«Мен көкпарға тастаған лақ емеспін.
Мен Роксанамын. Байтақ патшаның еркін өскен қызымын.
Александр мені өзінің теңі деп білді. Мен оны да бағаладым.
Ұлы Александрмен теңмін деп шалықтамаспын. Бірақ падишаға
Ұлы Даланың еркін өскен қызына шақ теңдігімді кемітпеспін.
Соңымда бейбіт өмірге жеткен елім қалып барады деп өзімді
жұбатармын, жаратқан ием осылай жат жұрттық етіп
дүниеге əкелді екен - ендігі тілеуім Александрдың амандығы
болады». Қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттік, тəкаппарлық,
көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттері ғасырлар бойы ел
аузындағы аңыз əңгімелерге, батырлар жырына, əн-жырға арқау
болған Тұмар, Зарина, Роксана, Домалақ ене, Айша бибі, Құртқа,
Гүлбаршындардан келгені анық.
Роксанаға қатысты мəліметтердің бірінде: «...Осы қыздардың
біреуін Роксана деп атаған. Ол бойжеткен қыз болған еді,
сонда жорыққа қатысушылар, бұл бикешті Азияда көргендер
сұлулардың арасында, жалғыз Дараявауш əйелін тең санамағанда,
бір ару деп, қайта-қайта айтқан. Ескендір алғаш көргенінен
оған ғашық болған, бірақ, тұтқынындағы қыз қолында болса
да, өз құштарлығына күшпен қанағат болмай, өзін жайдақтатып
27
заңды неке қию рəсімін өткізген еді». Бұл мəліметке қарағанда
тарихшылар сол кездегі Раушанның жасы 14-16 шамасында бо-
лыпты дейді. Куртиус жазады, Раушанды əкесі басқа 30 игі
қыздар арасында салтанатты тойда патшаның көңілін көтеру
үшін əкелгенде Ескендір байқап қалған. Бұның айтуынша патша
нөкерлері азсынушылығын перделеген: «…Азия мен Еуро-
па
ның патшасы тойда көңілін көтеру үшін əкелінген қыздан
жеңіскерлерге ұлық тудыру үшін əйелі етті».
Э. Төрехановтың «Ескендір мен Роксана» романының басты
кейіпкерлері ел билеген патшалар, ақылы кемел ғұламалар, əскери
қолбасшылар. Шығармада толассыз шапқыншылық, айтыс-
тартыс, кек алу, өшпенділік, қанды қырғын суреттеледі. Алайда,
əлемге есімі жайылған Александр Македонский, Ұлы Дала
патшалары Қаңлы Байтақ, Үйсін Күнбегі көрегендер өздерінің
билік, үстемдігін көрсететін əміршілер емес, баһадүрлігін,
ақыл-парасатын жоғары ұстаған қайырымды, ойлы тұрғыда
бейнеленеді. Б.д.д. IV ғасырда жасаған өзінің батырлығымен,
қолбасшылығымен ерекшеленген Александр Македонский əлем-
дік мемлекет құрып, Шығыс пен Батысты тоғыстырғысы келді. Ол
əскерімен əлемді шарлады. Александрдың өмірі мен қызметі əр
елдің де қызығушылығын тудырды. Македония патшасы қайтыс
болғаннан кейін Клитарх пен Онесекрит жазған қолбасшының
шынайы тұлғасы бірте-бірте аңызға орын бере бастады. Осыдан
келіп Александр туралы алғашқы романның нұсқалары пайда бола
бастады. Вифинияда, Кіші Азияда дүниеге келген жазушы Квинт
Эппий Флавий Аррианның Александр туралы жете баяндайтын
көне заманда туған шығармасы «Александр жорығы» деп аталған.
Шығарма жеті кітапқа бөлін ген шығарманың кіріспесінде автор:
«Егер кімде-кім не
ге Александр туралы жазған, ол туралы
көп жазылған десе, алдымен ол туралы жазылғандарды оқып,
менің жазғаныммен салыстырып, таң қалсын» деген. Мұның
өзі Александрға қатысты көп жəне қайшылықты жазылғанын
дəлелдейді. Одан əрі автор: «Менің ойымша Александрдың есімін
естімеген бірде-бір халық, қала, адам болмаған. Сондықтан да
менің ойымша, ол ешкім тең келмейтін құдай қалауымен дүниеге
кел
ген адам. Бұған Александрдың өліміне қатысты сəуегейлік
те, əр түрлі көріністер де, əр адам көрген түстер де қазірдің
28
өзін де адамдардың құрмет көрсетуі де куə. Менің өзім де бұл
жұмыста Александрдың қателіктеріне көріпкелдік танытып,
кеші
рімшілдікпен қарадым дегеніммен де, мен Александрды
құрметтейтінімнен ұялмаймын да». Мұның өзі көнеден Алек-
сандрға қатысты əр тарапты бағалауға ие болған еңбектердің мол
болғандығын дəлелдейді.
Зерттеуші Е. Э. Бертельс Сасанидтер билігінің соңына қарай
Александрды мінсіз билеуші етіп көрсетуге басымдық берілгенін,
ол туралы нақты деректердің болмауы авторларға қолбасшының
болмысын түрлендіре суреттеуіне негіз болғанын, бұл сол
кездегі əр ғылым саласынан алынған мəліметтерді тоғыстыра
жинақтайтын энциклопедия іспеттес «Александрия» ғылымының
орнығуына дəлел болғанын айтады.
