Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95352
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Еңбекақы



Жалақы — еңбектің күрделілігіне, 
саны мен сапасына сәйкес төленетін 
сыйлық (табыс). Еңбекақы —
қаржыландыру көзіне қарамастан , 
ақшалай немесе заттай түрде еңбекке 
төленетін ақылардың барлық түрі, 
сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, 
қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен 
әлеуметтік жеңілдіктер. 


Ж
АЛАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН
ЖҮЙЕЛЕРІ
Жалақы екіге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша;


Негізгі 
- бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген 
уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік 
өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар 
мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі 
жалақының құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, 
кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша 
есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің 
бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, 
қосымшалар;
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы.


Қосымша
– бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс 
жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес 
есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына 
кіретіндер:
- балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы 
үзіліс уақытына төлем ақы;
- жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді
орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- шыққанда берілетін жәрдем ақы


Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын 
құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының 
барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, 
қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс 
жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын
қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда
есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет