Алып Ер Тоңға — Афрасиаб. (М. Қашқари, 1-том, 41-бет. Б. Аталай басылымы.)
290. Нушинрауан — VІ ғасырда өмір сүрген, əділдігімен аты шыққан Иран шахы.
295. Телбə — жарымес; ессіз (ДТС, стр. 551).
310. Кимиə — химия.
357. Ақыбет — ақыры, соңы; Ақырет.
394. Шəһадат — иман сөзі (ДТС, стр. 521).
436. Елік — ел басшысы, елбасы, хан.
436. Яғни оған барша жағдай ( жабық қақпа) ашылып, мəлім болды деген мағынада.
485. Тауар — түпнұсқа тұлғасы сақталды. «Мал, дүние» мəнінде.
499. Отағ — үй, баспана (ДТС, стр. 373); қазақта «отау», «отау үй» сөзі болғандықтан,
назар аудару үшін «үй» демей, «отау» деп алдық.
564. Қыз. Үш түрлі мағынасы бар; 1) Қыз бала; 2) Қыз, күң; 3) Қымбатты, сирек; аз (ДТС,
стр. 449). «Аз» мағынасы жөн.
744. Ай бұржы... Айдың бұржыдағы (Зодиак) қазіргі орны — Саратан. Ол үнемі қозғалыста,
тынбай айналады, сол орнымен, үйімен Ай да бірге қозғалады дегенді білдіреді.
833. Күннің бұржыдағы қазіргі орны — Сəбит. Ол берік, орнықты деген мəнді мегзейді.
852. Күлік — атақты, əйгілі адам. Қазіргі «күллі» сөзімен түбірлестікті сезу қиын емес.
874. Есіз, (Эсіз) — жаман, зұлым. Біз контекске қарай бірнеше жерде «ессіз» деп əдейі
қолдандық.
1053. Тадулар, төрт таду — бұл жерде адам жаратылысындағы көне Шығыс меди ци-
насында айтылатын төрт қасиет, төрт сөлді меңзеп отыр. Олардың тепе-теңдігі бұзыл-
ғанда тəн де бұзылады (5866).
1064. Шəлисə — мумие.
Тіриақ — апиын; уды қайтаратын дəрі.
Матридус — ішімдік дəрі; шығарушының атымен аталған.
Өгіт — шөп дəрі.
Чұрны — 1. Шырынжан чұрны — кəргізден жасалған ұнтақ дəрі; 2. Бес отлығ чұрны — бес түрлі (дəрілік) шөптен алынған ұнтақ дəрі; 3. Иүрек сықылмақтын