15
“Абайдың жұмбағы”, Қалмұқан Исабаевтың “Серт”, “Шоң би”,
Кəдірбек Сегізбаевтың “Беласқан”, Қабдеш Жұмаділовтың “Да-
рабоз”, Софы Сматаевтың “Жарылғап батыр” (өлеңмен жазыл-
ған роман), Ұзақпай Доспанбетовтың “Қызыл жолбарыс”, Хасен
Əдібаевтың “Отырар ойраны”, Əнес Сарайдың “Еділ-Жайық”,
Тұрсынхан Зəкенұлының “Көк бөрілердің көз жасы”, Жанат
Ахмадидің “Шырғалаң” тағы басқа романдарын атауға болады.
Жазушы Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” ро-
маны 1999 жылы жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығар-
машылығына арналған «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында
жазушы ақын өмірінің барлығын қамтып, туғаннан бастап
дүниеден өткен шағына дейін уақыт кеңістігінде, тұтас бір дəуір
панорамасын толық көрсетуді мақсат еткен. Қазақ елінің екіталай
тағдырын, сол кездегі толғақты мəселелердің өмірге Абай сияқты
данышпанды əкелуі заңды құбылыс деген түйін жасаған жазушы
ақын өлеңдерінің өн бойында қазақ өмірінің шындығы мен мұңы
жатқандығын көрсетеді. Бұл мəселелер төңірегінде тек Абай ғана
емес оның тұстастары да болғанын қазақтың тұңғыш ғалымы
Шоқан Уəлиханов, оның орыс досы Федор Достоевскийдің Се-
мей қаласында бас қосып, заманының келелі мəселелері туралы
кеңескендігін көркем тілмен бейнелейді.
Романда жасалған əр түрлі характерлер, олардың əрқайсының
өзіне ғана тəн көзқарастары, айналаға қарым-қатынасы, дүние-
танымы автордың негізгі идеясына қызмет жасап қана қоймаған, сол
заманнның шынайы суретін, бейнесін жасауға септігін тигізген.
Р. Тоқтаровтың роман-хамсасындағы кейіпкерлер ұдайы қоз-
ғалыста, іс-əрекет үстінде, ішкі-сыртқы қайшылықта, қақ тығыс
үстінде көрсетіледі жəне əр қаһарманның ішкі əлемі психо-
логиялық тұрғыда бейнеленеді. Бұл орайда шығармадағы Абай,
Шоқан, Достоевский т.б. өнер, шығармашылық адамдарының
болмыс-бітімі, рухани жағынан ширатылып, драмалық тұрғыда
суреттеліп, талайлы тағдырлары талқыға түскен замандағы бол-
мыс-бітіміне көбірек назар аударылады.
Жазушының М. Əуезовтен кейін бұл тақырыпқа бару себеп-
тері де жоқ емес. Біріншіден, романның прологіндегі
Достарыңызбен бөлісу: