12
Өңеш (oesophagus) – жұтқыншақ пен асқазанды байланыстыратын ұзындығы 25 см-дей түтік
пішінді бұлшықетті мүше. Оның үш бөлімін (мойын, көкірек, құрсақ) ажыратады.
Асқазан (ventriculus, gaster) – асқорыту жолының кеңейген бөлімі. Күрек тістерден асқазанға
дейінгі аралық 40 см-дей.
Оның денесін, түбін ажыртады. Ол құрсақ қуысының сол жағында
орналасқан
Ащы ішек (intestinum tenue) – асқорыту мүшелерінің ішіндегі ең ұзын (5-6 метр) бөлімі. Оның
үш бөлімін (ұлтабар, аш, мықын) ажыратады.. Аш ішектің сілемейлі
қабығында көптеген
микроскопиялық бүрлер бар. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Бүрлер бір қабатты эпителий
клеткаларынан түзілген.
Тоқ ішек (intestinum crassum) – тұйық өскіні бар (аппендикс) бүйен, ішек, жоғарылаған жиек
ішек,
көлденең жиек ішек, төмендеген сигма тәрізді жиек ішек және тік ішек деп алты бөлімге
бөлінеді. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 м. Оның сілемейлі қабығында бүрлер болмайды.
Асқорыту бездеріне – 3 жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы безі жатады.
Бұл бездердің
өзектері болатындықтан сыртқы секреция бездеріне жатады.
Бауыр (hepar) – адам денесіндегі ең үлкен без, салмағы 1,7 кг. Құрсақ қуысының жоғарғы
бөлімінің оң жағында орналасқан. Ол
нәруыздың, көмірсудың, майдың, витаминдердің т.б.
алмасуына қатысады. Бауырдың оң жақ бөлігі үлкен, сол жақ бөлігі едәуір кіші болады. Бауырдан
бөлінетін сөл - өт. Өт қалтасына жиналып, одан соң өт өзегі арқылы ащы ішектің ұлтабар бөліміне
ашылады.
Ұйқы безі (pancreas)
аралас бездерге жатады, одан сөл де және гормон да бөлінеді. Оның
ұзындығы 15-22 см., салмағы 60-100 грамм. Ол құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астында
көлденеңінен созылып жатады. Оның да өзегі ұлтабарға барып ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: