Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

 
2.2 
Медиакеңістіктегі 
лингвоэкологиялық 
мәселелердің 
«адам↔адам» моделі аясындағы көрінісі 
Қазіргі медиакеңістік жаһандық ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы, 
ақпараттық 
технологиялардың 
дамуындағы, 
жаңа 
коммуникациялық 
институттардың тууындағы маңыздылығына сай зерттеулердің назарын өзіне 
аударып отыр. Соның ішінде «адамның тілдегі» көрінісін зерттеуге бағытталған 
жаңа 
парадигма 
қатысым 
жағдаятымен 
және 
коммуниканттардың 
интенциясымен анықталатын тілдік тұлғаның коммуникативтік мінез-құлқын 
қарастыруға басымдық береді. Тілдік және сөйлеу феномендерінің сан қырлы 
зерттелу векторы лингвоэкологияның да даму бағыттарын айқындайды. Соның 
бірі – лингвотоксикологияның аясында қарастырылатын тілдік агрессия 
мәселесі. 
Деструктивті іс-әрекет қатарына жататын агрессия ХХ ғасырдың 30-
жылдарынан бастап зерттеле бастады. Бұл зерттеулердің бастауында психолог 
Д. Доллард пен оның әріптестерінің 1939 жылы жарық көрген «Фрустрация 
және агрессия» монографиясы тұр. Ал өткен ғасырдың 70-жылдарында 
агрессия мәселесін зерттеуге деген қызығушылық айтарлықтай арта түсті. 
Оның себебін зерттеушілер жиілеген терактілер, ірі қылмыстар секілді 
әлеуметтік шиеленістердің жоғары деңгейімен және медиакеңістіктің 
адамдардың санасына кері әсер етуімен түсіндіреді [100]. 
ХХІ ғасырдың басында агрессия түрлі ғылым салаларында кеңінен 
зерттеле бастады. Оның феномендігін түсіндіретін бірнеше тәсілдер пайда 
болды. Олар «агрессияны» былай түсіндіреді: 
1. Дұшпандық тудыратын ашық қастық [101]. 
2. Біреуге физикалық немесе психологиялық зиян келтіруді мақсат ететін 
мінез-құлықтың кез келген формасы [102]. 
3. Жағымсыз сезімдерді форма арқылы (жанжал, айқай) да, ауызша 
жауаптардың мазмұны арқылы да білдіру (қорқыту, қарғыс, қарғыс) [103]. 
Ғылыми ізденістердің басты нәтижесі «агрессия» мен «агрессивті мінез-
құлық» ұғымдарының аражігін ажырату болды. Сонымен агрессия «қоғамдағы 
өмір сүру нормаларына (ережелеріне) қайшы келетін, шабуыл нысандарына 
(жансыз және жансыз) зиян тигізетін, адамдарға физикалық нұқсан келтіретін 
немесе психологиялық қолайсыздық (уайым, қобалжу, қорқыныш, депрессия 
және т.б.) тудыратын деструктивті мінез-құлық» ретінде ұғынылады [104]. 
Агрессияны көрсетудің ең көп таралған түрі – тілдік агрессия. Бұл 
терминмен қатар зерттеу еңбектерінде «сөйлеу агрессиясы», «вербалды 
агрессия», «коммуникативтік агрессия» тіркестері де қолданылады.
XX ғасырдың орта шенінен А. Басс, Р. Бэрон, Д. Ричардсон,
В.И. Жельвис, К.Е. Изард секілді шетелдік ғалымдар тілдік агрессияны 
психология ғылымының аясында қарастыра бастады. Кейін бұл мәселе орыс тіл 
білімінде де қолға алынып, Т.А. Воронцова, Л.В. Енина, Л.М. Майданова,
К.Ф. Седов, Л.М. Семенюк
(«сөйлеудегі мінез-құлық» ұғымын қолданды);
П. Рикер, А.П. Сковородников, А.А. Гусейнов, Н.А. Купина («тілдік қорлық» 


60 
ұғымын қолданды) еңбектерінде зерттеу нысанына алынды. Ал Л.И. Скворцов, 
А.П. Сковородников, Е.Н. Ширяев, т.б. ғалымдар тілдік агрессияны 
лингвоэкологияның аясында зерттеп келеді. 
Қазақ тіл білімінде бұл мәселе тілдік агрессия, өшпенділік тілі ұғымдары 
арқылы зерттеле бастады. Оған, әсіресе, медиа саласындағы мамандар арнайы 
көңіл бөліп, медиакеңістіктегі үдерісін бақылап келеді. Сондай медиа 
орталықтың бірі – еліміздегі MediaNet халықаралық журналистика орталығы.
MediaNet 2017 жылы «Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі өшпенділік 
тілінің мониторингін» жариялады. Бұл басылымда Facebook әлеуметтік 
желісінің 
қазақстандық 
сегментіндегі 
пікір 
көшбасшыларының 
жарияланымдарындағы өшпенділік тілінің мониторингі мен сараптамалық 
талдау материалдары берілген. Мұндағы өшпенділік тілі – ұлттық және діни 
алауыздық немесе жеккөрушіліктің қозуына тікелей немесе жанама әсер еткен 
БАҚ-тағы мәтіндердің жиынтығы (сонымен қатар мәтін тақырыбы, суреттер 
және өзге де элементтер жатады). Қазіргі уақытта бұл ұғым сөйлеп тұрған 
адамның ұлттық-мәдени, діни құндылықтары, саяси көзқарастары мен мінез-
құлықтары, т.б. өзінен ерекшеленетін қарсыласына деген жағымсыз қарым-
қатынасын білдіретін сөздермен бірігіп кетті [105]. 
А. Алтаева: «Тілдік агрессия – сөйлеушінің ашулы күйінің ықпалымен 
жүзеге асатын сөйлеудегі мінез-құлық» деген анықтама беріп, оның түрлері мен 
формаларына қорлау, дұшпандық, қоқан-лоққы, дөкір талап, дөрекі бет 
қайтару, жазғыру, келемеж, шағым, сөз тасуды жатқызады [106]. Тілдік 
агрессия лингвоэкологиялық мәселелердің қатарында қарастырылуы қажет. Бұл 
жөнінде И.В. Пекарская мен Е.А. Шпомер былай дейді: «Речевую агрессию как 
коммуникативную стратегию и тактику черной риторики целесообразно 
рассматривать в аспекте лингвоэкологических проблем, ибо она нарушает 
«чистоту речевой среды обитания», а именно – нормы коммуникативного 
поведения. Следствием такого нарушения являются фрустрации в речевом 
общении или даже коммуникативные сбои, неудачи, провалы» [107]. Тілдік 
агрессия адресаттың коммуникативтік кеңістігіне тілдік, аксиологиялық және 
когнитивті деңгейлерде баса-көктеп кіру болып саналады.
Сөйлеу барысында агрессивті коммуникативтік амалдарды қолдану 
тұлғаның моральдік-өнегелік құрылымын бұзады, сол арқылы коммуникативтік 
серіктеске ауыр психологиялық зардап тигізеді. Сондықтан тілдік агрессияны 
біз «адам↔адам» моделі аясында қарастырамыз.
Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның кең таралуы коммуникацияның 
виртуалды болуымен түсіндіріледі. Себебі виртуалды коммуникацияға түсетін 
тілдік тұлға: 
1. Жалған атпен (аккаунт, никнейм) жасырын болып қала алады. 
2. Соның 
арқасында 
коммуникациялық 
үдерісте 
психологиялық 
тосқауылдарға ұшырамайды. 
3. Өзінің шығармашыл «менін» ұялмай сыртқа шығарады. 
4. Айтқан 
сөздеріне жауапкершілік танытпайды (арыз түспеген 
жағдайда). 


61 
5. Виртуалды ізін жасыра алады. 
Француз әлеуметтанушысы А. Иоль масс-медианың дамуы нәтижесінде 
қоғам мен жеке тұлғаның бұрынғы мәдени жетістігінің мәні жоғала бастайды 
деп есептейді [108]. Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның таралуынан осы 
пікірдің дәйектілігін көруге болады. Өйткені қазіргі коммуникацияда адамдар 
мәдениет, 
әдеп, 
этика 
сақтауды 
азайтып 
келеді. 
Агрессивті 
тіл 
коммуникацияның әмбебап тіліне айналып үлгерді. Себебі адамдар бірін-бірі 
түсінуге тырыспайды, біртұтас эмоционалдық орта табуға ұмтылмайды.
В.И. Шаховский сөйлеушінің коммуникациядағы серіктесімен диалогқа 
түсу үшін, қатысымның позитивті реңкін жоғалтпау үшін тиісті күш 
жұмсамайтынын айтады. Зерттеуші бұны адамдардың Homo Debilis санатына 
көшуінің анық көрсеткіші деп есептейді. Индивидтің бұлайша әлсіреу үрдісін 
ақпараттық, әлеуметтік ортамен, қазіргі қоғам мәжбүрлейтін өмір сүру 
жағдайларымен түсіндіруге болады [109].
Виртуалды коммуникацияда адамдар бір-біріне ренішті, негативті, 
былапыт сөздер айтып, жағымсыз күйге түсіреді. Ал сөздің, А. Байтұрсынұлы 
айтқандай, «қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да 
балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат ететіні» белгілі [110]. Сондықтан ғалым 
айтқан тілдің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүректі тулатып, естен 
айырып, ерікті алып кететін күші адамға еріксіз әсер етеді. 
И.В. Пекарская мен Е.А. Шпомер тілдік агрессияның ықпалы туралы 
былай дейді: «Важно помнить, что социальные отношения, в основу которых 
кладется «злонамеренная, злокачественная человеческая деструктивность» (по 
Э. Фромму), обречены на разрушение. Агрессия превращает перспективную 
интенцию (коммуникативное намерение) в коммуникативный провал – 
фрустрацию, окрашивая «белую» риторику в «чѐрную», нарушающую 
лингвоэкологические нормы, приводящую к конфронтации – гражданской и 
международной» [107, с. 128].
Медиакеңістіктегі тілдік агрессияның мынадай себептерін көрсетуге 
болады:
1. Мақсатты түрде тұлғааралық, мәдениетаралық, топтық шиеленіс 
тудыру үшін (жақтырмау, жек көру, қызғану, көңіл толмау, ұнатпау, ұят, ерсі, 
жат көру, кінәлау). 
2. Коммерциялық мақсат үшін (жеке бастың есебі, бақталастың 
тапсырысы бойынша). 
3. Саяси мақсат үшін (қарсыластарды кемсіту, айыптау). 
4. Өзіне назар аударту үшін. 
5. Жай күлкі үшін. 
6. Кемсіту, төмендету, тіл тигізу үшін. 
7. Өзінің қандай да бір талаптарын айту үшін. 
8. Өзін-өзі қорғау үшін. 
9. Өзін-өзі дәлелдеу үшін. 
10. «Құрбан» табу үшін (провокацияға берілетін адамдарды табу үшін). 


62 
11. Байқаусызда (адресант оның тілдік агрессия екенін білмейді) жүзеге 
асады. 
Бұл себептер біз
жинақтаған материалдар негізінде анықталды. 
Сондықтан оның қатарын толықтыруға болады.
К.Ф. Седова тілдік агрессияның үш түрін ажыратады: 
1) айтылу формасына қарай: тура / жанама; 
2) мақсатына қарай: шабуылдау / қорғану – бастаушы / жауап беруші; 
3) иллокуцияның бағытына қарай: адресатқа / нысанға бағытталған [111]. 
Бұл тізімді Ю.В. Щербинина көрсеткен өлшем-шарттармен толықтыруға 
болады:
1) көрініс сипаты бойынша: жеңіл / ауыр;
2) қатысушылардың саны бойынша: топтық / тұлғааралық [112]. 
Зерттеу 
барысында 
жинақталған 
материалдар 
негізінде 
тілдік 
агрессияның, көбінесе, билік өкілдеріне, өзге ұлт, өзге дін, өзге мәдениет 
өкілдеріне бағытталатынын анықтадық. Оны мына мысалдардан көруге болады: 
Билік өкілдеріне: мінбердегілер, шөпке т....лар, биліктің күшіктері, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет