Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет10/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
лингвоэкологиялық тәрбиенің маңызы туралы тұжырымдар жасайды. 
Толерантты тұлға қалыптастыру, әлеуметтік мәдени контексте табысты 
коммуникативтік әрекетке белсенді араласу үшін лингвоэкологиялық 
қағидаттарды ескеру қажеттілігін дәйектейді. 
М.И. Кадеева, Ж.Б. Бектұрова қазіргі көпэтносты қоғамдағы тіл сапасын 
жетілдірудегі лингвоэкологияның маңызына баса назар аударады. Қоғамның
барлық саласы жаһанданып жатқан дәуірде «тілдік, мәдени-этикалық 
нормалардың өзара ықпалын, адам санасындағы ақпараттық және 
эмоционалдық өріске тіл құралдарымен әсер ету технологияларын, ұлттық 
сананың негізгі құрылымдарын» лингвоэкологиялық аспектіде қарастыруды 
алға тартады [19]. 
Н.С. Әміржанова мен С.Ж. Үркінбаев лингвоэкологияны «тілтаным 
теориясы» деп атап, оның «сөз мәдениетіндегі мәдени дәстүрдің бұзылмауын, 
«қиратылмауын»; инвективалардың (тұрпайы, дөрекі мазмұндағы тыйым 
сөздердің) легализацияланбауын басты назарда ұстайтынын» айтады [20].
«
Лингвоэкологияның орталық нысаны – тілдің ортамен өзара әрекеті деп 
санауға болады, сонымен қатар бір үдеріс ретінде түсіну керек: сыртқы орта 
адам, социум арқылы тілге әсер етсе, ал тіл адам психосферасының орталық 
компоненті ретінде жалпы социумға және индивидке, белгілі бір кезеңдегі 
қоғамның өнегелік және руханилық деңгейіне ықпал етеді» дей келе, 
лингвоэкологияның интралингвалдық, интерлингвалдық және транслингвалдық 
деп аталатын үш аспектісінің жіктемелерін ұсынады, экологиялық қызмет, 
экологиялық сезіну, экологиялық ойлау, экологиялық мәдениет, экологиялық 
білім, лингвистикалық ауытқу, лингвистикалық синдром, лингвистикалық 
эмиссия (шығару) терминдерін келтіреді
[20, б. 25]. 
Л.В. Екшембееваның пікірінше: «лингвоэкологияның пәні адамға 
бағытталуы және сол арқылы әлеуметтік және мәдени нормалармен немесе 
сөйлеу қызметіндегі олардың бұзылуымен жанасуы керек» [21]. Зерттеуші 
лингвоэкологияның тіл мен адам қарым-қатынасындағы маңызы, адамның 
социум мен мәдениет арқылы қалыптасуы туралы тұжырымдар жасайды. Тілдік 
ортаның жай-күйіне алаңдаушылықты тілдік орта мен адам санасы, ақыл-ойы
интеллекті арасындағы тығыз байланысымен түсіндіреді. 
Ж.А. Жақыпов тіл экологиясының «биосфера бөлшегі ретіндегі адаммен 
тығыз байланысы бар» екендігіне баса назар аударып,
 
оған мынадай анықтама 
береді: 
1) бұл – туған тілді, оның байлығын, тазалығын, саулығын қорғау, 
сақтау; 


17 
2) бұл – тілдің тұтастығы, оның халықтың мәдениетімен байланысы, 
сонымен қатар жербетілік семиосферамен байланысы жөніндегі ғылым; 
3) бұл – сөздің энергетикасы, оның жасампаз күші, биосферамен 
байланысы, тірі табиғаттың тілімен байланысы жөніндегі ғылым; 
4) бұл – сөздің рухани маңызы, оның инсанмен терең байланыстары, 
халық мінезі және тағдырымен байланысы, рухани жоғары кеңістікпен, 
Жаратушымен байланысы жөніндегі ғылым» [2, б. 174-175]. Ғалым 
лингвоэкологиялық зерттеуінде сөз, рух экологиясы, биологиялық ақпарат 
ағындары, сөз кеңістігі, ғаламдық семиотикалық кеңістік, ақпараттық өріс, 
тұқымдық код, халықтық геном ұғымдарына түсінік береді. Техникалық 
прогрестің мәжбүрлеуімен сөзді рационалдау, техникалау, сол арқылы тілді 
жансыздандыру үдерісі жүріп жатқанын ескеріп, «кез келген елдегі сөздің 
бұзылуы адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бұзады, табиғаттың 
бұзылуы қайда болсын, қашан болсын сөздің бұзылуынан басталады. Ал 
зақымданған табиғат бұзылған сөзден кегін оны өшіру арқылы алады – сөзі жоқ 
ғалам қаңырап қалады», – деп сөз экологиясының маңызын шегелеп көрсетеді 
[2, б. 176]. 
БАҚ тілін лингвоэкологиялық тұрғыдан зерттеп жүрген Қ.С. Дүсіпбаева 
қазақ тіліндегі кірме сөздердің лингвоэкологиялық қаупін сөз етеді. Зерттеуші: 
«Лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде адам мен қоғамның тілдік 
аясын зерттей келе, ереже мен қағида, жүйелердің қалыптасуына әкеледі, ол тек 
экология үшін ғана емес, тілдің дамуы мен қоршаған ортаның проблемаларын 
шешу мүмкіндіктері үшін қажет. Лингвоэкология сөйлеу мәдениетінің 
мәселелерін қамтитын тіл білімінің бір саласы ғана емес, ол адамзаттың рухани 
инабаттылығын сақтай отырып, балағат, әдепсіз және тұрпайы лексикадан 
қорғайды», – деп пайымдайды [22]. 
А.Б. Әмірбекова лингвоэкологияны «ұлттық-мәдени тілдік ортаны 
қалыптастыратын, ұлттық әдеби тіл нормаларының сақталуын қарастыратын, 
тілдің ұлттық мәдени-көркем, эстетикалық, ғылыми, саяси әлеуетін бұзатын 
ішкі және сыртқы ықпалдар мен факторларды анықтайтын, тілдің тым аса 
жаргондалу, сленгтену (дөрекілену) себептерін айқындап және онымен күресу 
бағыттарын, қағидаларын зерттейтін әлеуметтік тіл білімінің бір саласы», - деп 
тұжырымдайды [23]. 
Қорыта келгенде, көптеген еңбектердің
зерттеу нысанына алынып, қазіргі 
қазақ тіл білімінде өзектеліп келе жатқан лингвоэкология әлемдік 
лингвоэкологияның маңызды тұжырымдарын негізге ала отырып, өзінің дербес 
пәндік тұғырын айқындауға бағытталды. Осыған орай кейінгі жылдары жарық 
көрген лингвоэкологиялық ізденістерге сүйеніп, оның ғылыми-теориялық, 
әдіснамалық тұғырына алынатын тұжырымдары мен қағидаттарына, ғылыми 
ұғымдық аппараты мен концептуалдық негізіне кешенді талдау жасау 
қажеттілігі туындайды. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет