“Өзіме таныс темір қақпақ пен шойын құлып шарық-
шұ рық ете түсті. Қап-қараңғы, терең ұрада жатқан мен
157
елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де əлдебір шойын
темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды
түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын іске
кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай,
үмітпен елеңдеп, кейде жылы самал тигендей бір сезімге келетін.
“Босатып жіберер ме екен” дегендей жақсылық күтетін. Менде
мұндай үміт сезімі мүлде жоқ еді. Өйткені, жатқан ұрам -
Хұңуибеңнің зындан деп аталған “абақтысы”. Ал өзім ғой, тісті
қақпандай тырп еткізбес талай алыпсоқ жаламен қамалған ең
қатерлі əрі “тергеуі” бітпеген, біткенді қойып “қылмысы” үсті-
үстіне жамалып жатқан “қылмыстымын” (7-б). Романның
басындағы осы бір аңдатуды оқығанда қылмысын мойындап,
өзін қаралап отырған адамның болмысына таңқаласыз. Тек əрі
қарай оқу үстінде ғана сіз кейіпкер баяндауындағы астарлы ойды,
кереғар мағынаны ұғасыз. Бір адам жеке-дара тұтас қоғамға қауіп
тудырмайды. Кез келген қылмыстының тергеуден соң айыбы
мойнына қойылып, жазасы кесілмейтін бе еді? Ал, мұндағы үсті-
үстіне жамала беретін неткен қылмыс? Сөйтсе, бұл кəдімгі заң
жүзінде дəлелдеп, кесіп-піше салатын қылмыстан да терең екен.
Романның алғашқы екі кітабы түрмеде жазылған. Бұл дүние-
жүзі тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс. Жазушының
теңдесі жоқ ерлігі. Роман жанры жағынан мемуарға жатады.
Алайда шығарма жеке адамның өмірімен шектелмейді. Шыңжаң
қазағының жартығасырлық тарихын қамтиды. Бүгінгі ұрпақ
ұлттық езгінің не екенін, отаршылдық зорлықтың небір түрін осы
романнан білетін болады” делінген романның түсіндірмесінде.
Романды оқу барысында кейіпкердің “қылмыс” деген ұғымның
аясындағы баяндап отырған дүниелері қалыпты мағынадан
мүлдем аулақ екенін ұғасыз. Сөйтсе, адамның пешенесіне жазы-
латын тағдырдың өзі, оның қандай болмағы, сенің бақ иə сорға
кездесетін өміріңнің өзі “қылмыс” екен. “Əділетті “тергеушім”,
ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп сенемін. Осы үлкен
шешемнің өзі құрсағынан шыққан балаларын зар қақсатып, лəм
демей рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін қарашы, не деген тас
бауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым болмаса, маңдайынан
ақтық рет бір сипамай, бір жібімей, тас болып қатып, панасыз, иен
158
құмға тастап кетуін қарашы!.. Неткен рақымсыз қылмыс!” (14-б).
Өзінің ауыр жағдайын түрмеге теңеген автор:
“Құрметті
“тергеушім”, мен кішкентай кезімнен-ақ түрмеде-кебежеде өскен
қылмыстымын. Зор қылмысты болмасам сол кезден-ақ қамалар
ма едім? Қазіргі қылмысымның түп тамыры менде əзелден-ақ
бар екен. Шешемнің емшек сүтімен бітіп, бұлшық еттерімнің
талшықтарына айналып кетіпті. Бұл қылмыс сол кездің өзінде-
ақ мені жақсы киімнен, жорға тайдан жұрдай етіп, əкемнің
жыртық тоны мен кебеже түрмесіне қуып тығыпты ғой!”
(50-б), деп əу бастан-ақ өмірдің ауыртпалығында, жоқшылықтың
тұтқынында өскенін айтады. Бұған тағы да мəтіннен дəлел
келтірейік:
“Үй дегеніміз қуыс үңгір болып қаңырап қалғандай
сезілді. Ойнауға зауқымыз болмай, бүрісіп-бүрісіп отырып қалдық.
Күн бата кəрі əжеміз үнсіз жылап, бəріміздің бетімізден сүйді.
Қош, əжетайым! Кешіре гөр! Өлер шағыңызда қасыңызда болу
қолымыздан келмеді. Бақыл бол, əже!” Бір отбасының тіршілігі
екіге жарылып, көзі тірісінде бақұлдасып, қоштасу да тағдырдың
бір сыны еді. “Дүниеге адам алғаш келгенде күле келеді, Қылмысты
да, қылмыссыз да күле келеді. Одан кейін ақырындап қорқу мен
қорқыту сатысына көтеріле бастайды” (42-б). Адам тағдыры
əрқалай өріледі. Кей де зауалға ұшыраған адамды сол ортаның өзі
жұбатады. Адам қалыпты, бостан тірлікті аңсай отырып, оның тым
алыста екенін сезеді. Сондықтан да өзі тап болған мехнаттан пана
табуға, соны қорғаныш етуге ұмтылады.
Екінші кітаптың бірінші бөлімінде (“Ала бүлік”): “Абай,
Шəкəрім шығармаларын былай қойғанда өзіміздің ақын аға-
ларымыздың өлеңдері де түрмеден ұрлана шығып, бізге шырқала
жырлай, жылай жетіп жатты. Үрімжі түрмесіне 1940 жылы келген
Таңжарық пен Əбдікерім ақынның өлеңдері осы кезде өзімізді
көп жылатты:
Дариға, тағдыр қысты, қиналды жан,
Өтпейді өңешімнен су менен нан.
Қайғымның қаншасына сен куə бол,
Төгіліп жүрегімнен қып-қызыл қан!
Дариға, мен қайғырдым кімдер үшін,
Оларға көрсетіп тұр кімдер күшін?!
Жаралап көкірегімді улы қанжар,
159
Қан құстым жүрегімді тілгені үшін!
Қайғырдым назаланған елім үшін,
Ақ бүркеп азаланған жерім үшін.
Ішінде қан майданның қаза таппай,
Жазықсыз жазаланған ерім үшін!
Қатарлас камераларда жататындар бірінің халін бірі дер кезінде
біліп тұрады екен. Бірін бірі демеп, бірінің жарасын бірі емдеп, қайрат-
қажырға, үміткерлік пен жігерге шақырысқан жауынгер жырлар көп
туындапты. Тергеу қинауынан күйреп шығып, сүйретіліп өтіп бара
жатқандарды есік саңылауларынан көріп тұрған осы ақындардың
қолма-қол айтып қалған, кереметтей шипалы өлеңдері сырттағы
бізге де дəл сондай əсерімен жетіп, ем айтады:
Қажыма, тұр орныңнан болат жүрек,
Дұшпандар салса қанжар, найза тіреп!
Жер жүзін тітіретіп басса зұлмат,
Найзағай атылса да күн күркіреп”
(56-57-б).
Трагедиялық жағдайдың салдары бір-бірімен ұласып отырады.
Адам мұндай шиеленісті жағдайда қалыпты ой арқауынан ажырап
та қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |