476
477
Мен алдымен, сенен бұрын барайын,
Сен соңымнан үлгірерсің, ағайын!
Қақпа алдынан қайтты Өгдүлміш жабығып,
Қолын жайды қамығып һəм аңырып.
Үйге кірді һəм жабығып, қамығып,
Қайғы жеңді, алды шаттық, сабырын.
Жатып еді, қашқан ұйқы келмеді,
Жылдай ұзап түн де тыным бермеді.
5970
Ұйықтамақ боп, көзін жұмды қалжырап,
Көзден ұйқы кеткен ұшып, жамырап.
Қайта тұрып, бас көтеріп отырды,
Сары таңды көзімен ол атырды.
Гүл ішінен бұлбұл үні төгілді,
Жүрек талып, қабырғасы сөгілді.
* * *
Атқа мініп, келді де, енді үш аттап,
Көзайым боп, сүйді ағасын құшақтап.
Жатыр сұлап, əрең-əрең қас қағып,
Шапан төсеп, басқа жеңін жастанып.
Достарыңызбен бөлісу: