Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


Дәріс. Адам организміндегі бұлшық еттердің құрылысы, пішіндері және оларды жіктеу



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

5.Дәріс. Адам организміндегі бұлшық еттердің құрылысы, пішіндері және оларды жіктеу. 
Жеке бұлшықет топтары. 
Бұлшықеттер – тірек-қимыл аппаратының активті бөліміне жатады. Бұлшықеттерді зерттейтін 
анатомия ғылымының саласы - миология деп аталады. Бұлшықеттер бұлшықет ұлпасынан түзіледі. 
Бұлшықет ұлпалары құрылысы мен атқаратын қызметтеріне сәйкес 2 топқа бөлінеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы – кейбір ішкі мүшелердің, қантамырлар мен лимфа 
тамырларының қабырғасында кездеседі. Ондағы бұлшықет талшықтары көбіне ішкі сақина тәрізді 
және сыртқы ұзына бойы орналасады.
Бұлшықет ұлпасының құрылымдық және қызметтік бірлігін – миоциттер (миофибриллалар) 
деп атайды. Оның құрамындағы жіңішке талшықтар – актин, жуан талшықтар – миозин, аралық 
талшықтар – филаменттер деп аталады. 
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы адам еркінен тыс жиырылады. Оның клеткалары ұршық 
пішінді, және олардың бір ғана ядросы болады. 
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы – қаңқа бұлшықеттерін және жүректің бұлшықеттерін 
түзуге қатысады. Олардың пішіні цилиндр тәрізді, әрі ядросы көп болады. Әрбір бұлшықет 
талшығының жанында сезгіш жүйке талшықтарының ұшы қосарлана жатады да, сол арқылы 
бұлшықет талшықтарына жүйке импульстері келіп тұрады. 



Бұлшықет талшықтары топтанып жеке бұлшықеттерді құрайды. Жеке бұлшықеттің ортаңғы 
бөлігі құрсағы, ал екі шеті сіңірлі болып сүйектерге бекиді 
Бұлшықеттердің пішініне сәйкес ұршық тәрізді, бірқауырсынды, екіқауырсынды, жалпақ, 
жұмыр, таспа пішінді, екі басты, екіқұрсақты т.б. деп бөлінеді. 
Әрбір бұлшықеттің сыртын дәнекер ұлпадан түзілген фасция қабығы қоршап тұрады. 
Бұлшықеттер орналасу ретіне сәйкес теріге жақын жатқан, тереңде жатқан, медиальды және 
латеральды деп бөлінеді. 
Бұлшықеттер атқаратын қызметіне байланысты бүгетін, жазатын, қысатын, ішке қарай және 
сыртқа қарай бұратын бұлшықеттер деп бөлінеді. Бұлшықеттер ұрықтың дамуы кезінде мезодерма 
ұрық жапырақшасынан пайда болады. 
Бұлшықеттердің адам денесінде орналасуына сәйкес бас пен мойынның, тұлғаның (арқа, 
құрсақ, көкірек), иық белдеуі мен қолдың (қардың, білектің, қол басының) және жамбас белдеуі мен 
аяқтың (санның, балтырдың, табанның) бұлшықеттері деп жеке топтарға жіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет