«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің қызметшісіне сауалы



Pdf көрінісі
бет134/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161
Өгдүлміштің қызметшісіне сауалы
Жəне де айтты: — Барғын. Сұра. Сөзінің
Мəнісі не? Не демекші? Өзі кім?!
Ұланның хабаршыға сауалы
Қайта шығып, ұлан айтты: — Кім едің?
Қайдан келдің? Қандай бізге тілегің?
Хабаршының қызметшіге жауабы
— 
Одғұрмыштан келдім, сəлем берейін,
Сөзін айтып, туысқанын көрейін.
Қызметші Ұланның Өгдүлмішке жауабы 
Қайта кіріп, айтты ол не дегенін,
Ағасының бұған хабар бергенін.
Өгдүлміштің хабаршыға сауалы
5960 Тез орнынан тұрып, оған берді ерік,
Бұл ер, сонсоң, сəлем беріп келді еніп.
«Қайдан жүрсің, неге келдің сен?» — деді,
«Тілегің не? Жөніңді айтып бер!?» — деді.
Хабаршының Өгдүлмішке жауабы
Мені Одғұрмыш аттандырды өзіңе:
«Келсін, — деді, — бір көрінсін көзіме!»
Халі ауыр, жатыр жаны қиналып,
Жанашыры, қасына жүр, жиналып.
 Өгдүлміштің хабаршыға жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Кел, тағамнан дəм алып,
Ауқаттанып, əлден, бірге баралық.
Хабаршының Өгдүлмішке жауабы
5965 Айтты ұнатпай: — Халі нашар, жаман-ды,
Аттанардай бегім, жолын тəмамдап.


 476
477
Мен алдымен, сенен бұрын барайын,
Сен соңымнан үлгірерсің, ағайын!
Қақпа алдынан қайтты Өгдүлміш жабығып,
Қолын жайды қамығып һəм аңырып.
Үйге кірді һəм жабығып, қамығып,
Қайғы жеңді, алды шаттық, сабырын.
Жатып еді, қашқан ұйқы келмеді,
Жылдай ұзап түн де тыным бермеді.
5970 Ұйықтамақ боп, көзін жұмды қалжырап,
Көзден ұйқы кеткен ұшып, жамырап.
Қайта тұрып, бас көтеріп отырды,
Сары таңды көзімен ол атырды.
Гүл ішінен бұлбұл үні төгілді,
Жүрек талып, қабырғасы сөгілді.
* * *
Атқа мініп, келді де, енді үш аттап,
Көзайым боп, сүйді ағасын құшақтап.
Жатыр сұлап, əрең-əрең қас қағып,
Шапан төсеп, басқа жеңін жастанып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет