73
В.Г. Костомаров қоғам өміріндегі тарихи, өзгерісті кезеңдерге
байланысты әр дәуірдің өз тілдік талғамы болады дейді.
Зерттеуші талғам
категориясының әр дәуірде әртүрлі мазмұнмен толығатынын айтады: дұрыс
және бұрыс талғам, уақыт немесе ғасыр талғамы, халықтық талғам, т.б. [129].
Л.К. Граудина мен Е.Н. Ширяев: «қазіргі интерпретациядағы тілдік
талғам – тілдік фактілерді ажыратып қабылдау мен бағалау қабілетімен
байланысты аксиологиялық, құндылықтық категория», – дейді [130]. Жалпы
талғам қандай да бір деңгейде жеке сипатта болады. Ол бала кезден тәрбие алу
(оның ішінде тілдік тәрбие де бар) үдерісінде қалыптасады.
Басты белгісі бұқаралық сипат болып саналатын «тілдік сән»
ұғымы
мүлдем қарама-қарсы түсінік береді: «Сән ұдайы пайда болатын жаңа
өнімдерге ұжымдық еліктеуді білдіреді» [131]. Бұл – философиялық және
әлеуметтік зерттеулердің дәстүрге айналған мәселесі. Қазіргі лингвистикалық
үдерістерді сән, бедел, тілдік талғам сияқты әлеуметтік категориялардан бөліп
қарау мүмкін емес.
Сәнді сөздердің нақ анықтамасын беру қиындық тудырады. Дегенмен бұл
құбылысты сипаттау мен мүмкіндігінше түсіндіру өте маңызды. Сән тілдегі
белгілі бір феномен болып саналады.
В.Г. Костомаров: «Кейде абсурдқа дейін апаратын тілді дұрыс әрі тиімді
қолдану жөніндегі өзгермелі түсініктерді «сән» сөзімен белгілеуге болады. Сән
–
барынша жеке, көзге түсетін және қоғамның консервативті, жасы үлкен
бөлігінің ашуын тудыратын талғамның соңғы көрінісі. Сөйлеу сәні өмірдің
басқа салаларындағы сәнмен тікелей байланысты», – дейді [129, с. 20].
И.Т. Вепрева тілдік сәнді кірме сөздердің енуіне ықпал ететін себептердің
біріне жатқызады: «Бір жағынан, кеңестік дәуірдің сөздерін қолданудан қашу
ниеті, ал екінші жағынан, батыстық құндылықтарға бағдарлану, ағылшын тілін
шектен тыс қолдану – осы өзара байланысты екі негізгі фактор қазіргі орыс
тіліндегі сәнді тілдік өзгерістердің динамикасын анықтайды», – дейді [132].
Сәнді сөздердің негізгі екі белгісі бар: біріншісі – оның жаңа сөз болуы,
ал екіншісі – бұқаралық қолданыста болуы. Сондықтан
сәнді сөйлеуге бейім
тұратын қазақтілді жастар сөйлеуде мейлінше ағылшын, орыс, кәріс тіліндегі
жаңа сөздерді қолдануға құмар болып отыр. Ал мұның салдары жастардың
этнотарихи дүниетанымына қауіп төндіріп, қазақ сөзін,
оның рухани мәнін,
гендік жадын құнсыздандырып, тілдік экологиямызды бұзуға әкеледі.
Қазір еліміздегі
шоп, маркет, рум, корнерлерде сатушы, тауар
қабылдаушы, дүкен меңгерушілері емес,
бизнесмен, бизнесвумен, сэллер,
трейдер мен
менеджерлер, сэйлесмендер жұмыс істеуде.
Заманауи кеңселер
мен түрлі коммерциялық құрылымдарда ендігі ретте
бизнес-контакт клерктер,
диллерлер, дистрибьютерлер, франчайздар, консигнаторлар, референттер,
дрессмейкерлер, имиджмейкер мен
спичрайтерлер, промоутерлер, т.б. өз
бизнестерінің
ноу-хауларын бір-бірлерінен, ал өздерін,
чайлдтары мен
тинейджерлерін, лайфтары мен
фэмилилерін рэкеттерден,
киллерлер мен
киднэппингтерден қорғап жүр. Ол үшін олар
филерлер мен
сейфгардтардың
көмегіне жүгінеді. Ендігі уақытта
уик-энд деп аталатын демалыс күндері олар
74
түрлі
бизнес-клаб, тренинг, дансинг-холл, паб, патилер мен
ивенттерге барады.
Телеарналардан түрлі
хит-парадтар мен
брейн-рингтер, реалити-шоулар
көреді. Осындай сөздердің барлығы бізге
медиакеңістік арқылы еніп, сіңісіп
жатыр.
Әрине, бір мәтінде мұнша жаңа сөздің кездеспеуі мүмкін, алайда
бұлардың бәрі қазіргі қазақтілді медиакеңістіктен алынған мысалдар. Мұндай
«импорттық қаптамадағы»
хит, тренд, хайп, фан, вайн, челлендж, чат,
Достарыңызбен бөлісу: