«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет150/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

ҚҰТТЫ БІЛІК
15. «Танұқ» — куə, дəлел. Сəл мағыналық түрлендірумен, қазіргі қазақ тіліндегі «тану»,
«танық» сөздеріне ұластырып қолдандық.
«Қос дүние» — бұл жерде «екі дүниені» айтып отыр: «бұл дүние» мен «ол дүние».
45. Түпнұсқада, екінші жолында: « ... Кəдін болды тамға қамұғ савшықа» — дейді. 
Яғни «кейін барлық пайғамбардың таңбасы болды». («Савшы» — елші, пайғамбар). 
Мұхаммет — пайғамбарлардың соңғысы, бар пайғамбарларға «таңба» болды демекші 
(Құран, 33-Ахзап сүресі, 40). Сондықтан «таңбаны» мағыналық тұрғыдан аудардық.
51. Атық (араб) — азат етуші, бостандық əперуші. Əбубəкірдің лақап аты.
53. Фарұқ (араб) — қайырымдылық пен зұлымдықты айырушы. Əділ деген мағынада 
Омарға берілген лақап ат. Хақ пен нахақты айырып беруші. Бұл желі Ə. Науаидың 
«Құстар тілі» дастанында да бар.
54. Шариғатты жария етті демекші; 50—54-бəйіттердегі діни, мифологиялық жайлар 
хақында В.В. Бартольд шығармаларынан біраз мағлұмат білуге болады. (В.В.Бартольд
Сочинения. М., 1966. Т. 6.)
60. Төрт тұғыр ( негіз) — От, су, ауа, топырақ...
63. Туғар — Шығыс.
63. Осы тараудың тақырыбындағы «Жарқын жаз» дегендегі «жаз» (көне түркі)
сөздіктерде «көктем» деп аударылған. Мағыналық жағынан дұрыс та. Қазақ тілінде 
«жаз» сөзі болғандықтан тақырыпты сол күйінде қалдырып, мəтінде мағынаға орай 
«көктем» деп қолдандық.
66. Балық, Қозы — Он екі шоқжұлдыздың екеуі. Көне түркіше. Қазақ ұғымынан не 
айырмасы бар?! Орысшасы: «Рыбы, Овен». Қазір (Х.Əбішев терминологиясы) 
көбінесе «Тоқты», «Балықтар» деп те жүрміз. Біздіңше, көне түркіше аттары өте 
орынды əрі ғылыми — мəдени тарихымызға қатысты ерекше мəні бар. Сондықтан 
да бұржы (зодиак) жұлдыздырының аттарын көне түркіше алдық.
Бұл жерде Балық — қыстың ақырғы айы, Қозы көктемнің бастапқы айы болғандықтан 


 522
523
«Балық құйрығынан қозы тұмсығына» ( түпнұсқадан жолма-жол алсақ) деп, бейнелі 
тілде «қыстан көктемге көшті» дегенді мезгеген. 
71. Кін  — киіктің ерекше иісті безі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет