Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

Мəлике-Маран дейді жылан пірі,
Мен дағы жылан болып шығам түбі.
Жылжыдым бауырым төсеп от үстімен,
Жұрт етем деумен өңшең бұралқыны – 
деп, халық қамын жеген билеуші ретіндегі мақсатын толғаса, 
келесі шумақта ханшамен арадағы байланыс айтылады:
Аллам-ай, сүймеймін ғой, сүймеймін ғой,
Бұл байғұс соны бүгін білгені ме?
Түркі халқының жақсы атағы шықсын деп қам жеген Қаған:
Ел болам, емен-жарқын еркін күлген,
Сол болды өзіме айтқан сертім бірден.
Түркі үшін тұншықтырдым қанша ойымды,
Қаншама сезімімді өлтірдім мен, - 
деп толғана келе, есіне Ғайша қызды алады. Өзін сынаған 
Ғайшаның сөздері есіне оралғанда, билеушіге тəн өктемдікпен 
іштей кек тұтады. Дегенмен жан дүниесіндегі екінші бір сезім 
еріксіз аян болады:
Көзінен өткізсем бе керегенің,
Тұрса ғой дар алдына көрер едім.
Бұл пəле бірде алыстап, бірде таяп,
Кетпейді көз алдымнан неге менің.
Қағанның өз-өзімен сөйлескен халін аңдаған ханыша Қаған-
ның өзі түсінбей дал болған ойын бекіте түседі:
Ұмытып қалыпсың ғой сүюді де,
Ғашықсың, ғашықсың сен, пірім,
- деді.
Ақын осындай психологиялық мезеттерді іліп алып, кейіпкер 
бейнесін таныта түседі. Əйелінің дəл айтқан дəлеліне қарсылық 


80
білдірмек болған Қағанның көз алдында ханыша жыланға айналып 
сала береді. Бұл – дүниедегі соңғы үміті үзілген, ең ақырында 
Қағанның өзіне деген ешқандай сүйіспеншілік сезімі қалмағанын 
түсінген сəттегі баз кешу қалпының суреттелгені. Фəниден бақиға 
өткен адам баласының рухы екінші бір тіршілік иесіне, яғни 
мақұлыққа, жəндікке ауысатыны туралы мифтік сенімді ақын 
көркемдік мақсатта қолданады. Мифтік құбылушылық желісінің 
қазіргі поэзиядағы көркемдік тұрғыда қолданылуының бірден бір 
мысалы ретінде осы тұсты атауға болады. 
Поэманың «Майхана» деп аталатын тарауында дарақы ду ман-
ның қалпы суреттеледі. Майханаға қарай ағылған жұртқа ілескен 
Қаған ондағы аласапыран думанды, айқай-шуды көреді. 
Айғырды ақталаса – азбан болар,
Жігітті құмар алса – азған болар.
Азбан да, азған да бар осы топта,
Бұл топта өзіне көр қазған да бар.
...Бұлаңы лаң сынды түлкі қыздың,
Осы ма келешегі жұртымыздың.
«Көкте – күн, жерде – түркі»... қайдам...қайдам,
Сықпыты мынау болса түркіміздің.
Майханадағы дырдуды көрген Қағанның осындағы дарақы топтан 
таяқ жегені, олардың мұны түркіеместің тыңшысы деп, тепкінің 
астына алғаны, даурыққан жандардың ойсыз іс-əрекеті Қағаның һəм 
оқырманның жанын ауыртады. Қағанның тұлғасын таныта түсетін 
тағы бір оқиға – оның Күлтегінмен жауаптасуы. Поэмада автор айтпақ 
болған негізгі идея Қаған мен Күлтегіннің, Ғайша қыз бен Мұхаммед 
Пайғамбардың тілдесетін тұстарынан айқын көрінеді. Автордың бұл 
тəсілі поэманың мазмұнын терең дете түскен. 
Қағанның Қағанат қамын ойлап, жаны күйзелгені оның 
Күлтегіннен медет сұрауынан көрінеді:
Қағанаттан мият кетті,
Қара орманнан ұят кетті,
Қағаныңнан қайрат кетті,
Ақ ордадан айбат кетті,
Уа, Күлтегін баба,
Медет бер!
Қаған аузынан айтылатын кешегі күндей күркіреген түркі 
Қағанатының бүгінгі халі тарихтағы Қағанаттың əлсіреген кезеңі-


81
нен хабар бергендей. «Қырық шаһарды қаратып, жиырма төрт 
елді түгел алған» Қағанның қасіреті не? Неге Қаған:
Мен үйірлеп жинадым,
Түркі қара бақ болды,
Басқа жаманат қонды, - 
деп, немесе:
Мен іргені кеңейттім,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет