Сүйектердің байланыс түрлері. Адам денесіндегі сүйектер бір-бірімен 3 түрлі байланысқан:
қозғалмалы немесе буын арқылы (диартроз), қозғалмайтын (синартроз) және шамалы ғана
қозғалмалы (гемиартроз).
1.
Қозғалмалы байланыс (диартроз) болу үшін міндетті түрде буындық бет, буындық қуыс,
буын сұйықтығы және буындық қалта болу қажет. Мұндай байланыс кезінде буын арқылы еркін
қозғалыс байқалады. Мысалы, қол мен аяқ сүйектерінің бір-бірімен байланысы т.б. жатады. Буындық
байланыстар шар, ер, эллипс т.б. болып келеді. Самай сүйектері мен астыңғы жақ сүйегінің
байланысы шықшыт буыны деп аталады.
2.
Қозғалмайтын байланыс (синартроз) кезінде екі сүйектің арасы дәнекер ұлпасы арқылы,
(синдесмоз), шеміршек ұлпасы (синхондроз) және сүйек ұлпасы арқылы байланысы (синостоз) деп
аталады. Қозғалмайтын байланысқа бассүйектерінің көпшілігінің бір-бірімен жіктесе байланысы
мысал бола алады.
3.
Шамалы ғана қозғалмалы байланыс (гемиартроз) кезінде бір-бірімен байланысқан
сүйектер арасында шамалы ғана қозғалыс байқалады. Оған омыртқалардың бір-бірімен, арқа
омыртқалар мен қабырғалардың, сегізкөз сүйегі мен жамбас сүйектерінің, екі шат сүйегінің өзара
байланысы мысал бола алады.
Жас балалардың қаңқасында он жасқа дейін 340-қа жуық сүйектер болады, өсе келе ондағы көп
сүйектер өзара тұтасып бірсүйекке айналып кетеді.
Бассүйектегі төбе сүйектерінің өзара жіктесе байланысы – сагитальды, төбе сүйектері мен
маңдай сүйегінің жіктесе байланысы – веналық (тәждік), төбе сүйегі мен шүйде сүйегінің жіктесе
байланысы – ламбодвидтік байланыс деп аталады.
Бассүйектің топографиясы да күрделі. Оның төбе бөлімін – күмбезі, астыңғы бөлімін – негізі
деп атайды. Оның ішкі бетінде 3 ойысты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) ажыратады. Бұл ойыста
мидан тарайтын жүйкелердің бассүйектен сыртқа шығар тесіктері бар. Артқы үлкен ойыстағы ми мен
жұлынның байланысқан тесігі үлкен шүйде тесігі деп аталады.
Қазіргі адамдарда ми көлемінің ұлғаюына байланысты бассүйектің ми сауытының көлемі бет
бөлімінен едәуір үлкен болып келеді. Бассүйек миға қорғаныштық қызмет атқарады.