474
475
Атын мініп, тез жетті үйге қайтарда,
Кірді үйіне, тонын шешіп жайланды.
5940
Кешке жатып ерте тұрып аттанды,
Кірді ордаға, албарында ат қалды.
Қайраттанып істі Өгдүлміш басқарды,
Бар жұмысты тізе бүкпей атқарды.
Халық рахат көріп, жаһан жайнады,
Сүйінішпен Елік ұзақ жайлады.
Тарады елге жақсы лепес сенгісіз,
Аты қалды мəңгілікке сөнгісіз!
Не жақсы, көр, əуелі əділ заң жақсы,
Əділ заңмен бектің аты қалмақшы!
5945 Осындай бек болса елдің басшысы,
Берекелі болар ел-жұрт, баршасы.
Құлқы түзу, іскер болса халқы бар,
Онда бектер күні туып жарқырар.
Бұл бектерді хұда қолдап-бағыпты,
Елі жақсы болса, бегі бақытты!
Елі сорлы болса, бегі сорлайды,
Сорлыға сорлы қосылса — оңбас, сол — қайғы.
Ел түзелсе, бектің құлқы ағарар,
Бек түзелсе, ел одан да тазарар!
* * *
5950 Тағы біраз күн, ай өтті, жыл өтті,
Байыды ел, дүние көркін түзетті.
Тұман тарап, ашылды көк ғажайып,
Түзелді өмір, құрыды лаң азайып.
Тəңірге Елік шүкір қылды мақтады,
Мадақтады, мақтады көп, жақтады!
76. ОДҒҰРМЫШТЫҢ НАУҚАСТАНЫП, ӨГДҮЛМІШТІ
ШАҚЫРТУЫ АЙТЫЛАДЫ
Бұл Өгдүлміш бір күн түнде
кеш келді,
Басын қойып енді ұйқыға кеткен-ді.
Үн естілді, шу қақпаға тірелді,
«Шығып, көр!» — деп, қызметшісін жіберді.
Ұланның Өгдүлмішке жауабы
5955 Қызметшісі: — Бір ер келіп тұр, — деді,
Рұқсат сұрап сөзім бар деп, кіргелі...
Достарыңызбен бөлісу: