7
жетілдіруге мүмкіндік береді. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін
айқындауда пайдаланылады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелерін,
жинақталған
материалдар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында «Лингвоэкология»,
«Тіл мәдениеті», «Сөз мәдениеті», «Прагмалингвистика», «БАҚ тілі» сияқты
элективтік пәндерді жүргізуге, оқу-әдістемелік құралдарын жазу барысында,
болашақ тіл мамандарының кәсіби-коммуникативтік құзыреттіліктерін
қалыптастыруда пайдалануға болады. Осы бағыттағы
ғылыми зерттеулерге
дереккөз бола алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. Лингвоэкология мен эколингвистика – өзіндік жеке зерттеу нысаны
мен міндеттері бар, әртүрлі ғылым салаларына (лингвоэкология экология
саласына, эколингвистика лингвистика саласына) жататын пән атаулары.
2. Лингвоэкология пәні адамға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік және
мәдени нормалармен немесе ол нормалардың сөйлеу қызметіндегі бұзылуымен
жанасады. Сондықтан оның міндеті – бүлінген
тілдік компоненттер мен
құбылыстарды сақтау, оңалту, тірілту мақсатымен тілдің қазіргі кеңістік
жағдайын диагностикалау. Тілдік тұлғаны сол тілде сөйлеуші және сөйлеу мен
коммуникативтік қызметтерді жасаушы ретінде зерттеу, оның күшін оң
биоэнергетикалық өріс пен гуманистік, инвайронментальді
ойлау образын
қалыптастыруға бағыттау.
3. Медиакеңістік – техногендік өркениет пен ақпараттық жаһандану
жағдайында ақпараттың қозғалысы мен коммуникациялық байланыстардың
шекарасы жойылған, аудиторияның әлемді қабылдауының идеологиялық,
эмоционалдық, тіпті түпсаналық
танымын қалыптастыратын, ақпараттар мен
мәдени кодтар жасалатын, таратылатын және эстетикаланатын басты сандық
экожүйе.
4.
Медиакеңістіктегі негативтілік мәтіндердің
негативті тінінің
тығыздығын ұлғайтады. Бұл өз кезегінде ішкі жайсыздықты, күйзелісті,
мазасыздық пен алаңдаушылықты күшейтеді. Физикалық және психологиялық
бұзылуларға алып келу арқылы адам денсаулығына кері ықпал етеді. Үнемі
қайталанған жағдайда бұл әрекеттер жеке, қоғамдық агрессияны ұлғайтуға әсер
етіп, оң құндылықтық бағдарлардың жоғалуына алып келеді.
5. Эмотивтік құзыреттілік – бұл адамның эмоцияларды түсінуі мен
олардың қызметін, сипатын, атауларын, тілдік
бірліктердің эмоционалды
семантикасын, тілдік таңбалардың эмотивті валенттілігін білуі, сөйлеу әрекеті
үдерісінде дамитын және әлеуметтік қарым-қатынас тиімділігін қамтамасыз
ететін эмоционалды білімдерінің, дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: