалады. Үшінші саты - пісіп-
жетілу кезеңі, II-ші реттік овоциттердің пайда болуымен пісіп- жетілген жұмыртқа жасушасының
овуляцня нәтижесінде аналық безден жарылып шығуымен аяқталады. Пісіп-жетілу кезеңі екі
сатыдан тұрады және біріншісі екіншісіне интеркинезсіз ұласады. Бұл хромосомалар санының екі
есе азаюына алып келеді, осыдан олардың жиынтығы гаплоидты болады (биология пәнінде
әтіледі). Төртінші-қалыптасу сатысы аналық безінде болмайды. Аталық безіндегідей, аналық
жыныс жасушалары да овоциттердің метаболизмі үшін қолайлы жағдай туғызатын
гематофолликулярлы сүзгінің микроқоршауымен белгілі бір дөрежеде бөлектенген. Бұл сүзгі
(барьер) дәнекер тіннен текадан, микроайналымдық арнаның тамырларынан, оның базальді
мембранасынан, фолиикулярлық эпителиден және мөлдір қабықтан тұрады.