«Ескендір мен Роксана» романы тарихқа аты əйгілі тұлғалар-
дың бейнесін көркемдікпен əрлей суреттейді. Əдетте, тарихи
роман желісі қоғамдық-саяси ахуалдың барысын қуалап, ірі
оқиғалардың тізбегін кең түрде беруден тұрса, бұл шығармада
жекелеген кейіпкерлердің ой, парасаты, тағылымды көзқарастары
аңғарылып жатады. Əдетте, билік иелері біршама тұрақталған
қасиеттерге телінсе, мұндағы патша мен баһадүрлер əрбір
əрекеттеріне баға беріп, сын айтып, қорытынды шығарып оты-
рады. Содан да болар Александр «таспен ұрғанды аспен ұрған
тұңғыш патша», «тəңір жалғыз, патша да жалғыз, оның бал
жұт қан күнінен у жұтқан күні көп», «патша - осы елдің бас
абызы» деген бұрын онша үйлесе қолдана қоймаған пікірлер
роман сюжетімен танысқан оқырманды сендіре аларлықтай.
Оның себебі, ұланғайыр жорық жасап, елді бағындырып келген
Александрдың өзі кейде осы тірлігіне қанағаттана қоймай, іштей
ойға беріледі. Патшаның мазасын алған Роксана болады. Ол «бес
найза бейнелі көк байрағының астындағы тоғыз жүз алпыс мың
түтінге билігі жүріп тұрған Байтақ патшаның өктемдігі жүре
қоймайтын қызы». Роксанаға көңілі қатты құлаған Александр
ойға беріледі:
«Мен өзімді Роксанаға сыйласам қалай болады?».
Жоғарыда аталған Аррианның «Александр жорығы» шы-
ғармасында мынадай үзінді бар:
«... Тұтқынға көптеген əйелдер
мен балалар түсті. Солардың ішінде Оксиарттың əйелі мен
балалары болды. Оксиарттың бой жеткен Роксана есімді қызы
29
болған. Александрдың əскері Дарийдің əйелінен кейінгі Азиядағы
əдемі əйелді көріп тұрғаны осы деп айтады. Александр оны көріп
ғашық болып қалады. Ол оны тұтқын етіп қорлағысы келмей,
əйелі етіп алады. Оксиарт балаларының тұтқынға алынғанын,
Александрдың Роксананы ұнатқанын естіп, көңілі көтеріліп,
Александрға келеді. Оны сыйымен кездесуге лайық қарсы алады».
«Ескендір мен Роксана» романында тарихи есімдер, тарихи
оқиғалар, аңыз бен шындықтың қабат өрілуі көркем берілген.
Əдеби портрет тікелей адамға бағыттала отырып, сөз арқылы
автордың идеясын, ұстанымын ашады. Көркем шығармада
портрет кейіпкер бейнесін жете тануға бастайды, сондықтан
ол біржақты тəсіл болудан аулақтап, кейіпкерді əлеуметтік-
өмірбаяндық жəне психологиялық жағынан толықтырады.
Қазіргі мəдени ахуалда гуманизм идеяларының терең күйреуі,
адами болмыстың күрделі дағдарысқа ұшырауы байқалды.
Қазіргі таңда тек жекелеген дəстүр, танымдар ғана емес, тұтас
қоғамдық дəстүрлі қабылдаулар, гуманистік дəстүрлер өзгеріске
ұшырауда. Батыс мəдениетінің интеллектуалдық тарихы өткен
дəуірлерден бастап, бұрынғы идеялардың, құрылымдардың
өзгеріп, қарама-қайшылықты ішкі, сыртқы байланыстардың
тереңдегенін көрсетуде. Сөйтіп, тұтас менталды стихия бай-
қа
лып, санасыз, аралас, дүбара түйсік орнықты. Осының өзі
философияның пəндік өрісін өзгертті. Бұрын классикалық
философия мəдени дəстүрлердің сабақтастығына бағытталса,
қазіргі интеллектуализм мəдениет пен адамның эмпирикалық
негізіне бой ұрды. Қазіргі қызығушылық өзара үйлесу субъек-
тісінің жоғалуына ерекше көңіл бөлінуде. Адамның “мені” неде?
Ол өзінің сыртқы проблемалары мен өз жанының ахуалын қалай
көрсетеді? Осы сауалдарға бүгінгі заманның философиясы жауап
іздейді. Əрине, бағалы затын жоғалтқан адам өткеніне, бұрын
басып өткен жолына қайта оралады. Роксана - көркіне парасаты
сай бейне. Падиша айналасына шуақ шашатындай жылылық,
əдемілік орнатқысы келеді. Роксананың ойы терең, парасаты
кемел. Жазушы шығарма соңын былайша түйіндейді:
«Роксана
адасқақ ойлардан шыға алмай, қиылып алдына келген көп
сауалға жауап іздеді. Енді патша болды. Қайсысы жеңер екен?
Үстемдік əзəзілі ме, өнер киесі ме? Роксана терең күрсініп алды.
30
«Таразысы тең түсіп, бір басында ынсап, екінші басында ақыл
тұрса екен!». Қаламгер əйел затына тəн терең мейірім мен биік
парасатты ұлттық таным тұрғысынан тағы бір қорыта кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |