16
жолы” эпопеясында ақын өмір сүрген дəуір мен оның айналасына
күн көзіндей күшті жарық түсірді. Бірақ “елу жылда ел жаңа,
жүз жылда қазан” деген сөз бар, енді қайтып айналып келмейтін
Абайдың қатпары мол дəуірі санада ол роман бойынша өзгермей
сақталғанымен, Абайдың өзі заман озған сайын сан түрге еніп,
əр жайда құбыла көрініп, көп сөздеріне уақыт ыңғайымен
басқа түсініктер енеді. М. Əуезов Абайдың əрі салса дəуірін,
бері салса бір қабат өмірін көркемдікпен шебер бейнелеп берді.
Бірақ Абай поэтикасының қуатты көзі, өзінің жұмбақтығы
“толық ашылды, шешілді” деп ешкім де тұжырып айта алмас.
Мен Абайды жазуға мүлде басқа қырынан келемін». Екіншіден,
шығармашылық иесі Абай ақынның ішкі жан дүниесін мейлінше
ашуға, сол арқылы бүкіл адамзаттың бойындағы қасиеттерді
көрсетуге күш салған. Үшіншіден, əр адам Абайды өз танымының
елегінен
өткізіп барып, бейнелейді.
Бірқатар қаламгерлеріміздің «Əуезовтен кейін Абайға барудың не
қажеті бар. Идеялық-көркемдік дəрежесі биік реалистік романда ішкі
кеңістік əдеби бейнелердің типтік қасиеттеріне, терең психологизміне,
компоненттерінің композициялық, стильдік бірлігіне қарай жасалады.
Туындыда Абайдың ұлылығын – бүкіл адамзаттық биік дəрежеге
көтеріле алғандығын дəлелдеген автор
ақынның зор тұлғасын шебер
беруге талпыныс жасаған. Əсіресе, Абайдың адамгершілік туралы
ұғымын жаңа биік сатыға көтеруге, адамзат қауымына үнемі жаңа
идеялар ұсынып отырғандығын бүкпесіз жазады. Жазушы Абайдың
дəуір озған сайын жұмбағы тереңдей беретін тұлғасына, өмірден не
нəрселерден
көбірек қуат алды, айналасында кімдер болды соларды
өзгеше қабылдаумен беруге ұмтылды. Автордың бұл роман-хамсасы
бірнеше бөлім
нен тұрады, алғашқы кітап “Толғақ”, екінші кітап
“Жұлдыз құр
бандық”, үшінші кітап “Қызғаныш”, төртінші кітап
«Хақиқат мекені», бесінші кітап «Нұрсипат»
деп аталып, Абайдың
балалық, жасөспірім шағынан өмірінің соңғы кезеңдеріне дейін
толық бейнеленеді. Осы тарау аттарының өзі романның тұтастығын
сақтай отырып, дербес қабылдауға жетелейді. Абай жас шағында-
ақ ірі істерге қатысарлық сана-парасаты жетілген,
жас жігіттің
кемелденгенге дейінгі өмір оқиғалары, естіген, көргендері, өскен
ортасы, алған тəлім-тəрбиесі, елеулі болмыс-бітімі іріктеліп, шығарма
желісіне өрілген.
17
Жазушы романда Абайдың балалық шағы мен жастық дəуренін
алғашқы
кітаптарда топтап, есейіп, ес жиған өмір кезеңдерін де
нақтылап, сенімді күрес, тартыс арқылы шебер суреттеген. Бұл
романда адам өмірі шығармашылықпен жүзеге асырыла отырып,
замана қаһарманын, оның рухани жан-дүниесін, мақсат-мүддесін,
ой-сезімін шыншылдықпен өрнектеп, Абай характерін ашуды
биік мұрат тұтқан. Абай өмірдегі өз қалпын сақтап, шынайы сөзін
айта алғандай əсер етеді.
Роман-хамсадағы кейіпкерлерге
ден қойғанда байқағанымыз
- жазушы бейне сомдауға шебер. Жазушының шығармасындағы
Құнанбай, Қодар, Кенесары, Абай, Ербол, Зере, Шоқан, Тəттімбет,
Алшынбай, Ұлжан, Тоғжан, т.б. - өмірде болған адамдар. Автор
олардың əрқайсысының жекелеген кейіптерін келтіре отырып,
сол кезде өмір сүрген адамдардың типтік бейнесін жасауды
мақсат тұтады.
Р. Тоқтаров туындысындағы
жан-жақты ашылған, тұтас
сомдалған типтік бейнелердің бірі – Қодар. Бұл бейнені автор:
«Енді, міне, жуан торы атының үстінде өңкиіп, қанын ішіне
Достарыңызбен бөлісу: