149
жонында құлан, жорға, таутеке, арқар жəне тағы басқа
аңдар толып жатыр. Соларды азық еттік. Ошақтыға үш күн
қалғанда Қалибек пен Хамзаның ауылына кездестік. Ауылдар
бір-біріне қосыла алмай, бет-бетімен көшіп кеткен қалай болса
да мал, жан аман. Шығын жоқ. Дұспанмен атысып отырып
құтылыпты”. Бұл “Елім-айлап өткен өмір” шығармасындағы
аттың жалы, түйенің қомында күй кешкен, адамдардың бірде
кəдімгі көшпелі тірлікті, бірде атыс-шабыс пен жауынгерлікті
қатар ұстай отырып, елдің басын
қосуды мақсат еткен аңсарлы
жандарды танытады.
Сондай қырқыншы жылдардың аласапыран кезеңінің шет-
қақпай тірлігін баяндаған Х. Оралтайдың “Елім-айлап өткен
өмір” ғұмырнамасы да шет елдегі бірқатар шынайылықтың бетін
ашады. Өз кезегінде іздеп жүріп оқитын еңбекке айналған бұл
естелік кітаптағы қоғам мен адам болмысы,
адамның жеріне,
тілі мен дініне аса құрметпен қараған терең сезімі, мейірімі кімді
болса да тебірентеді. Оған осы кітаптың кіріспесінде берілген
хаттардың үзінділері куə. Мəселен, “...
“Елім-айлап өткен өмір”
өз өмірімде оқыған қыруар кітаптар ішінде ең алда тұратын,
мен жəне мен секілді көптеген құрбыларыма ауыр да азат ой
жүктейтін, отбасы, ошақ қасынан ұзай алмай үйкүшік өмірге
көнген біздерге зор арман, үлкен уайым салатын оқулық” десе,
енді бір хатта “Елім-айлап өткен өмірді” қызығып, сүйініп,
оқиғаларын қуалап тұрып оқыдым. Өмірбаян, босқындық,
шеттегі шерменде тіршілік бірін-бірі тебірентеді. Шындықты
бұлтартпай жазғансыз. Сіздің туыңыз ұлтшылдық, тұтас
түркішілдік, Түркістан идеясы ғой” делінеді. Əдеби туын-
ды ның əрбір мəнді элементі оның тұтас көркем дүние болып
қалыптасуына ықпал етеді. Егер
шығарма мазмұнының бас-аяғы
жинақы болса, бұл үйлесімділікті бірден байқайсыз.
Шығарманың идеялық айқындылығы, кейіпкер бейнесінің
кеңдігі, дəуір келбеті бірігіп, шығарманың шынайы келбетін
жасайды. Кейіпкердің əу бастағы ерекшелігі,
айналасынан озған
даралығы оның болмысын ірілендіре түседі. Əдебиеттің міндеті
- адам болмысын, іс-əрекеті мен мінез-сипатын ашу. “Елім-
айлап өткен өмір” оқиғасының баяндалуында жер-су аттарын,
адамдардың аты-жөнін, жағдайын тəптіштей түсіндіру басым.
150
Əрі сюжетке арқау болған оқиғалар бөлек тақырыптармен
айқындалып отырған да, бұл сюжетке нақтылық, ықшамдылық
берген. Шығармадағы этнографиялық суреттеулердің мəні
ерекше. Мұның өзі шет жұрттың шетқақпай тірлігін бастан кешіп
жатқан адамның туған халқының төл дəстүріне деген аңсарын
аңдатса керек. Мəселен, мұнда көрініс беретін қыстауға көшу,
төрт түлік
малдың бағымы, намаз оқу, құрбандық шалу тағы басқа
салт-дəстүрлер туындының мазмұнын ажарласа, монолог, диалог,
суреттеу, көркемдеу құралдарының молдығы шығарма тілін
əрлей түскен. Мəселен, бала Хасан мен үш кісінің арасындағы
тілқату (диалог) былайша берілген:
-
Ауылың қайда?
-
Мына сайдың басында.
-
Кімнің баласысың?
-
Қалибектің баласымын.
-
Əкең қайда?
-
Манасқа кеткен.
-
Қашан кетті?
-
Он күндей болды.
-
Не қылып жатыр онда? Неге кетіп еді?
- Жиналысқа кеткен.
Бұл сөзім оларды елең еткізді.
- Əкең не істеуші еді?
- Осы Қорқыс пен Манас өзені арасындағы қазақтардың
Достарыңызбен бөлісу: