148
ды. Жауқазын қылтиып, бұта-бүргендердің басы да бөртіп
бүршіктеген болатын. Ауа райы ашық. Бұта-бүрген мен өзен
жағасындағы терек-қарағаштар басында жыл құстары
да көріне бастаған кезі. Бəбісек деп атайтын көкек құсты
тамашалай ешкінің артынан мен де жеттім”. Яғни, қоныс-
жер жағдайы мен оның табиғат суреті деректік мағлұматтармен
үндес берілген. Шығармадағы сандаған жер-су, елді
мекен
атауларына қосымша түсініктеме беріп отыру, шығарманың
деректілігін нақтылай түседі. Мəселен, “Қызыл өзеннің шығысы
қытайша Датаң деп аталады. Жергілікті халық оны Жүніс
қажының Саршоқысы немесе Жантас-Барқылардың жайлауы
деп атайды”. Жаратылыспен етене тіршілік еткен халық, өзін
қоршаған табиғатпен үндесіп, оның мінез-қасиеттерін бойына
сіңіретіні ақиқат. Осы дала перзенті табиғатпен бірге сандаған
қиыншылықтарды
бастан кешіп, табиғатпен бірге зардап шегеді.
Сол себептен қалыпты дала мінезі мен құбылысы халықтың
да мінез-құлқына əсер етеді. Ендеше, халық ежелден өз тіле-
гін ғана емес, өзін қоршаған жаратылыстың да амандығын
тілейді. Х. Оралтай шығармасында қоныс мəселесі оның халық
тұр
мыс-тірлігіне қолайлы болуына көп орын берілген. Əрбір
мекеннің табиғат көрінісі,
жер жағдайы, атау-дерегі соншалық
дəйектілікпен баяндалады. Бұл заңды да. Алдымен, бұл ғұмыр-
намалық шығарманың жанрлық ерекшелігінен туындаса, екін-
шіден, жайлы қоныс арманға айналған шалғайдағы үркердей
топтың жерге деген, туған елге деген құрметін көрсетеді.
Туындыда суреттелетін оқиғалар мен кейіпкерлердің бір-
шамасы қаламгер Д. Жаналтайдың “Қилы заман-қиын күндерде”
кездесетін үзінділерде нақтылана түседі. Еңбектің алғысөзінде:
“Жасым сексенге жақындап қалды. Басымнан қилы-қилы заман
өткізген кісімін.
Жақсыны да көрдік, жаманды да көрдік. Осының
бəрін жинақтай келгенде, əсіресе, ұлтымыз үшін тарихи маңызы
орасан талай айтулы оқиғалар көз алдыңнан тізбектеліп өте
береді екен”. Осындағы көш жайын суреттеген көріністер əдепкі
қазақтың сан-салтанаты келіскен көші емес, алмағайып кезеңнің
қилы күндерін беретін үркіншілік кез еді:
Достарыңызбен бөлісу: