84
...Тегін ұмытар болса адам
Несі артық оның жəндіктен, -
деген жолдар арқылы ақын түп тамырдан қол үзбеуді
насихат
етеді. Алтыншы белгі:
Түркіде тағы салт бар-ды
Ұстанар түгел дос-туыс.
Ес білген кезде баптар-ды
Екі əбзел, екі ат, қос қылыш.
«Анда үшін!» дейтін біреуін,
Тигізбей тегі басқаға.
Айтатын сосын тілеуін:
«Андамды жауға тастама!»
Андасының қамын өзінен артық ойлар азаматтық – түркі
жұртына тəн хас белгілердің бірі болып бағаланады. Түркіге лайық
көшелі
белгілерді санамалап, түсіндірген Күлтегін – елдікті,
ұлттық болмысты сақтау жолындағы үлгі боларлық тұлға. Рухқа
тағзым еткен түркілер үшін ол – архетиптік бейне дəрежесіне
көтерілген. Күлтегінді поэма оқиғасына араластыра отырып, ақын
оның осы сипатын басты назарда ұстайды. Халқының майханаға
жиналып, масаң күй кешкен қалпына налыған кездегі Қағанның
медет тілеп, жүгінері де осы Күлтегін болады. Түркінің алты
белгісін санамалап берген даңқты батыр
жетінші белгіге келгенде
жұмбақтауға салады:
Адам боп туып-өстің бе?
Осы бір шыңға жет, ерім.
Жетінші белгі...ешкім де
Айтпайды оның не екенін.
Осы жетінші белгіні табам деп, талайлар тарлауыт асқан екен.
Бір кезде жетімек болып күн кешкен Тəңірі де осы жетінші белгіні
аласұрып іздеген. Сол белгіні дөп тауып, тəңірі
болып көкке ұшып
кеткен екен. Яғни, жетінші белгіні тапқан адам бірден Тəңіріге
айналмақ. Бірақ, адам ол жетінші белгіні таппақ түгіл əлі өзін
танып болған жоқ. Күлтегінмен тілдескен Қаған:
Көз емес, көзім көр болды,
Көкірегіме шер қонды.
Іздемей келдім неге мен
Көмулі жатқан көмбемді?!
Жеті белгіні түгелдей
Сақтаңдар деймін елге енді, -
85
деген тоқтамға келеді. Күлтегін оны түгел сақтау мүмкін емес,
өйткені ол түркі мен бұл түркі бір емес,
олардың заманы басқа,
өткенге қызықпа, келер күнге құлақ сал дегенді айтады. Жетпейтін
бір нəрсе бар. Ол не? Күлтегін
Уай, не дейін саған, балам?
Оны мен де таба алмағам
Оны мен де таба алмағам, -
десе, осы ой Ғайша мен Мұхаммед
Пайғамбар жауаптасуында да
қайталанады. Адасып жүрген адамзатқа жұмбақ бір тұжырым бар.
Ғайша қыз өзіне жүзінші етіп белгілеген бұл тұжырым ешкімге
де мəлім емес. Адам – Құдай ұстанымын шырақ еткен Ғайшаға
Мұхаммед Пайғамбар:
Соқтыңыз-ау тұсымнан кеп
Достарыңызбен бөлісу: