Нуржігіт Алтынбеков талшықты дә некер тіннен құрылған .. Сүйек қабығы сүйекті тесіп өтетін коллагенді
талшықтардың көмегімен астын дағы пластинкалы сүйек тініне берік бекітіледі . Сүйек тініне
периост аркылы енген қан тамырлары сүйекті көлденең тиесіл бағытталған каналдарының ішінде
өтеді. Сүйек қа бығының функциялары : 1 ) трофикалық - сүйектің қоректенуін қамтамасыз ету ; 2
) регенерациялық - остеогенді жасушалардын пролиферациясы , диф ференциялануы есебінен
сүйектің өсуін және қалпына келуін жүзеге асыру ; 3 ) механикалық , тіректік - бұлшық еттермен
байламдармен және сіңірлермен сүйектің механикалық байланыстарын қамтамасыз ету . Тығыз
ЗАТ түтікті сүйектердің диафизін және жалпақ сүйектердің сыртқы қабатын құрайды . Тығыз
заттың құрылымдық элементтері тығыз буынып - түйінген , қалыңдыгы 4-5 мкм сүйек
табақшалары . Сүйек табақшаларының кеңістікте орналасу ретіне , яғни архитектоникасына
сәйкес диафиз үш қабаттан тұрады : 1 ) сыртқы жалпы табақшалары ; 2 ) остеонды қабат ; 3 ) ішкі
жалпы табақшалары . Сыртқы жалпы табақшалар қабаты тура сүйек қабығының астында
орналасады . Остеонды қабат - сүйектің компактты затынын ортанғы және ең енді қабаты . Ол
құрылымдық - функциялық бірліктері - остеондардан және олардың арасын толтыратын ендірме
табақшалардан тұрады . Әрбір остеон немесе гаверс жүйесі ортасындағы өзектің ішінде өтетін бір
немесе екі ұсақ қан тамырларын қоршап , концентрикалық , яғни бірінің ішіне бірі салынып
орналаскан і 25 цилиндрлік сүйек пластинкаларынан құрылған . Ішкі жалпы табақшалар қабаты
сүйектің тығыз затының ең ішкі бөлігін құрайды және эндостттыну астында сүйек кемігі
қуысының шекарасын бойлап орналасады . Тығыз заттың жемік затқа ауысаттын жерлерінде ішкі
жалпы табақшалар анық кө рінбейді , себебі олар кемік заттың трабекулдарына арқалықтарына
жалғасады . КЕМІК ЗАТ сүйектің ішкі бөлігін құрайды және құрылымдық - функциллық
бірліктерден - сүйек трабекулдарынап тұрады . Бұл тіректік құрылымдар бос тор құрып
орналасады және олардың орналасу бағыттары жук салмақтардың - қысу және созу күштердің
бағыттарына сәйкес болады . Трабекуларалық ке ңістіктерде сүйек кемігі орналасады . Кемік
заттың трабекулдары қисық пішінді сүйек табақшаларынан құрылған . Соңғылардың арасында
ішінде остеоциттердің денелері орналасқан лакуналар көрінеді . Кемік заттың трабекулдарының
беті дамып , яғни белсенді емес остео бласттар кабатымен және остеокласттармен катталган .
эндост немесе ішкі сүйек қабығы - сүйек кемігі жағындағы пери остқа ұқсас сүйектің жука
дәнекертінді кабыгы . Эндост құрылысы дәл сол периост сияқты , бірақ қабаттары нашар дамыған
. Оның құрамында белсенділігі сүйектің дамуы мен өсуі кезінде немесе сын ган жағдайда
күшейетін здифференцияланган ( жетілмеген ) остеогенді жасушалардан және остеокласттардан
тұратын үздіксіз қабаты бар . ЭМБРИОНДЫҚ ОСТЕОГИСТОГЕНЕЗ биомеханикалық және
биофизикалық жағдайларға байланысты екі негізгі әдістер арқылы жүзеге асады : 1 ) тікелей және
2 ) тікелей емес . Тікелей остеогистогенез бассүйек сүйектері нің ретикулофиброзды сүйек тінінің
бұғананың саусақтардың дистальді бунақтарының дамуына тән . Бұл әдістің мәні - сүйек тіні
тікелей склеротомның мезенхималық жасушаларының жиынтығынан дамиды . Тікелей остеогенез
төрт этап арқылы өтеді . 1 этап - остеогенді аралықтың қалыптасуы . Бұл кезде бола шак сүйек
дамитын жерде белсенді көбейетін мезенхималық жасушалардың жиынтығы пайда болады. 2 этап
- остеогенді аралық жасушаларының дифференциялануы , остеоидтың қалыптасуы .
Мезенхималық жасушалар бөлінуін тоқтатады да остеобластты аралылық құрайтын
остеобласттарға дифферен цияланады . Остеобласттар ЖАЗ органикалық компоненттерін немесе
остеоидтты синтездеп секрециялауға кіріседі .3этап - остеоидтың минералдануы .4 этап-
пластинкалы сүйек тінінің қалыптасуы. Тікелей емес остеогистогенез - сүйектің бастапқы
қалыптасқан шеміршекті модельдің орнында дамуы . Ол адам қаңқасы сүйек птерінің көпшілігіне
( аяқ - қолдың түтікті сүйектері , жамбас сүйектері , омырт калар және т.б. ) тән . Тікелей емес
остеогенез эмбриогенездің 2 - айында бас талады және төрт кезең арқылы өтеді : 1 ) сүйектің
шемір шекті моделінің қалыптасуы ; 2 ) перихондралды сүйектену ; 3 ) диафиздің эндохондралды
сүйектенуі ; 4 ) эпифиздерде эндохондралды сүйектену жән не эпифизарлық өсу табакиназарының
қалыптасуы Бірінші кезеңі – болашақ сүйектің шеміршекті моделінің қалыптасуы - шеміршек
тінінің гистогенезі сияқты өтеді . Жасушалардың генетикалық бағдарламасы мен қоршалған
микроортасынын әрекеттесу нәти жесінде склеротомдық мезенхимадан , мүше ретінде болашақ
сүйектің пішііне ие болатын гиалинді шеміршек бастамасы дамиды . Екінші кезеңі –
перихондралды сүйектену - диафиздин ортанғы бөлігінің шеміршек қабығына кан тамырлары кері