39
дегенде бір данышпан: – Мен балалық елінен келдім, – деген екен»,
– деген сөздермен басталады. Автор сол балалық еліне сапар
шегіп, қасіретті мен қақтығысы көп кезеңге тап келген балалық
шағын сөз етеді. Əкесі Мұртазаны «халық жауы» деген жаламен
ұстап əкеткенде Барсхан бес жаста ғана еді. Міне, сол кезден
бастап үлкен өмірмен бетпе-бет келу, басқа түскен қиындықтар;
жетімектерін жетелеп, жарының қайғысын азалаған Айша
ананың қасіреті мен қайраты романның өзегіне алынған. Соғыс
уақытындағы тыл өмірінде еңбек еткен əйелдер
бейнесі Айша
образы арқылы бейнеленсе, тура осындай еңбек өтінде жүрген
жас балалардың халі, жайы шығарманың бас кейіпкері Барсхан
арқылы көрінеді. Айша таңсəріден тұрып, егіс даласында күні
бойы еңбек етіп, қас қарайғанда үйіне шаршап-шалдығып оралса,
ұлының да мойнындағы жүк те өз жасына қарағанда əлдеқайда
ауыр.
Жала жабылып айдалып кеткен əкесінің сол қалпы қайтып
оралмауы, шиеттей үш баламен тірідей жесір қалған шешесі
Айшаның ауыр тағдыры, отағасынан
айрылған отбасының
бірінен соң бірі таусылмас озбырлыққа ұшырауы, қаншама
қайғы-қасірет тартса да, мойымай, алға ұмтылып, күрессе де
жеңіліске ұшырай берген ұзақ жылдар – адамды барлық жағынан
шаршатып жіберетін жағдайлар. Шығарма кейіпкерлері Айша
да, жас бала Барсхан да ел қатарлы қиындықтарды, зорлықты
көре жүріп, күндерін көреді. Бұл
жолда олардың жеңістерінен
гөрі жеңілістері көп. Жетім, жесір деп есіркемей, керісінше,
үстемдіктерін көрсетіп, өмірлерін қиындата түсетіндер қай
кезеңде де табылатыны белгілі. Мұндай өктемдік жасаушы
адамдардың романдағы өкілдері – Тасбет бригадир, Жуанқұл
бастық, Олар Айша мен Барсханға əуелден теріс көзбен қарап,
қырына ала береді. Ана мен бала таңның атысынан күннің ба-
тысына дейін далада колхоз жұмысында аянбай еңбек етсе
де, бригадирдің көңілінен бір шықпайды. Осындай əділетсіз
қиянаттың бірінде Барсхан оған айыр ала жүгіреді.
Осы оқиғадан
кейін зорлықшылардың жазасынан қорқып, Айша жалғыз ұлын
нағашыларына жібереді. Ауыл жуандарының қорлығы əбден
батқан соң, өзі де балаларын жетектеп, ұрланып көшуге мəжбүр
болады. Алайда Тасбет оларды жай жібермей, арбаға жеккен
40
өгіздерін тартып алып, өздерін далаға қаңғыртып тастап кетеді.
Бұл олардың жағдайын одан сайын ауырлата түседі.
Барған ауылдарында да ұзақ тұра алмай, Əулиеата қаласына
келеді. Ол жерде əйтеуір өлместің күнін көріп, соғыс біткеннен
кейін ғана еліне қарай қайта бет алады.
Кейіпкердің бастан кешкен оқиғаларының
қамтитын уақыты
– он шақты жылдың көлемі ғана. Осынау қысқа кезеңде оның
алдынан сан қилы тағдыр иелері, əртүрлі мінезді адамдар
жолығады. Олардың ішінде өмірлері трагедиялық жағдаймен
аяқталатындары да бар. Мəселен, өзі қатарлас Сүлеймен – құрт
ауру. Құрдасына жаны ашыған Барсхан «шіркін, қымыз болса,
жазылып кетер еді» деп армандайды. Осы ойдан арыла алмаған
оның емдік қасиеті бар сусынды іздеп сандалуы логикалық
тұрғыдан дəлелді. Жуанқұлдың əйелінен əрең сұрап алған
қымызды жолда кезіккен Жуанқұлдың
қамшымен тартып қалып,
ақтарып тастауы – осы сюжеттің шарықтау шегі.
Барсханның нағашы апасы Зибаның да тағдыры Сүлей-
мендікіне ұқсас. Күйеуі ел қатарлы соғысқа кетіп, соңында аман-
сау оралғанымен, оның басты трагедиясы – ауыр науқасқа душар
болуында. Дерті айықпас емес, дұрыстап емделер болса, жазылып
кетуге болатынын бала да болса Барсхан да түсінеді. Бəріне кінəлі
– қолдың қысқалығы. Өмірге құштар əйелді құтқарып қала алмау
бұл желідегі оқиғаның салмағын ауырлата түскен.
Зибаның аузы
аққа тисе ауыруынан сауығып кетер деген үмітпен, туысқандарына
қосып қойған сиырын алып келуге Барсханды жұмсайды. Алайда
аузына келгенін айтып оны қуып жіберуі – оқиғаның түйінді тұсы.
Бұл оқиғалардан туындайтын əлеуметтік қорытынды – қысылтаң
кезеңде адамдардың пиғылының осылайша тарылып кететіндігі.
Романның бас кейіпкері жазушының өзі екенін байқау қиын
емес. Шығармаға да өзі басынан өткерген шынайы оқиғалар ар-
қау болған. Шығарманы оқып шыққаннан соң оқырманның ең
алдымен түйетін ойы – жазушының балалық шағындағы оқи-
ғалардың қоюлығы, бастан кешкен жайларының,
өмір соқ-
пағында ұшырасқан адамдарының алуан түрлігі мен молдығы.
Өмір кеңістігіне енді ғана қадам басқан жас баланың алдынан
ұшырасып, тағдырына араласқан əрбір адам өз алдына дара
бір сюжеттің туындауына, бұрынғы айтылып келе жатқандарға
41
ұқсамайтын жаңаша ойдың түйінделуіне себепші. Мəселен,
мектепке барғысы келген Барсханды «халық жауының» баласы
деп мектепке алмай қояды. Бұған намыстанып үйіне жылап
қайтып келе жатқанда алдынан шыққан комсомол қызметінде
жүрген Ноха есімді жігіт көмектесіп, мектепке алдырады. Бұл
білім алуға құштар жас бала үшін ұмтылмастай əсер
қалдырған
оқиға болады. 1941 жылдың күзінде соғысқа кеткен Ноха содан
қайтып оралмайды. «Осы күні қолымда бел ортасынан жыртылған
суреті бар...
Достарыңызбен бөлісу: