Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

Арғы бетті жалмаған
Түркіеместің ханы бар.
Сүңгі найза біз болсақ,
Қырлы найза ол болар,
Екі бүркіт шайқасса,
Қара халық – қарға-дүр,
Қар үстінде жорғалар.
Ақын қолданысындағы ауыстырулар сол замандағы халықтың 
ұғымына жақын, айтылар ойдың мəнін, астарын ұқтырарлықтай 
бейнелеулер. Ғайшаны өз заманының өресі биік ақыны, ерекше 
санаға ие жан ретінде танытқан ақын оның əрбір сөзіне, іс-əре-
кетіне сай ерекше поэтикалық тіркестерді қолданады:
Солай деп орынынан тұрады қыз,
Шудағы нар қамыстың шұбары қыз..
.
Қаған мен Ғайша қыз кешкен психологиялық ахуалдарды да 
ақын қапы жібермейді. Айтысқан жігіттің көздерінен бір гəпті 
аңдап қалған қырағы қыздың сезімталдығын, қыз бойындағы 
ерекше талантты, бөлекше болмысты таныған Қағанның ішкі 
халін ақын төмендегі жолдармен береді:
Бір гəпті қырағы қыз аңдап қалды,
Сол гəпте зіл-батпандай салмақ бар-ды.


78
Толқын-жұрт сазан-қызды алып кетті,
Қаба алмай, «қап, əттең» деп қармақ қалды.
Айтылар, баяндалар ойды бейнелеумен аңғартатын ақын 
осы шумақта біраз жайтты жеткізе алған. Ең əуелі қыздың 
қырағылығы мен сезімталдығы, қаумалаған көпшіліктің қызға 
деген қошеметі, сонан соң Қаған жүрегінде бас көтерген тылсым 
сезім халі осындай тың көркемдік тəсілдермен беріледі. «Толқын-
жұрт», «сазан-қыз» бейнелеулері оқиға ауқымына орайлас көр-
кемдеу тəсілі болса, қаба алмай, қапыда қалған қармақ – Қағанның 
сезім-ықыласы. Ақынның көркемдеу тəсілінің өзі бір-бірін аша 
түсетін, бір-біріне желі болып тартылатын, мағынасы тығыз үй-
ле сімдікті сақтайтын сөздерден түзілген. Толқын, сазан, қармақ 
– бір-біріне қатысты детальдар болса, осы детальдар тұтасып, 
белгілі бір оқиға мезетін бейнелеген. Шумақтар арасында 
кездесетін тұтастай жолды қайталау поэманың саздылығын, 
ырғақ үйлесімділігін əрлендіре түседі. Қаған сезімін аңғартатын 
«Қаба алмай «қап, əттең» деп қармақ қалды» деген жолды ақын 
екі мəрте еспе қайталау түрінде қолданады. Айтысты тамашалап 
отырған тыңдармандардың қалпы да бір-бір жолға сыйдырылған:
«Бибілеп» аңқау кемпір аруақтанды,
«Бала ойын, бақсы зікір неме керек», - 
Соны айтып сақ сауысқан шал баптанды.
Кемпірдің аруақтануы, шалдың сақтықты ескертуі, бəйгені 
талапайға салған көпшіліктің харекетін жырлай келе ақын:
Сөздің де мойтабы бар, өткірі бар,
Оқушым, мұнда мағына көп-ті ұғынар.
Өлеңді мəн деп емес, сəн деп білу
Болған ба ол кезде де деп күліп ал, - 
деп, тағы бір ойды аңғартып өтеді. Өлең мен ақынға деген 
көзқарас, өлеңнің мəні мен мағынасына деген құрмет басқаша 
болу керектігі, алайда, мақтаншыл, айғайшыл түркілердің оны 
ұғына қоймаған дарақылығы ақын тарапынан сыналып өтеді. 
«Дəл өзіміздей» түркі халқының тағы бір қалпы Ғайшаның Алмас 
атты інісінің дорба толы алтынды бұлғақтатып, майханаға қарай 
тартып бара жатқандығы, сол майханадан «жерде – түркі, көкте – 
күн» деп əн салған мас дауыстардың шығуымен суреттеледі. Бұл 
шағын, сəттік суреттер – түркі Қағанатындағы халықтың тұрмыс 
қалпынан хабар береді. Ғайшамен айтысқа жігіт болып шыққан 


79
Қаған бейнесі əрі қарай тереңдей ашылады. Ғайша-қызға деген 
алмағайып сезімді басынан кешірген Қағанның психологиялық 
ахуалы оның ауру ханшасымен қатысты беріледі. Тағы да 
түркі халқы өртеген ордалы жылан ауызға алынады. Ханыша 
өзі сезінген жайды түсіне кірген жыланмен байланыстырады. 
Қағанның ханышасының бөлмесіне шапаны мен мəсісін шешпей 
кіруінің өзінен сезімтал əйел біраз жайды аңғарған. Ханшасына 
дау айтқанмен, Қаған ойға қалады. Қағанның ойын білдіретін 
ішкі монологқа құрылған шумақтар арқылы ақын үлкен 
заманауи мəселелерді, сондай-ақ кейіпкердің жан дүниесіндегі 
қайшылықтар мен толқуларды бейнелеген. Əуелі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет