ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ
Кесімді
Мерзімдік
Ай бойынша
Күн бойынша
Сағат бойынша
Мерзімдік - сыйақылық
Жай мерзімдік
Жай кесімді
Кесімді - сыйақылық
Кесімді жанама
Көтеріңкі
Еңбегіне қарай - өспелі
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2
нысаны бар:
1-нысаны – мерзімдік;
2-нысаны - кесімді;
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді –
сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен
өтелген уақытпен және қызметкерлердің
тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен
анықталады. Практикада осы табыстарды
есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
- Сағаттық;
- Күндік ақы;
- Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек
нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп
қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі
ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол
жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге
болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар,
тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл
нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;
3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
4. Жанама – кесімді жүйе;
5. Аккордық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек
шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін
белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы
сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық
көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.
Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді
белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар
бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс
бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2
есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).
Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс
орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек
өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады.
Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін
негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама
– кесімді бағалаулар төленеді.
|