8
Тұлға қаңқасына – омыртқа жотасы мен кеуде торы жатады. Омыртқа жотасы 5 бөлімге
бөлінеді: мойын (7), арқа (12), бел (5), сегізкөз (тұтасып кеткен 5 сүйек), құйымшақ (тұтасып кеткен,
әрі қалдық 3-4 сүйек) деп аталады. Омыртқа жотасының алға қарай шығыңқы бөлімі –
лордоз
(мойын, бел), оның артқа қарай шығыңқы бөлімі –
кифоз (арқа, сегізкөз) деп аталады және мұндай
иілімдер адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан қалыпты белгілер. Ал, омыртқа жотасының
бір бүйіріне қарай иілуін –
сколиоз деп атайды. Бұл қалыпты жағдайдан
ауытқу белгі болып
саналады.Әрбір жеке омыртқаның денесін және доғасын ажыратады. Әрбір жеке омыртқаның 7
қанаты бар (жұп бүйір, жұп жоғары буындық, жұп төменгі буындық және сыңар арқа).
Омыртқа жотасының әрбір бөлімінің де өзіне тән белгілері бар.
Кеуде торын – 12 жұп қабырғалар мен сыңар төс сүйегі құрайды.
Қол мен аяқ сүйектері бір-бірімен буындар арқылы байланысқан 3 бөлімнен тұрады. Қолдың
қары (тоқпан жілік), білек сүйектері (шынтақ сүйегі, кәрі жілік) және қол басы (білезік, алақан, саусақ
сүйектері). Аяқ сүйектері сан (ортан жілік), сирақ сүйектері (асықты жілік, шыбық сүйек) және табан
(толарсақ, үзеңгілік және башпай сүйектері) деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: