М
ЕРЕКЕ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНГІ ЖҰМЫСТАРҒА
АҚЫ ТӨЛЕУ
Мереке
және
демалыс күндері
жасалған жұмысқа
еңбекақы
екі
есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі
еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік
ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке
күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе,
еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік
ставка
мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс
жасалған болса,
онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка
мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе
демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі
мөлшерде еңбекақы төленеді.
Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен
тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс
істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы
төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).
Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері
атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс
күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген
жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.