Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет36/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

инвестиция, аваль, эккаутинг, т.б.), шетелдік өнімдердің атаулары есебінен 
тауарлық номенклатураның кеңеюі (айфон, андроид, планшет, лаптоп, т.б.), 
т.б. секілді үдерістер табиғи құбылыс саналып, тіл мамандары үшін 
айтарлықтай үрей тудырмайды. Бұл ретте Ю.М. Лотманның: «шындықты 
білдірудің оңтайлы механизмі ретінде бір мінсіз / жетілген тілдің болу 
мүмкіндігі туралы түсінік – иллюзия» деген пікірі дәйекті [49, с. 13].
Ал өз тілімізде баламасы бола тұра, оны шеттілдік сөзбен әдейі 
алмастыру лингвоэкологиялық тұрғыдан дабыл қағуға итермелейді. Себебі 
қазіргі сөздік қорымыздағы аударылмаған бөтен сөздердің саны күн санап 
артып келеді. Мұның салдары туған тілге деген немқұрайлықты арттырып, 
қазақ этномәдени әлем бейнесіне бөгде менталдылықтың басып кіруін арттыра 
түсуде. Халқымыздың мәдени-тарихи санасының кілт сөздерін – ұлттық мәдени 
концептілерді біртіндеп айырбастауға қадам жасалып жатыр. Мұның нәтижесі 
дәстүрлі логикалық-ұғымдық желінің үзілуі мен лакуналарға алып келеді. 
Осының салдарынан бұқаралық сананың құндылықтық бағдарлары 
өзгеріске ұшырауда. Әркез сән үшін қолданылатын өнегелі әлеует пен жадтан 
айырылған жат сөз күнделікті қолданыстан қазақ сөзін ығыстырып, тілдік 
протез (терминді қолданған – Л. Савельева) қызметін атқарады. Сәнге еліктеу 
қарқынында қоғамдық және жеке тәуелсіздіктің ажырамас бөлігі өзіндік 
ерекшелік пен интеллектуалды-рухани дербестік ұмыт қалады. 
Шеттілдік сөздер жаңа лексикалық жүйеге кіргенде өзін жасаушы 
халықтың шығармашылық рухынан, тарихи жадынан ажырап қалады. Егер 
қазақ тілінде имидж сөзінің ешқандай бағалауы болмаса, ағылшын тілінде бұл 
– бастауында христиандық «бейне» (Құдай) мағынасы жатқан мағынасы өте 


76 
терең image сөзі. Сондай-ақ sponsor сөзі де (Құдай алдындағы) «кепілгер», 
«кіндік әке», «кіндік шеше» мағыналарын білдіреді. Ал біз оны ақшалай 
демеуші мағынасында ғана қолданамыз. Әр халықтың өз сөзі өзіне киелі, өзіне 
құнды. Сондықтан А. Байтұрсынұлы айтқан «қанға, жанға әсер етіп, арбау 
сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат 
ететін» төл сөздерімізді қолдануымыз керек. 
Сәнге айналған ағылшын сөздерін негізсіз қолдану алғашында қауіпсіз 
көрінгенімен, бұл этностың өзіндік дүниетанымына жат элементтерді жасанды 
түрде енгізуге алып келеді. Мұның салдары қазақ мәдениетінің этникалық 
бағдарларын жоғалтып, сол арқылы қоғамның рухани саламаттылығына зиянын 
тигізеді. Мәселен, АҚШ-та маркетингтік мақсатта қолданылатын «Black Friday» 
ұғымын соңғы жылдары қазақстандық сауда орталықтары жеңілдіктер күнін 
атау үшін тура мағынасында «Қара жұма» деп беріп жүр: «Қара жұма» - 
бүгінде дәстүрге айналған, көзтартарлық жеңілдіктер акциясы» (Тенгриньюс, 
28 қараша, 2019). Ал қазақ танымында жұманың, керісінше, қасиетті күндердің 
бірі саналатыны белгілі. Екіншіден, қара сөзі, көбінесе, қайғы-қасіретпен 
байланыстырылады. Сөз мәнісін түсінетін адамдар бұл тіркесті ерсі көріп, 
қасиетті жұманы қара жұма деп атауды жамандықтың белгісі деп есептейді. 
2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан ұшқан Бек Эйр әуе 
компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, нәтижесінде бірнеше адамның қаза 
тапқанын білеміз. Оқиғаға қатысты берілген жаңалықтардың астына адамдар: 
«Қара жұма, қара жұма» деп, ақыры қаралы жұма қылдық. Ауыздан үнемі 
шығатын сөз өміріңде орын алады»; «Мінеки, қасиетті жұмамызда қаншама 
адам ұшақ апатынан көз жұмды! Осы ма қара жұма?» сынды пікірлер 
қалдырған. Себебі ұшақ құлаған 27 желтоқсан жұма күні болатын. Осындай 
ұлттық дүниетанымымызға жат кірме сөздер қатары көбейіп жатыр. 
Шеттілдік сөздер медиакеңістіктегі фильмдер, телесериалдар, әндер, 
бейнероликтер арқылы жаппай еніп жатыр. Бұл сөздер біздің тіліміз бен 
өмірімізге өзге елдің мәдениетін, өмір сүру салтын, дүниетанымын енгізуде. 
Кірме сөздердің тасқыны мәселесі әлемнің барлық тілдеріне салдарын тигізіп 
жатыр. Мәселен, орыс тіліне еніп жатқан кірме сөздер туралы Т. Миронова: 
«Шетелдік сөздер орыс тілінің бір шетін имене айналсоқтап еніп, бүгін дендеп, 
сыналап кіріп, тілден көрнекі және жақсы орын алатын болды. Сөйтіп, өз 
орнын тауып, біздің тілімізді толықтыра түсті. Бізді қорқытатыны – бұл 
сөздердің көптігі емес, олардың басқыншылығының салдарынан орыс жанын 
жылытып, «жүрегін елжірететін көзге көрінбес реңкі бар» төл сөздеріміздің 
айналымнан шығып бара жатқандығы. Тіліміздің ұшында «супер», «люкс», 
«процесс», «адекватно» сөздері дайын тұрғанда көркем тілмен бейнелеп сөйлеу 
үшін басыңды қатырып, ойланудың қажеті жоқ. Бір қарасаң, әдемі, ақылды 
сөздер, бірақ олар сондай суық және құрғақ, көпірген сабын секілді. Ол сөйлеу 
тілінен төл сөздерімізді ығыстырып, француз, неміс немесе ағылшын сөздерін 
іздейтін дағдыға бастап, шешендік өнерге, әдебиетке араласа бастайды. Тіпті, 
орыс тілінің ырғағының өзі шетелдік қалыпқа түсіп барады. Дыбыстық 
көптүрлілік жоғалды, орыс сөзінің көпәуезділігінен айырыламыз. Радио және 


77 
телекомментаторлар дыбыстық мәтіндерін жүре келе үйренген ағылшын тілінің 
ырғағымен әрлейді, бұның соңы миллиондаған көрерменді, бірінші кезекте 
балаларды елітері сөзсіз. Робот сөйлеп тұрғандай «электронды» дауысты есту – 
қорқынышты және адам көргісіз. Радио мен телехабарларын таратушы 
қызметкерлер ағылшын сөзін орысша жаттап алған өзге мемлекеттің 
азаматтары секілді. Бәлкім, солай да шығар? Тіпті радио және телевидениедегі 
бағдарламалардың аты да сондай түсініксіз, шетелдік ойлап тапқандай: 
«Телемикст», «Бомонд», «Военноеревю», «Тинко», «Евромикс», «Телетайп», 
«Поп-магазин» [79, б. 124-125]. 
 
Қазақ сөздерін шеттілдік сөздермен алмастыру үрдісін қолдап отырған 
қазақстандық телеарналардағы жағдай да дәл осындай. Оны еліміздегі 
мемлекеттік, жалпыұлттық, жеке меншік, коммерциялық 15 арнаның 
бағдарлама атауларына жасаған талдаудан көруге болады. Қазақтілді 
бағдарлама атауларының толық ағылшынша немесе жартылай ағылшынша 
аталуы барлық телеарналардан көрініс табады (8-кесте). 
 
Кесте 8 – Телеарналардағы атауы толық немесе жартылай ағылшын тіліндегі 
бағдарламалар кестесі  
Телеарна атауы 
Атауы толық ағылшын 
тіліндегі бағдарламалар 
Атауы жартылай ағылшын тіліндегі 
бағдарламалар 



Qazaqstan 
Q-pop Idols 
Әзіл Man, Qazaqstan fighter 
Qazsport
Pro football
Balapan
ABC+ 
Bala time, I-balapan
Online balapan 
Balapan news 
Hello, Balapan 
Хабар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет