Нуржігіт Алтынбеков Сары дене. Овуляцияға себепші болған лютеин гормонының эсер етуі нетижесінде пісіп-жарылған
овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, өзгерістерге ұшырайды да, бұдан
бездің құрамындағы уақытша қосымша эндокринді қызмет атқаратын - сары дене қалыптасады.
Пайда болған сары дененің құрамына біртіндеп қан тамырлары еніп, кейбір бұзылған тамырлардан
қан құйылады. Дамыған сары дененің ортасындағы дәнекер тіні тез өсіп ұйыған (құйылған)
қанның орнын басады. Осылай пайда болған немесе қалыптасқан сары дененің дамуы төрт сатыға
бөлінеді. Бірінші сатысы - пролиферация мен васкуляризацияның барысында жасушалары көбейіп
бұлардың арасында капилляр пайда болады. Екіншісі - бездің метаморфоз сатысы. Жасушалары
өсіп, оларға липохромдары бар сары пигмент (лютеин) жиналады. Осы кезеңнен бастап сары дене
гормон бөледі. Ол гормон - прогестерон. Осыдан үшінші сатысы – толысусатысы басталады. Бұл
сатының ұзақтығы әртүрлі. Егер ұрықтану жүзеге аспаса, онда бұл дененің толысу кезеңі 12-14
күнмен шектеледі. Ал анада жүктілік байқалса, сары дене ұзағырақ сақталады. Бұл жүктіліктің
сары денешігі деп аталады. Жүктіліктің жөне менструальді циклдің сары денелерінің арасындағы
айырмашылық тек даму кезеңінің ұзақтығы мен мәлшерінде: жүктіліктің сары денесінің d =1,5-2
см, ал менструальді дененің d>5 см астам. Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелері
әз қызметін атқарған соң инволюцияға ұшырайды. Осының нәтижесінде бұрынғы сары дененің
орнына дәнекер тінді - ақ зат пайда болады. Бұл зат аналық безде бірнеше жылға дейін сақталады
да, біртіндеп солып, жойылады.
Атрезия. Бездегі фолликулдардың біразы пісіп-жетілу кезеңіне жетпейді де, ыдырап, қайта өзгеріп
- атрезияға ұшырайды. Мұнда ең альдымен овоцит жойылады да, одан қатпарланған, біршама
тығыздалған дене түзіледі. Бездің құрамындағы интерстициальді жасушалары ерекше дамып,
өзінің пішіні мен түрі жағынан сары денеге немесе оның құрамындағы лютеин жасушаларына
ұқсайды. Бұл пайда болған құрылым атрезиялықнемесе атретикалықдене болып табылады.
Кейіннен бұл дене де инволюцияға ұшырап, бұлардың орнына интерстициальді жасушалар
жиынтығы қалады. Интерстициальді жасушалар овариальді циклдің гормондарын түзуге қатысады
депұғынған жән.
ЭНДОКРИНДІК ҚЫЗМЕТІ
Аналық безде үнемі жыныс гормоны үздіксіз бәлініп отырса, ал аналық безде эстроген мен сары
дененің гормоны - прогестерон цнклді түрде түзіледі. Эстрогендер пісіп-жетілген
фолликулдардың қуыстарында жиналады. Сондықтан бұл гормоидар фолликулнндер деп аталады.
Аналық ағзасы жыныстықкөмелетке жетіп, цикл орныққан кезде эстроген қарқынды түрде бөлініп
шыға бастайды. Аналық бездің қызметінің жас шамасына қарай өзгеруі циклдің тоқтауына өкеліп
соғады.
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОСЫМША МҮШЕЛЕРІ
Жатыр түтіктері. Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары – құрсақ қуысы мен жатырды
байланыстырып тұратын жұп мүшелер.
Дамуы. Ұрық жолдарының парамезонефральді өзектерінің үстіңгі бөлігінен дамиды.
Құрылысы. Ұрық жолының қабырғасында үш түрлі: кілегейлі, бұшықетті және сірлі кабықтары
болады. Кілегейлі қабықтың құрамында көптеген тарамдалған қатпарлары бар. Бұл қабығының
эпителиі бір қабатты призмалы,құрамы екі түрлі - кірпікшелі және безді немесекреторлы
жасушалардан тұрады.
Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақталшықты дәнекер тіні түрінде көрінеді.
Бұлшықетті қабатының ішкісі айналмалы, ал сыртқысы бойлық қабаттардан тұрады. Ұрық
түтігінің жолдары сыртқы жағынан сірлі қабықпен қоршалған. Жатыр түтігінің проксимальді ұшы
кеңейіп шашақтармен (фнмбриялармен) аяқталады. Овуляцня кезінде ұрық жолдарының
шашактарының құрамындағы қан тамырлары көлемі жағынан ұлғайып, аналық безді мейлінше
мол қамтиды.