104
содержание здоровье как ценность включает множество субценностей,
имеющих смысло-жизненное значение для человека. Здоровье – это и
наслаждение, и польза, и слава, и красота, и добро, и счастье. И в этом
отношении о здоровье можно говорить как об универсальной ценности» [195].
Яғни адам тілдің арқасында жетістікке жетеді, өзін-өзі танытады, мақсаттарына
қол жеткізеді. Сондықтан тіл де адам үшін денсаулықпен тең тұратын
құндылықтар қатарында болуы керек.
Т.Б. Радбиль «құндылық адамның шындықты қабылдауының ерекше
категориясы саналып, қандай да бір заттардың (биологиялық немесе
психологиялық, утилитарлық немесе моральдық, интеллектуалдық немесе
эстетикалық) маңызды, айрықша болуымен ұғынылады. Бұл маңыздылық
белгілі бір нәрсеге «бағалауыштық шкаласындағы» айрықша көзқараспен
анықталады. «Бағалауыштық шкаласы» былай өлшенеді: жақсы – бейтарап –
жаман [196].
Егер осы құндылықтар шкаласын коммуникацияға көшіретін болсақ, онда
сөйлеп тұрған адамның да өз эмоциясын басқара алмай, жағымсыз сипат
жағына ауысатыны белгілі. Мұның салдары адам мен қоршаған орта
арасындағы үйлесімділікті бұзып, конструктивті қатысымды деструктивті
қатысымға айналдырады. Сондықтан коммуникацияның, мәтіндердің эмотивті
жиілігін анықтап, олардың конструктивті / деструктивтілігін, экологиялық /
экологиялық еместігін (маркерлерін) ажырата алу мақсатымен эмотивтік
құзыреттілікті қалыптастыру мәселесін қойып отырмыз. Оны шешу үшін
эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту әдістемесін жүйелеу
міндеті туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: