Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет81/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
Аналық жыныс жасушасының ұрық жолымен жылжуы жатыр түтігінің қуысын жауып тұрған 
эпнтелий кірпікшілерінің қимылдарымен ғана емес, сонымен бірге оның бұлшық ет қабығының 
перистальтикалык жиырылғыштығымен де қамтамасыз етіледі. 
ЖАТЫР
Жатыр -ұрықтың құрсақ ішінде дамуын қамтамасыз етуге арналған бұлшық етті мүше. 
Дамуы. Жатыр мен қынап, ұрықтың немесе нәрестенің сd, және оң жақ парамезонефральді 
өзектерінің дистальді бөлігінің байланысқан жерінде дамиды, Кейінірек үрықтың (нәрестенің) 4 
айына қарай тоғысу аяқталады да, жатыр алмұрт тәрізді пішінге ауысады. 
Құрылысы. Жатырдың қабырғасы: кілегейлі (эндометрий), бұлшық етті (миометрий) жөне сыртқы 
сірлі (перимстрий) қабықтың тұрады. Жатырдың ішкі эндометриі екі кабатка - базальды және 
функциональды болып бөлінеді.Функциональды кабаты овариальді-гормондарға тәуелді 
болғандықтанжыныстық циклде едәуір өзгерістерге ұшырайды. Жатыр-дың эндометриі (кілегейлі 
қабығы) бір қабатты призмалы эпителиймен жабылған. Мұндағы кірпікшелі жасушалары кабінесе 
жатыр бездерінің өзектерінің айналасында орналасады, Жатырдың кілегейлі қабығының меншікті 
пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген. Бұл пластинкада көптеген жатыр 
бездері орналасады. Бездер эндометрийдін бүкіл қалыңдығын алып жатады, тіпті мнометрийдің 
үстіңгі қабаттарына да бойлап кіреді.
Пішіні мен құрылысы жағынан жатыр бездері қарапайым түтікшелі болып келеді. Жатырдың 
миометрийі тегіс салалы ет жасушаларынан- ішкі кілегей асты, мұнда миоциттері қиғаш 
орналасқан, ортаңғысы қан тамырлы және сыртқы миоциттері көлденең орналасқан қан тамырлар 
үсті қабаттарынан тұрады. Миоцигтердің бұлайша орналасуы жыныстық цикл барысында қан 
айналымының қарқындылығын реттеуде белгілі бір үлесін қосады. Мноциттер шоғырларының 
арасында иілгіш-эластив талшықтар арасы гистиоциттерге толы дәнекер тінінің қабырнақтары 
баршылық. Миометрийдегі миоциттердің ұзындығы 50 мкм шамасында, ал кей жерлерінде 500 
мкм-ге дейін (жүктілік кезінде) созылып, тіпті тор да құрайды. 
Периметрий жатырдың үстіңгі бетінің көлшілігін жауып жатады. Жатыр мойнымда қынаптың 
үстінгі бөлігінің алдыңғы және бүйір беттері көк етпен (сірлі) жабылмаған. Жатыр мойнының 
айналасында, өсіресе бүйір жөне алдынғы бәліктерінде, май тінінің жиынтығы орналасады, мұны 
параметрнй дейді. 
Васкуляризациясы - тамырлануы немесе жатырдың қанмен жабдықтану жүйесі жақсы жетілген. 
Миометрий мен эндометрийге қан тасылмалдаушы (әкелуші) артериялар миометрийдің 
айналмалы қабатында спираль түрінде шиыршыкталады да, бұл жатыр кішірейген кезде 
қабырғасының жиырылуыиа себепкер болады. Жатырдың васкуляризациясының осы ерекшелігі 
өте маңызды, өйткені плацентаның бөлінуіне байланысты, жатырдан қан кетудің мүмкіндігі 
жойылады. Эндометрийдегі лимфалык тамырлар миометрийдің лимфалық тамырлары арқылы 
периметрийде орналасқан сыртқы тормен байланысады да, күрделі лимфатикалық жүйе құрайды. 
Иннервациясы, Жатыр симпатнкалық нерв талшықтарын құрсақ асты өрімдерінеи алады. Бұл 
өрімнен миометрийді нервтейтін және эидометрийге ететін тағамдар-талшықтар пығады. 
Жатырдың эндометриінде көптеген рецепторлы нерв талшықтарының ұштары болады. Бұл нерв 
ұштары тек қана жатырдың функциональды жағдайын анықтал қана қоймай, онымен қоса жалпы 
ағзадағы қан қысымына, зат алмасу процесіне, эндокринді бездер мен орталық нерв жүйесінің 
қызметін, гипоталамус пен гипофизден бөлінтен гормондардың әсерінің көрсеткіші болып 
табылады. 
Жыныс циклі 
Аналық жыныс жүйесінің циклі, оның қызметі мен құрылысының тіркесті өзгерістері болып 
саналады. Мұны овариалыді - менструальді цикл дейді. Бұл цикл үнемі бір ретімен қайталанып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет